Кемді күн қызық дәурен тату өткіз. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал.


Берілген өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді анықтаңыз.

1.Жүрегі жұмсақ білген құл, 

Шын дос таппай тыншымас. 

Пайда, мақтан – бәрі тұл,

... ауыз тұшымас.2.Жаман ... – көлеңке: басыңды күн шалса – қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса – іздеп таба алмайсың. 3.Біріңді, қазақ, бірің ...,

Көрмесең – істің бәрі бос.- Бұл жолдар кімнің шығармаларынан алынған?

- Сабақтың тақырыбына қандай қатысы болуы мүмкін?

1-топ

Ж. 2-тапсырма: Берілген үзіндіні өздігіңізше дамытып, көркем әдебиет стилінде 200-250 сөзден тұратын шағын әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • оқиғаны дамытады;
  • кейіпкерлер арасындағы өзара жылы қарым-қатынас, қамқорлық, достық сезімдерді жеткізеді;
  • әңгіме жанрында жазады;
  • сауаттылықты сақтайды;
  • сөз санын сақтайды.

«Шытырманда»

(үзінді)

Ойға түсiп бiр түрлi баяу келе жатқан Абай бiр кезде арт жағанан дүрсiлдеп кеп

қалған ат дүбiрiн естiдi. Сүйiндiк үйiнiң адамы емес, бiр толықша, қара жiгiт екен.

Мұрты жаңа ғана тебiндеп келе жатқан бала жiгiт жұпыны киiм киген. Астында құнанша

күзеген күрең биесi бар. Абайларға жақындай бере сәлем бердi. Ашық жарқын жiгiт болу

керек. Аппақ сұлу тiстерiнiң баршасын көрсетiп, ақсия күлiп келедi.

Жалғыз жүрген жолды көңiлсiз көрiп, алдыңғы жағында кетiп бара жатқан екi аттыны әдейi әңгiмелесiп отыру үшiн қуып жеткен екен. Жай сұрасқанда бұл жiгiт Сүйiндiктiң ауылдасы, Көмекбай баласы Ербол деген жiгiт боп шықты.

Қарабас Ерболмен оп-оңай бiлiсiп, әңгiмелесiп кеттi. Сөздерiн тыңдап келе жатып

Абай Ерболға шын ықыласпен қарап, әлденеден ыстық көре бастады. Үйткенi Ербол

Сүйiндiк аулының аса жақын жiгiтi екен. Ол үйлерге бұл үнемi араласып жүретiн өз кiсiсi боп шықты. Әңгiмешiл, күлегеш Ербол, ендi Абайға бар тұлғасымен ұнай бастады. Аздан соң бұл екеуi көбiрек әңгiмелесiп, Қарабас шетiрек қалды.

Екеуiнiң де айтар сөздерi бiтер емес. Бiрақ бөктерге шыққан соң Ерболдың жолы бөлiнетiн боп едi.

Ерболды қиғысы келмеген Абай:

– Көлқайнарда тығыз жұмысың болмаса, бiзбен бiрге жүрсеңшi!– дедi

– Е, е, не деп ерем? Не шаруаң бар дегенде не деймiн?– деп, Ербол күлiп жiбердi.

– Шаруаңда жұрттың не ақысы бар! Қыдырасын, қонақ боласын! Құл саламыз.

Ербол Абай сөзiне қызыға бастап:

– Айтқаныңа қызығып тұрмын!- деп аз ойланды ...

2-топ

Ж. 2-тапсырма: Берілген үзіндіні өздігіңізше дамытып, көркем әдебиет стилінде 200-250 сөзден тұратын шағын әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • оқиғаны дамытады;
  • кейіпкерлер арасындағы өзара жылы қарым-қатынас, қамқорлық, достық сезімдерді жеткізеді;
  • әңгіме жанрында жазады;
  • сауаттылықты сақтайды;
  • сөз санын сақтайды.

«Кек жолында»

(үзінді)

Базаралы елге келгелі бір айдай уақыт өтті. Бұл кездерде оған амандаса келіп, қуаныш білдірген ағайын көп. Аталас жақын ауылдар той істемек болысқан. Бірақ үйінің, жақын туысының жүдеулігін көрген Базаралы той-топыр жасатқан жоқ. Алғашқы он-он

бес күн бойыңда оны Жігітек ішіндегі туыстары ертелі-кеш ауылдан-ауылға шақырып, қонақ етісті. Келісін, амандығын қызықтасты. Бір Жігітек емес, қонақ етіп, қуанысқан

Бөкенші, Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ.

Ырғызбай ішінде Базаралы тек Абай аулында қонақ болып қайтқан. Абай Базаралыға

өзі барып көрісіп, амандасып, бір күн, бір түн қасында болған.

Кейін Базаралының ет-бауыр жақындарынан он шақты кісіні қоса шақырып, өз

аулына әкелген.

3-топ

Ж. 2-тапсырма: Берілген үзіндіні өздігіңізше дамытып, көркем әдебиет стилінде 200-250 сөзден тұратын шағын әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • оқиғаны дамытады;
  • кейіпкерлер арасындағы өзара жылы қарым-қатынас, қамқорлық, достық сезімдерді жеткізеді;
  • әңгіме жанрында жазады;
  • сауаттылықты сақтайды;
  • сөз санын сақтайды.

«Қияда»

(үзінді)

Абай шаруасын сұраған соң Дәркембай iркiлген жоқ.

– Шырағым Абай, қарындасқа қайырымы бар бала деп естуші ем. Сондықтан кеп

отырмын. Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем. Басыма күн туып кеп тұрмын.

Мынау екi көршiммен үшеуiмiздiң үйлерiмiзде жиыны 20-30-дан тұяқ бар едi. Сол азын-

аулағымызбен бiрге пана таба алмай ығып, бүрiсiп кеп отырмыз. Жерiмiзде қылтанақ жоқ.

Қойларымыз бұралып бiттi. Қазiр осы Мұсақұлға жеткенше, бес қой үсiп өлдi!- дедi.

– Өй, Шыңғысқа неге тартпадың? Тым құрыса, тау панасы бар ғой!– деп, Асылбек

сұрай бастап едi.

– Ойбай-ау, боран Шыңғыстан соғып тұр. Өзi титықтап тұрған мал қарсы баса ала

ма? Және Шыңғыс қайда, бiреу қайда? Мынау Мұсақұл, Жидебай әрi ыққа қарай, әрi жақын және иелерi бейiл берсе, бұл Мұсақұл, Жидебай, Барақ сияқты үш қорық – талай

қора қойға пана емес пе? Қарын аршысам да, өлтiрем бе! Шидiң iшi қойға пана ғой!- деп

бар үмiт қып келгенiм осы едi!– дедi. Абай Дәркембайдың жайын танып отыр.

– Дұрыс кепсiн! Ал, жая бер! Ендi несiн сөз қып кеп тұрсың?..

4-топ

Ж. 2-тапсырма: Берілген үзіндіні өздігіңізше дамытып, көркем әдебиет стилінде 200-250 сөзден тұратын шағын әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

  • оқиғаны дамытады;
  • кейіпкерлер арасындағы өзара жылы қарым-қатынас, қамқорлық, достық сезімдерді жеткізеді;
  • әңгіме жанрында жазады;
  • сауаттылықты сақтайды;
  • сөз санын сақтайды.

«Еңісте»

(үзінді)

 Абайдың жаңа танысы журналды Абайға берiп тұрып:

 – Бiлмек талабыңыз жақсы екен. Мен сiздi бұдан бұрын, басқа бiр жағдайда көрiп едiм. Областное правлениеде. Рас, ол кездесу қызықты жағдай емес болатын. Сiздi мен сыртыңыздан, бұрын да бiлушi ем. Бүгiн мынау орында сiздi көруiм, шынды айтсам, артық әсер еттi! – дедi. Өзiнiң жөнiн айтып, Абайға қолын созып, – танысайық, Михайлов Евгений Петрович! – дедi.

 Абай оның қолын шапшаң алып, қатты қыса түсiп:

 – Ибрагим Кунанбаев! Мен сiздi жақсы бiлемiн. Достарыңыз маған сiздiң жайыңызды көп айтқан. Танысқаныма қуаныштымын! – дедi.

 Осыдан соң екеуi де кiтапханадан шығып, Ертiс жағалаған көшемен ылдилап жүрiп кеттi ... Олар осы бетте, су жағасындағы ақ диiрменнiң қасында тұрған ұзынша тасболат ақ үйге жеттi. Михайлов парадный есiктi Абайдың алдынан ашты да:

 – Бiздiң үйге кiрiңiз. Менiң әлi сiзбен бiраз сөйлескiм келедi! – дедi.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу