М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Сабақ тақырыбы: М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Сабақ мақсаттары: Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін талдап, жанрлық ерекшеліктерін талқылау, автордың шығармашылық тәсілдемесіне баға беру

1-тапсырма. С

Композициялық картаны толтыр

Поэманың бөлімдері

Композициялық құрылым

Осы бөлімнің поэмадағы маңызы қандай?

(өз ойың)

Экспозиция

Даму

Шиеленіс

Шарықтау шегі

Шешімі

Оқушыға нұсқаулық:

  • Поэманың құрылымдық бөліктерін кестеге орналастыр,
  • Маңызын анықта,
  • Поэманы композициялық бөліктерге бөлуде кездескен қиындықтарды ата,
  • Мұғаліммен, сыныппен талқылау, себебін түсіндір.

Дескрипторлар:

  • Поэманы құрылымдық кезеңдерге бөледі;
  • Шығарма композициясындағы бөлімдердің орнын, маңызын талдайды

Автормен бетпе-бет

Автордың .baq.kz сайтында жарық көрген сұқбатын оқушылар назарына ұсыну.

Соңғы уақыттары әдебиет саласында жазылған сүбелі еңбектердің бірі - Маралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы. Біз автордан туындының жазылу тарихы мен көтерген жүгі, арқалаған аманаты туралы айтып беруді өтінген едік. Бұл шығарма кенеттен дүниеге келген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағалы бері қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзінен-өзі бола салмайды. Оның ар жағында елдің моншақтап төгілген тері, ердің өлшеусіз жан алысып, жан беріскен ұйқысыз түндері жатыр. Біз тәуелсіздігімізді алғанымызбенен әлі қылыштың жүзінде ғұмыр кешіп келеміз. Сәл абайсыз адымымыз бізді кез келген сәтте майып қылуы мүмкін. Осындай жағдайда жүріп, Елбасы қаншама ауқымды тірліктер атқарды. Жиырма жыл бұрын қандай едік, бүгін қандаймыз! Бәрін ой елегінен өткізген жөн. Елбасының ел мүддесі үшін атқара алмай жатқан ісі болса оған ел болып, жұрт болып қолдау білдіруге, ал ел мәртебесіне жұмсаған қажыр-қайраты мен ғаламат табыстары үшін ол кісіні ардақтауға тиістіміз. Бұл берісі адамдық, әрісі елдігімізге сын. Осынау жиырма жылда атқарылған адам сенбес ғажайыптарды санамалап айтпай-ақ қояйын. Оны елдің бәрі көріп отыр. Сол сияқты, осыншама қыруар еңбекті неге насихаттамасқа?! Неге Елбасы өзі бас болып атқарысқан ел жетістігін жыр жолдарымен түйіндемеске?! Елбасымен болған бір басқосуда ол кісі: «Еңбегінің бағаланғанын кім жек көреді, мен де өздерің сияқты адаммын» дегені бар. Шығарма бес күнде жазылып бітті. Негізі, бұл - хроникалық дастан деуге келетін поэма. Шартты түрде Елбасыға байланысты 20 тақырыпты таңдап алып, осы бағытта қазақ елі жеткен биіктерді тілге тиек еттім.

Мұғалімнің түсініктемесіМаралтай Райымбекұлының «Көшбасшы» поэмасы 20 біріне-бірі қатысссыз бөлімдерден құралғандай көрінетін, сонысымен композициялық құрылымы ерекше шығарма. Әрбір бөлім Елбасының даналық ой түюін эпиграф ретінде алып, сол ойды дамытуы сияқты тәсілдемемен жалғасады. Жанрлық ерекшелігі де тәуелсіз жазылған 20 бөлімде. Бірақ бірін-бірі уақыт пен кеңістік шеңберінде толықтыратын поэма бүтін дүние болып шығу үшін осы 20 бөлімнің әрқайсысы үлкен маңызға ие. Автордың шеберлігі сол – елбасы сөздерінен ой түйіп барып, тәуелсіздік алған жылдардағы еліміздің тарихи шежіресің көркем шежіреге айналдырып, оқырманның көз алдына елестетеді.

2-тапсырма. Ж

Келешек Қазақстанның тарихи келбетін елестете отырып, «Орта Азия барысы – қуатты Қазақстан» тақырыбында 220-250 сөз көлемінде сипаттау мәтінін жаз.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескрипторлар:

  • Уақыт пен кеңістікте болашақты болжайды;
  • Көркемдік тіл оралымдарын қисынды қолданады;
  • Өзіндік шығармашылық тәсілдемені ұстанады;
  • Сауаттылығы жоғары деңгейде.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу