Қалай меншік иесі бола аламыз? Құқық негіздері, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2BМеншік құқығы

Мектеп: Шымкент қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қалай меншік иесі бола аламыз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 9.3.2.1 Меншік түрлерін анықтау
  • 9.3.2.2 Меншік құқығына ие болудың және тоқтатылудың жолдарын, құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • Меншік түрімен танысады және оның маңыздылығын анықтайды;
  • Негізгі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады

 

 Бағалау критерийлері

 

  • Меншік ұғымын біледі
  • Меншік түрлерін жіктейді
  • Меншік құқығының түрлерін анықтайды және әр қайсысына бір мысал келтіреді

Тілдік мақсаттар

  • меншік құқығы
  • Меншікті иелену
  • Мешікті пайдалану
  • Меншікке билік ету
  • жеке меншік
  • мемлекеттік меншік

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыни тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру;

Құрметтеу: оқушылардың жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарау;

Өз көзқарастарын ашық білдіру;

Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру

 Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту (интербелсенді тақта).

Бастапқы білім

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Сәйкестендіру

тапсырмасы

6 минут

3 минут

Сабақтың ортасы

Анықтамамен жұмыс

5 минут

5 минут

Сабақтың соңы

Рефлексия

4 минут

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

І. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін сәйкестендіру.

Ауызша сырттай бағалау.

ІІ. Б "Болжау" стратегиясы.

-Бүгінгі сабақ қандай тақырып маңайында өрбиді?

-Қандай негізгі мәселелер көтеріледі деп ойлайсыздар?

Б Оқушыларды «меншік» ұғымымен таныстыру. Оқушыларға осы ұғымға қатысты сөздерді тізіп жазуға тапсырма беру.

Жаңа тақырыпқа, сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне тоқталып өту.

Б. Суреттермен жұмыс. Оқушылар меншік нысандарын ажырата білу қажет (қосымша1).

Мысалы:

І-топ: Жеке меншікке қатысты (үй, саяжай, машина т.б. );

ІІ-топ: Мемлекеттік меншікке қатысты (су, өсімдік, жануарлар, табиғи қорлар т.б.).

Дескриптор:

  • Жеке меншікке қатысты меншікті біледі;
  • Мемлекеттік меншікке жататын нысандарды ажырата алады.

Ж Сіздің отбасыңыз қандай меншік иеленетіндігі туралы ойланыңыз. Мысалы, үй, көлік, киім-кешек сияқты заттарды қоса алғанда 10 затты тізіп жазу.

Келесі сұрақтарға жауап береді:

  • Сіз осы заттардың иесі екендігіңізді қалай дәлелдейсіз?
  • Біз осы меншікті иеленуге заңды құқықты қалай аламыз (иелену, пайдалану, билік ету).

Т ҚРК 6- бабын пайдалана отырып, меншік құқығына баға беру.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (6- бап)

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Дескриптор:

  • ҚР конституциясымен танысады;
  • ҚР конституциясымен меншік қорғалатының түсінеді

Т әр оқушы меншікке байланысты жағдаяттармен жұмыс (қосымша).

Критерийлері:

  • Топтар азаматтардың меншікті иелену немесе меншік құқығын тоқтату барысында жіберілген қателіктерін анықтайды.
  • Мәселенің шешу жолдарын ұсынады.

Өзін - өзі бағалау жүзеге асырылады.

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»

  • «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
  • «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
  • «Қызықты» - деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білді, соны жазады.

Үйге тапсырма:«Адамдардың меншікке деген өз құқықтарын дәлелдей алуы неге соншалықты маңызды?» тақырыбына 100 сөзден кем емес хабарлама жазу.

Эссенің құрылымы:

    • Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі.
    • Негізгі бөлім. Тақырып бойынша қысқаша шолу. Аргумент. Дәлел. Факт. Контраргумент. Дәлел. Факт.

Қорытынды. Тұжырым. Оқушы қандай шешімге келді.

Адам.Қоғам.Құқық. Алматы "Мектеп" 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқылатын тақырыптарға алдын ала материалдар дайындап, қолдау көрсету мақсатында дифференциациялық тапсырмалар жүзеге асады. Сабақта барлық оқушылар толық қамтылады

Оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырамын және өзара бағалау жүзеге асады.

Сынып бөлмесінің жарық болуын , оқушылардың Орындықта дұрыс отыруын қадағалаймын. Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтаймын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу