М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ.


Сабақ тақырыбы: М.Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы

Сабақ мақсаттары: Әдеби шығарманың композициялық ерекшелігін анықтап, жанрлық ерекшеліктерін уақыт пен кеңістік тоғысында талдау

1-тапсырма. ТЖ

Жұмыс қадамдары:

  • Өз тобыңа берілген поэма бөлімін оқып шық,
  • Берілген кесте бойынша өлеңді талда,
  • Өз тобыңа бөлінген поэма бөлігінің шығарма композициясындағы орны қандай екенін талқылау арқылы анықта.

Дескрипторлар:

  • Сызба үлгісінде өлеңді талдайды;
  • Шығарма композициясындағы бөлімдердің орнын, маңызын талдайды.

Теориялық түсінікті оқып шық

Уақыт пен кеңістік ұғымы әдебиет пен өнерге қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік.

 Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт пен кеңістік – табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Перцептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы. Уақыт пен кеңістіктің біздің санамызда бейнеленген қандай үлгісі болса да, олардың өзгешеліктері, өлшем-пішіндері реалды уақыт пен кеңістікке қарап анықталады, барлығы да содан туындайды. Уақыт пен кеңістік жазушының дүниетанымын, дүниені қабылдауын, жазушы стилін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, сол арқылы әлемнің жеке-авторлық суретін құру ерекшелігін, көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын айқындайды,  шығарманың  композициялық тірегі болып, көркем образдардың ашылуының ішкі ұйымдастырушысы болады. Уақыт пен кеңістікті зерттеу көркем шығарманың тініне бойлап, оның құрылу спецификасын, жазушының дүние туралы концепциясын  айқындауға мүмкіндік береді. Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін.

2-тапсырма. Ж

«Көшбасшы» поэмасы – Тәуелсіз Қазақстанның көркем шежіресі» тақырыбында 180-200 сөзден тұратын әдеби эссе жаз.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Дескрипторлар:

  • Поэманың жанрлық, композициялық ерекшелігін талдап жазады;
  • Поэманың тіл көркемдігіне баға береді;
  • Поэмадағы елбасы бейнесінің танылу ерекшелігін талдайды
  • Сауаттылығы жоғары деңгейде.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу