М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Пән: қазақ әдебиеті 14- сабақ

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11 Т1 Қатысқандар саны:

Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны:

Бөлім/ Сабақ тақырыбы:

Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

оқу мақсаты

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты:

Шығарамадағы автор идеясын әлем әдебиетінің танымал үлгілерімен салыстырмалы түрде талдап, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері:

  • Әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады
  • Ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды
  • Өзіндік ойын нақты, дәлелді білдіреді
  • Әдеби сын жазады
  • Жанрын сақтайды
  • Сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: құндылық, көркем образ, әлемдік маңыздылық, тарихи шындық, бейне, заман талабы

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша...

Пәнаралық байланыстар:

Өзін – өзі тану, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Өткен тақырыптарға шолу

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1.Оқушыларды қарсы алу. Сабақтың тақырып, мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу

Cлайд

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

20 минут

6 минут

Қызығушылығын арттыру:

«Былғары қолғап» ойыны

Ойын шарты: оқушылар үш адамнан тұратын топтарға бөлінеді: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта әдеби сын-пікір бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырады. Ол қарсыласы тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізеді. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.

Ой қозғау: «Пікірімді толықтыр»

«Сын», «Әдеби сын» сөздеріне өз ойларын қосып анықтама, түсініктеме жазады. Топ бастап, көрші топпен алмасады. Пікір жазып, қайтарады. Өзра талқылайды.

Мұғалім тарапынан толықтыру енгізуге болады.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Сыни мақала жазу барысында оқушы шығарма мазмұнын түсініп, тақырыпқа қатысты сыни ой білдіруді, өз ойын нақты аргументтермен дәлелдей білуді үйренеді. Анализ жасау үшін шығармадан алған дәлелдер, автор қолданған тәсілдерді талдай отырып, әдеби шығармаға сыни сараптама жасай білуге төселеді. Оқушы тақырып бойынша талдау, сараптауының түйінін қорытындылап, шешім ұсынуға дағдыланады.

Жеке жұмыс:

«М.Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясындағы тарихи шындық пен көркем шындықтың үндесуі» деген тақырыпта шығарманың қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі орны туралы сыни мақала жазыңыз.

Бағалау, кері байланыс:

«Аялдама» әдісі бойынша топ болып әр топтағы жұмысқа тоқталып, ең үздік деген бір жұмысқа жұлдызша қояды. Ең көп жұлдызша жинаған жұмыс ортаға салынып, оқылады. Пікір білдіреді.

https://www.stud24.ru/journalism/debi-syn/404852-1385116-page1.html

Сабақтың соңы:

2 мин

Кері байланыс:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу