Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4 сабақ.


Қызығушылығын ояту

«Миға шабуыл» стратегиясы

1. Қабдеш Жұмаділовтің қандай шығармаларын білесіздер?

2. Романның негізгі тақырыбы не?

3. Романның идеясы қандай?

4. Басты кейіпкерлері кімдер?

5. Олардың тағдырлары арқылы не айта аласыңдар?

Сабақтың тақырыбы:

Заман, дәуір тұлғасы

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Оқу мақсаты:

Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс

10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

Т/Ж5. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу

10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Сабақтың мақсаты:

«Тағдыр» романынан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады.

Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашады.

Бағалау критерийлері:

Т/Ж4 бойынша:

кейіпкер мінездемесін әңгімеге негіздеп жасай алады;

әңгіме желісін өмірмен байланыстыра алады.

Т/Ж5 бойынша:

көркем шығармаға құндылық тұрғысынан талдау жасай алады;

кейіпкерлер қарым-қатынасын ұлттық құндылық тұрғысынан талдай алады;

мәтіннен дәлелді мысалдар келтіре алады.

Ж.

Оқушылар «Түсіндірме күнделік» бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылар автор қолданған сөздердің кейіпкерді бейнелеудегі әсерін талқылайды

«Төрт сөйлем» тәсілі. Т.

1. Пікір. Шығарманың идеясы немесе көтерілген мәселе бойынша өзіндік пікірлерін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірлерін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Пікір негізінде қорытынды шығарады.

Өзара бағалау.

Оқушылар:

Көзқарастары дәлелді болу үшін шығармадан үзінділер пайдаланады;

Оқырманға нақты әсер ету үшін поэмадағы кейіпкер бейнесін ашатын басты сөздердің қамтылғанын анықтауды басты назарда ұстайды.

Т.

«Журналистік сұрақтар»

«Адамды қастерлей білу – қай заманда болсын қоғамның негізгі мәселесі» тақырыбы бойынша журналистік сұрақтар құрастырады. Топ ішінде мына алты сұрақ қойылады: Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай? Бұл сұрақтар тақырыпты әртүрлі қырынан зерттеуге және қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір сұрақ жаңа сұрақтарды дамытуға немесе құрастыруға қолданылуы мүмкін. Білім алушылар сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін, басқа топтардың жауаптарын жазып алады. Соңында өз тобына келіп сыныптастарымен бөліседі және ойларын жинақтайды.

Топтық бағалау.

Дескриптор.

• сұрақтар құрастырады;

• тақырыпты әртүрлі қырынан зерттейді;

• өзге топтардың жауаптарын жазып алады;

• ө жауаптарымен салыстырады;

• сыныптастарымен бөлісіп, ойларын жинақтайды.

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Шығармадан үзінді оқыту, оқылған мәтіннің мазмұнына, кейіпкер бейнесіне байланысты әр деңгейлі сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды. Оқушылар белгілі бір кейіпкердің рөлінде бола отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Әрбір оқушы белгілі бір кейіпкердің рөлінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар.

Бағалау

Дескриптор:

әр деңгейлі сұрақтар дайындайды;

кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды;

белгілі бір кейіпкердің рөлінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап береді;

кейіпкерлердің ойлары мен сезімдерін жеткізеді.

3-2-1

Сабақта алған

3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу