М.Әуезов «Абай жолы» романындағы автор бейнесінің көрінісі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 11-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» романындағы автор бейнесінің көрінісі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау.

Сабақтың мақсаттары

Автор бейнесінің идеямен байланысын анықтайды

Бағалау критерийлері

Автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындайды.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, білімдерін толықтырады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

15

Ұйымдастыру: 

Негізгі кейіпкерлерге қатысты ұсынылған цитаталар арқылы топқа бөлінеді

ОМ, БК таныстырылады.

Сыныпқа жалпы сұрақ:

  • Жалпы жазушылардың көркем шығарма жазудағы түпкі, жеке ішкі мақсаты не? Әсіресе өте көлемді шығарма жазудағы...
  • Оқушы жауаптарына қарай: мысалы Абай жолын жазуда автор Абайды насихаттауды көздеді ме, әлде Абай бейнесі арқылы басқа идеяны жеткізгісі келді ме?
  • Неге жалпы романды көркем шығарма дейміз?

Оқушы жауаптарының негізінде мұғалімнің кері байланысы беріледі

1-тапсырма (топтық)

Тапсырма алды дайындық:

Идея, пафос, эпизод, композициялық амал терминдерін қайталау айқындау (мұғалімнің түсініктемесі)

1-топ

«Абай жолы» роман-эпопеясының Қайтқанда бөлімі 6-тарауы негізінде төмендегі алгорим бойынша талдау жасаңыз. Талдауыңызды ой картасы форматында таныстырыңыз:

  • Тарауға тақырып қойыңыз, не себепті солай атағаныңызды түсіндіріңіз
  • Тараудың негізгі идеясы қандай, идеяны қандай эпизодтармен бекітесіз? (мұғалімнің көмегімен эпизодтарды анықтаулары тиіс)
  • Абайдың қалай өзгергенін, ерекше қырын сипаттаңыз, өзгерісіне не себеп?
  • Автордың Абай бейнесі арқылы, өзгерісі арқылы айтпақ болған негізгі ойын анықтаңыз
  • Жалпы осы тарауда қозғалған мәселеге деген автордың жеке көзқарасы, пафосы қалай бейнеленген, не түсінуге болады? (мысалы автордың әдебиетке деген көзқарасы, ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы т.б.)

2-топ

«Абай жолы» роман-эпопеясының Шытырманда бөлімі 2-тарауы бойынша төмендегі алгорим бойынша талдау жасаңыз. Талдауыңызды ой картасы форматында таныстырыңыз:

  • Тарауға тақырып қойыңыз, не себепті солай атағаныңызды түсіндіріңіз
  • Тараудың негізгі идеясы қандай, идеяны қандай эпизодтармен бекітесіз?
  • Абайдың қалай өзгергенін, ерекше қырын сипаттаңыз, Абайдың ішкі қайшылығы не болды?
  • Автордың Абай бейнесі арқылы, ішкі рухани қайшылығы арқылы айтпақ болған негізгі ойын анықтаңыз
  • Жалпы осы тарауда қозғалған мәселеге деген автордың жеке көзқарасы, пафосы қалай бейнеленген, не түсінуге болады? (мысалы автордың Құнанбайға деген көзқарасы, қазақ қоғамындағы әке мен бала мәселесіне деген көзқарасы т.б.)

3-топ

«Абай жолы» роман-эпопеясының Өрде бөлімі 2-тарауы бойынша төмендегі алгорим бойынша талдау жасаңыз. Талдауыңызды ой картасы форматында таныстырыңыз:

  • Тарауға тақырып қойыңыз, не себепті солай атағаныңызды түсіндіріңіз
  • Тараудың негізгі идеясы қандай, идеяны қандай эпизодтармен бекітесіз?
  • Абайдың қалай өзгергенін, ерекше қырын сипаттаңыз, Абайдың әрекетінің негізгі себептерін атаңыз?
  • Автордың Абай бейнесі арқылы, әрекеті арқылы, мақсаты арқылы айтпақ болған негізгі авторлық ойын анықтаңыз
  • Жалпы осы трауда қозғалған мәселеге деген автордың жеке көзқарасы, пафосы қалай бейнеленген, не түсінуге болады? (мысалы автордың Құнанбай мен Абай қатынасы, ар ұят деген ұғымға көзқарасы, кешірім, азаматтық іс, жастар... туралы жеке автордың үнін түсінуге бола ма...)

Бағалау: орындалған жұмысты тыңдаған соң топ мүшелері критреий арқылы бағалап, кері байланыс береді

Критерий:

Автор бейнесінің идеямен байланысын анықтайды:

  • Негізгі мәселені, идеяны анықтады
  • Образ арқылы автордың мәселеге деген көзқарасын дәл тапты
  • Автор көзқарасын дәлелдеуде эпизодтармен\тілдік құралдармен тиімді жұмыс жасай алды
  • Кейіпкердің бойындағы құндылықтарға деген автор көзқарасын айқындай алды

10 минут

2-тапсырма (жұптық)

Тапсырма алды дайындық:

Портрет, лирикалық шегініс, диалог, пейзаж деген терминдерді қайталайды. Бұл мысалдардың мәтіндегі мақсаты қандай? Оқушылардың тапқан кез келген үзінділерін мұғаліммен бірге талдап пайым шығарады.

Тапсырма: (әр жұпқа(мұғалімнің таңдауымен) кезегімен бөлініп беріледі)

1-жұп

Романда ұсынылған кез келген бөлім тарауларынан портреттерді анықтап оларды сипаттаудағы мақсатын айқындаңдар. Сол арқылы автордың сол кейіпкерге\\мәселеге деген қатынасын бағалаңыз (мүмкіндігінше басқа бөлімдегі сипаттаулармен салыстырыңыз)

2-жұп

Романда ұсынылған кез келген бөлім тарауларынан пейзаждарды анықтап оларды сипаттаудағы мақсатын айқындаңдар. Сол арқылы автордың сол кейіпкерге\\мәселеге деген қатынасын бағалаңыз (мүмкіндігінше басқа бөлімдегі сипаттаулармен салыстырыңыз)

3-жұп

Романда ұсынылған кез келген бөлім тарауларынан лирикалық шегіністі немес тарау пайымын анықтап оларды сипаттаудағы мақсатын айқындаңдар. Сол арқылы автордың сол кейіпкерге\\мәселеге деген қатынасын бағалаңыз (мүмкіндігінше басқа бөлімдегі сипаттаулармен салыстырыңыз)

Бағалау: орындалған жұмысты тыңдаған соң топ мүшелері және мұғалім критреий арқылы бағалап, кері байланыс береді

Критерий:

Автор бейнесінің идеямен байланысын анықтайды:

  • Портрет, лирикалық шегініс, диалог, пейзаждардың қызметін түсіндіреді. Автордың сипаттаудағы мақсатын талдай алды
  • Автордың пафосын анықтады, қалай сипаттағанын салыстырды
  • Автор қандай ойды алға тартқанын болжады
  • Автор үшін маңызды ұғымдарды түсіндіре алды

1

5 минут

 Рефлексия. Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, «бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардың деңгейін анықтайды.

Үйге тапсырма:

Төмендегі алгоритмнің негізінде шығарма идеясын автор тұрғысынан талдап шағын зерттеу жазыңыз

«Абай жолы» романындағы авторлық көзқарастың көрінісі» атты тақырыпта шағын баяндама \\ реферат \\ мақала жазыңыз (баяндамада сыныпта талқылаған амал тәсілдердің пайымы ретінде ұсынылуы тиіс)

Қосымша ақпарат

Саралау, қабілетті оқушылармен қалай жұмыс жасайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қабілеті жоғары оқуышлар бағалауға тікелей қатысады, әр жауапқа арнайы бағытталған қосымша сұрақтар қойылады, тереңірек ойлануға мүмкіндік жасаймын. Қойылатын сұрақ сынптағы негізгі жауапқа қатысты құрылады.

Бағалау нақты көрсетілген критерийлер арқылы бағаланады, кері байланыс беріліп неғұрлым жалпылықтан нақтылыққа ауысуын қадағалаймын

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу