Кемді күн қызық дәурен тату өткіз. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Ғасырлық туынды. М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Козбагарова Б.М.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз ...

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу

Сабақтың мақсаттары

Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең) жазу

Бағалау критерийлері

Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, әңгіме жазады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Ұлттық педагогика, тарих

АКТ-ны қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады

Жоспар

Жоспарлана

тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөз-дер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 4-5 топқа бөлу (мұғалімнің қалауымен). Қызығушылықты ояту.

Берілген өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді анықтау тапсырылады.

1.Жүрегі жұмсақ білген құл, 

Шын дос таппай тыншымас. 

Пайда, мақтан – бәрі тұл,

... ауыз тұшымас.2.Жаман ... – көлеңке: басыңды күн шалса – қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса – іздеп таба алмайсың. 3.Біріңді, қазақ, бірің ...,

Көрмесең – істің бәрі бос.- Бұл жолдар кімнің шығармаларынан алынған?

- Сабақтың тақырыбына қандай қатысы болуы мүмкін?

Сабақтың тақырыбына болжау жасата отырып, масатын таныстыру, критерийлерді анықтау, талдау.

https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/45536/

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану

Т. 1-тапсырма. Оқушыларға романдағы бірнеше кейіпкерлердің есімдері беріледі.

  • Ербол
  • Дәркембай
  • Базаралы
  • Михайлов

Сұрақ-жауап:

  • Кейіпкерлерді өзара байланыстыратын ерекшеліктері бар ма? Болса, қандай?
  • Бұл кейіпкерлердің Абай өмірінде алар орнына қысқаша бағаңызды беріңіз.
  • Бұл кейіпкерлерді кімдердің, қандай тап өкілдері деп қарастыруға болады? (халық өкілі, жатақ т.с.с.)

Ж. 2-тапсырма: әр топ оқушыларына романнан 1 үзіндіден таратылады. Оқушылар берілген үзіндіні өздігінше дамытып, көркем әдебиет стилінде 200-250 сөзден тұратын шағын әңгіме жазып шығу қажет.

  • Абай мен Ербол
  • Базаралы мен Абай
  • Абай мен Дәркембай
  • Абай мен Михайлов

Дескрипторлар:

  • оқиғаны дамытады;
  • кейіпкерлер арасындағы өзара жылы қарым-қатынас, қамқорлық, достық сезімдерді жеткізеді;
  • әңгіме жанрында жазады;
  • сауаттылықты сақтайды;
  • сөз санын сақтайды.

Оқушылар әңгімелерін «Автор орындығында» отырып, сыныпқа оқиды.

Бағалау: «Бас бармақ»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Мен қиналдым. Маған оңай болды»

Үйге тапсырма: романнан үзінділер оқу. Әңгімен толықтыру, редакциялау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын.

Ұлттық педагогика, тарих пәндерімен байланысы бар.

Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар).

Құрмет құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу