Б. Мұқай «Өмірзая» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Мұқай Баққожа

(1948- 2008)

Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған.

1971 жылы Әл- Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультетін бітірген.

1965- 1966 жылдары Кеген, Нарынқол аудандық газеттерінде еңбек жолын бастаған. 1970- 1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында балалар мен жасөспірімдер әдебиеті бойынша кеңесші болып қызмет істеген.

1990- 1995 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде репертуарлық - редакциялық коллегияда бас редактор, Бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі болды. Кейінгі жылдары «Парасат» журналының бас редакторы болып істеген.

Баққожа Мұқай «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдар мен «Жаңбыр жауып тұр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Алғашқы махаббат», «Жеті желі» атты кітаптардың авторы.

Баққожа Мұқайдың шоқтығы биік шығармасы «Өмірзая» романы. Романда ашаршылық кезеңдегі «советтік шындық», яғни өмірдің зілбатпан ауыр салмағы шынайы қалыпта көрсетіледі. Роман 80- ші жылдардағы қазақ идеясы турасында. Сондықтан да ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы- тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының елеулі бір туындысы ретінде, 2000 жылы «Өмірзая» романына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан.

Жазушының «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан гүлі», «Ерулік», «Тоят түні», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі елуден астам театрларда қойылып, көрермендердің бағасын алған дүниелер.

1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін жазушыға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1995 жылы Қырғызстанның әдебиет жөніндегі сыйлығымен марапатталды.

Баққожа Мұқай М.Колесникова мен М.Колесниковтың деректі материалдар негізінде жазылған «Рихард Зорге» атты кітабын, бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.Шығармалары:Мұқай Б. Таңдамалы шығармалары: 5 томдық. - Алматы: Ана тілі, 006.

Мұқай Б. Жаңбыр жауып тұр.- Алматы: Жалын, 1976.

Мұқай Б. Қош бол, менің ертегім: Екі бөлімді драма. – Алматы: Жазушы, 1976.

Мұқай Б. Өмір арнасы: Повесть.- Алматы: Жалын, 1978.

Мұқай Б. Аққу сазы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1980.

Мұқай Б. Жалғыз жаяу: Роман.- Алматы: Жалын, 1983.

Мұқай Б. Мазасыз маусым: Повестер.- Алматы: Жалын, 1986.

Мұқай Б. Тоят түні: Пьесалар.- Алматы: Өнер, 1994.

Мұқай Б. Жеті желі: Хикаялар.- Алматы: жазушы, 1996.

Мұқай Б. Алғашқы махаббат: Хикая мен әңгімелер.- Алматы: Рауан, 1998.

Мұқай Б. Дүние к езек: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1992.

Мұқай Б. Өмірзая: Роман.- Алматы: Жалын, 1998.

Мұқай Б. Ертегідей ертеңім.- Алматы: Ана тілі, 2003.Өмірі мен шығармашылығы туралы:Жұмабек С. Төрт ауыз сөз: Баққожа Мұқайдың «Мазасыз маусым» жинағы жайлы //Жұмабек С. Сын әуені.- Астана, 2001.

Мұқаев баққожа //Советтік қазақстан жазушылары: Биобиблиогра-

фиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Мұқай Баққожа //Қазақ әдебиеті: Энциклопедия.- Алматы, 1999.

***

Адам жанының білгірі: (Жазушы Баққожа Мұқай) // Жетісу.- 2010.- 16 қаңтар.

Дәдебаев Ж. Талант табиғаты: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Егемен Қазақстан.- 2008.- 30 қараша.

Елубай С. Нар қазақ пен құл қазақтың күресі: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Баққожа Мұқайға 60 жыл //Жас Алаш.- 2008.—31 қаңтар.

Мәжитұлы Б. Өмірі заяларға араша түскен қаламгер: (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Баққожа Мұқай) //Жас Алаш.- 2008.- 15 сәуір.

Сәрсек Ж. Сарашы: Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, марқұм Баққожа Мұқай // Жас қазақ.- 2008.- 8 ақпан.

Сейдінұлы А. Аға: (Жазушы Баққожа Мұқай) //Алматы ақшамы.- 2008.- 6 қараша.

Сейсенбаева Ж. Өзіндік қолтаңбасы бар болатын: (Жазушы Б.Мұқай туралы) //Ана тілі.- 2011.- 14 шілде.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу