Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Қызығушылығын ояту

Сабақтың тақырыбы

Заман, дәуір тұлғасы

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Оқу мақсаты

Т/Ж1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

Сабақтың мақсаты:

«Тағдыр» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашады.

Бағалау критерийлері

Т/Ж1 бойынша:

• берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;

• креативтіойларымен талқылауға белсенді қатысады;

• ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.

«Дейін-кейін» стратегиясы

Оқушылар Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білетін ақпараттарын «Дейін» бағанын толырады, Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазбаны тыңдағаннан соң «Кейін» бағанын толтырады.

«Дейін-кейін» стратегиясы

Тыңдалым тапсырмасы

https://bilimland.kz/kk/courses/qazaq-adebieti/11-synyp/lesson/qabdesh-zhumadilov-zhazushynyng-shyharmashylyq-zholy

Сөздікпен жұмыс

Амбы – манж. Анбы (князь, губернатор)

Үкірдай болыс, болысты басқаратын әкім: рубасыларына берілетін атақ.

Тағдыр – құдіреттің жазуы, жазмыш. Адам өміріндегі барлық оқиғалардың алдын ала белгіленуін білдіретін діни ұғым.

Талқы – бұл жерде: адам баласының басына түскен ауыр азап, бейнет, қиындық.

Торап – жолдардың тоғысқан жері, түйіліскен жері.

«Кросеанс» әдісі

«Зымыран сұрақтар»

Суреттер не мақсатпен көрсетілді?

Ұсынылған суреттердің қандай байланысы бар?

Суретттерден романда көтерілген қандай мәселені байқай алдыңыздар?

Әдеби-теориялық ұғым

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.

Романның қысқаша сюжетімен таныстыру

Роман композициясы 4 бөлімнен және эпилогтан тұрады.

«Жол торабы» бөлімі. Демежанның шаңырақ көтеріп, шекара комиссиясы құрамында қызмет етуі, билікке араласуы, оқуы, ізденуі, ой-өрісінің өсуі.

«Тағдыр талқысы» бөлімі. Демежанның жеке өміріндегі қиындықтар, әкесінің өлімі, ағайын арасындағы алауыздық.

«Уақыт керуен» бөлімі. Демежанның ұлты үшін істеген азаматтық істері.

«Дар ағашы» бөлімі. Демежанға жазықсыз жала жабылып, дарға асылуы.

Топтық жұмыс

«ДЖИГСО»

1-қадам. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, тақырып бойынша білімді өзектендіреді;

2-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

1. Оқиғаның басталуы.

2. Оқиғаның байланысы.

3. Оқиғаның дамуы.

4. Шиеленісі

5. Шарықтау шегі

6. Оқиғаның шешімі

3-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2-бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

4-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

5-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

Олар әңгіменің басты идеясын мен тақырыбын түсіндіретін карталарын (кесте) жасайды.

Топтарда, оқушылар олардың карталарының (кесте ) мазмұнын талқылайды.

Топтық бағалау

Дескриптор:

берілген тақырып шеңберінде жеке көзқарастарын білдіре алады;

суреттерге қарап шығарманың мазмұнын болжайды;

сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жасайды;

креативті ойларымен талқылауға белсенді қатысады;

ақпарат алмасу кезінде еркін сөйлейді.

Рефлексия

«Тазалық» ойыны



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу