С. Елубай «Жалған дүние» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Пайым мен парасат

С. Елубай «Жалған дүние» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

11.3.1.1 шығарманы ғаламдық тақырыптармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: шығарманы қазіргі ғаламдық тақырыппен байланыстырады;

Оқушылардың көбі: тарихи-көркемдік құндылығын ашады;

Оқушылардың кейбірі: көркемдік құндылығын бағалайды.

Бағалау критерийі

  • Шығарманы ғаламдық тақырыппен салыстырады;
  • Көркемдік құндылығын бағалайды.

Құндылықтар

Отансүйгіштік, өз еліне деген құрмет, елін, жерін қорғау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: т.с.с

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қорыта келе,......

Алдыңғы білім

С.Елубайдың «Жалған дүние» романы

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

Қызығушылықты ояту:

"Кейіпкермен кездесу"

Барысы:

Сіздерге өздеріңіз қалаған шығарма кейіпкерімен кездесу мүмкіндігі туғанын елестетіңіздер.

  • Кездесуге неге осы кейіпкерді таңдадыңыздар?
  • Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?
  • Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?
  • Неге олай ойлайсыздар?
  • Кейіпкердің жауап бере алмауы мүмкін бе?
  • Неге олай ойлайсыздар?

С.Елубайдың «Жалған дүние» романы

Сабақтың ортасы

3 қадам

15 минут

Биопоэма

14 минут

Мағынаны ажырату

Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту  – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет.

Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литотакейіптеуирония).

Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми-іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).

Жеке жұмыс. Екі жақты күнделік

«Жалған дүние» (сол кезең)

Менің көзқарасым (қазіргі уақыт)

Аса ескерген жайттарым:

Қалыптастырушы бағалау.

Бағалау критерийі:

  • Сол кезеңді талқылайды;
  • Өзіндік көзқарасын келтіреді;
  • Маңызды жайттарға тоқталады.

Ж. «ПОПС формуласы»

«Атап айтқанда, С.Елубайдың «Жалған дүние» шығармасының сюжеті сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Жазушы қосқан ойлары арқылы бұл шығарма қазақтың төлтума рухани мұрасына айналады», -деген тұжырымына «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасайды .

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ....»

Қалыптастырушы бағалау.Кері байланыс.

С.Елубайдың «Жалған дүние» романы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

«Пікірлер алаңы»

  • Мені қызықтырған...
  • Мені ойландырған...
  • Менің түсінбегенім...
  • Мені қинаған.... мәселелер

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу