І. Есенберлин «Қаһар» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.


Көшпенділер

Алмас қылыш

Жанталас

Қаһар

Көшпенділер

Алмас қылыш

Жанталас

Қаһар

Көшпенділер

Алмас қылыш

Жанталас

Қаһар

Көшпенділер

Алмас қылыш

Жанталас

Қаһар

Көшпенділер

Алмас қылыш

Жанталас

Қаһар

Көшпенділер:

1976жыл, XV-XIX ғасырлар, қазақ хандығы, «көшпенділер» деген кімдер?

Алмас қылыш:

1971 жыл, ХV –ХVІ ғасырлар, қазақ хандығы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей, қазақ рулары;

Жанталас:

1973 жыл, ХVІІ –ХVІІІ ғасырлар, шетел басқыншылары, Әбілқайыр хан, Ресей патшалығы,

Қалмақ хандығы, Алакөл маңайы, Ордабасы өңірі, «жанталас» сөзі қандай мағына береді?

Қаһар: 1969 жыл, ХVІІІ ғасыр, Абылай хан, қалмақ басқыншылары, дербес Қазақ хандығы,

Ел тәуелсіздігі;

1-топ Үзіндіні оқыңыздар

Ілияс Есенберлин — қазақтың арғы тарихын алғаш қопара жазған дəуір суреткері

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында жастардың жүрегіне намыс отын жаққан, жалындаған рухына май құйған ресми саясат тықпалаған Павлик Морозовтың ерлігі емес, Ұлы Отан соғысындағы қазақтардың қаһармандығы, Бауыржанның жасындай жарқылдаған өрлігі, композитор Шəмші Қалдаяқовтың жүрек қылын шертетін патриоттық əндерімен қатар, жазушы Ілияс Есенберлиннің дара шығармалары, Кенесары-Наурызбай, Шұбыртпалы Ағыбай, Жеке батыр, Таймас, Жанайдар, Мəнжі, Бұқарбай сияқты батырлардың ерліктері еді. Бодандыққа мойын ұсынбай, ондаған жылдар бойы қаһарлы күрес жүргізген хан Кененің ардақты есімін «Алашта Кенекеме ер жетпейді» деп жырлаған ХХ ғасырдың басындағы Мағжан Жұмабаевтан кейін халқымен қайта қауыштырған І.Есенберлин болды.

Тапсырма:

Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихты қопара жазған қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар.

2-топ Үзіндіні оқыңыздар

«Қаһар» — «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы

Ілияс Есенберлин тудырған тарихи шығармалардың танымдық-тəрбиелік қуатының күштілігі мен көркем шығарма ретіндегі эстетикалық пəрменінің қуаттылығы ерекше болса, бұл сипат алғаш дүниеге келген «Қаһар» романының өзінде-ақ айрықша мол болды. «Қаһардың» алғашқы аты

«Кенесары» екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Цензурадан өткізу үшін жұмсартқандағы түрі —«Қаһар». Жазушы осы романы арқылы тарихи тақырыпты игеру жөніндегі батыл жаңашылдық көрсетті.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Алпысбаевтың пайымдауынша, автордың алғашқы кітаптан басталмай («Алмас қылыш» романы), трилогиясының соңғы бөлігі «Қаһардан» бастауында мынадай себептер болған сияқты.

Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дəуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген.

Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. Сондықтан Ілекең соны жазуды діттеген.

Үшіншіден, Кенесары Наурызбай қозғалысы жайында жазылған еңбектерді саяси жағдай түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық.

Тапсырма:

Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты жазған, жаңашылдық көзқарасын көрсете білген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар.

3-топ Үзіндіні оқыңыздар

Бір ғана Ақмола бекінісін алу оқиғасы арқылы Кенесары Қасымұлының асқақ бейнесін көруге болады. 1838 жылдың 7 тамызы - Кене ханның Ақмола бекінісін өртеп, патшаның отаршыл саясатының пəрменін қайтарған тарихи күн. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» тарихи романындағы Ақмола бекінісін алған тарихи оқиғаны зерделей отырып, қазақ батырларының тұлғалық бейнесінен тағылым аламыз. Зиялылықтың жібін жалғаған талантты жазушы қамалға кірген Басықара батыры оққа ұшқан сəттегі Кене ханның «Тастамаңдар Басықара батырды жау қолына!» деген жан айқайын, жау қамалына жеке кетіп шауып бара жатқан Кенесарыны көргенде өзгелері де орындарында тұра алмады» деген жолдардан батырлық рухты көреміз.

Ақмола бекінісін алған күн қазақ тарихында мəңгі қалды. Кене хан еліне сүйенді, елі Кенені отаршылдық бұғауынан азат етуші хан ретінде қабылдады.

Жалпы алғанда, I.Есенберлиннің «Қаһар» романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. «Қаһар» - қазақтың қойын кітабына айналған құнды туынды.

Тапсырма:

Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты, батырлық рухты дәріптеген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар.

4-топ Үзіндіні оқыңыздар

«Қазақ хандығын» жазғандығынан қатарластары «Мұзжарғыш» атаған І.Есенберлин өзінің бір жазбасында: «Мен көздеген тақырыбымның ішінде жүзіп жүрем ылғи», — депті. Демек, жазушының көкейінде — Кене хан, қиялында — Қазақ хандығы, есінде — Есім хан, қаперінде — Қасым хан, жадында — Жəнібек пен Керей хандар, ділінде — Дешті Қыпшақ, ақыл-ойында — Алтын Орда дəуірі, арманында азаттық болған. Осы тұрғыдан келгенде қазақ əдебиетіндегі мұрты бұзылмай жаткан тарихи тақырыптың алғашқы мұзжарғыш кемесі Ілияс Есенберлин болғанын əсте ұмытпауымыз керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде қорытындылап айтсақ: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» жəне «Алтын Орда» трилогиялары бізді мыңдаған жылдық тарихы бар ұлт екенімізді айдан анық дəлелдеп берді. Жазушының осы екі трилогиясын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу — көркем шығарманың эстетикалық өзектілігін арттыратын көркемдік фактор екенін дəлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция əкелген шығармалар деуге болады.

Тапсырма:

Өздеріңіз оқыған әлем әдебиетінен тарихи шындықты бүкпесіз жазған, жаңа концепция әкелген қандай жазушының шығармасын білесіздер? Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай отырып, жалпыадамзаттық құндылыққа талдау жасаңыздар.

Бағалау критерийі

1-2,2-3,3-4,4-1 топтар бір-бірін бағалайды.

  • Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай алады;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасай біледі.

Бағалау критерийі

1-2,2-3,3-4,4-1 топтар бір-бірін бағалайды.

  • Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай алады;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасай біледі.

Бағалау критерийі

1-2,2-3,3-4,4-1 топтар бір-бірін бағалайды.

  • Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай алады;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасай біледі.

Бағалау критерийі

1-2,2-3,3-4,4-1 топтар бір-бірін бағалайды.

  • Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ бағыт пен әдеби ағымды анықтай алады;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтап, талдау жасай біледі.

Кері байланыс:

Сабақтағы өзіңіздің көңіл-күйіңіз бен эмоцияңыз

(сөзбен немесе смайликпен көрсетуге болады)

Сабақтағы досыңыздың немесе мұғалімнің іс-әрекетіне кері байланыс

Оқу материалының мазмұнына (шығарма мазмұнына,

сабақта талқыланған мәселеге) кері байланыс

Кері байланыс:

Сабақтағы өзіңіздің көңіл-күйіңіз бен эмоцияңыз

(сөзбен немесе смайликпен көрсетуге болады)

Сабақтағы досыңыздың немесе мұғалімнің іс-әрекетіне кері байланыс

Оқу материалының мазмұнына (шығарма мазмұнына,

сабақта талқыланған мәселеге) кері байланыс

Кері байланыс:

Сабақтағы өзіңіздің көңіл-күйіңіз бен эмоцияңыз

(сөзбен немесе смайликпен көрсетуге болады)

Сабақтағы досыңыздың немесе мұғалімнің іс-әрекетіне кері байланыс

Оқу материалының мазмұнына (шығарма мазмұнына,

сабақта талқыланған мәселеге) кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу