Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 1

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

 Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі 1-сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақтың мақсаттары

Шығарманың мазмұнын түсіне отырып, көтерілген мәселені анықтау, сонымен қатар көтерілген мәселені анықтап, ұлттық мүдде тұрғысынан талдау

Бағалау критерийлері

10.Т/Ж2.

  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Ұлттық мүдде тұрғысынан талдайды;

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша;

Пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін;

Оның мынадай себептері бар;

Себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығымен таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару
  • Кезекшімен сұхбат
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

 

ІІ.Қызығушылықты ояту

Халықтың осы үлкен ағыл-тегіл махаббатынан артық сыйлық жоқ. Бұдан артық құрмет жоқ. Шераға дегеніне жеткен өте бақытты адам деп ойлаймын.

Әбіш Кекілбаев

  • Ә.Кекілбаевтың пікірімен келісесіз бе? Неліктен?
  • Төменде берілген суреттердің сабақтың тақырыбымен қандай байланысы бар?

1-2 слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Жазушының өмірі мен шығармашылығы

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Жамбыл қала-сындағы орта мектепті бітірген ол Москва полиграфия институтының редакциялық-баспалық факультетіне оқуға түседі. 3-курстан М.А.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып, оны 1955 жылы тамамдады. Еңбек жолын Қазақтың мемлекеттік Көркем әдебиет баспасының редакторлығынан бастаған жазушы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Àлаш») және «Социалистік Қазақстан» газеттерінің (қазіргі “Егемен Қазақстан”) тілшісі қызметтерін атқарды. Одан соң бірнеше республикалық газет-журналдарда, баспаларда түрлі қызмет жасаған жазушы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының секретарі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы (1992–1994) және ҚР Парламенті Мәжілісінде депутаты да болды.

Осы жылдары ол қазақ әдебиетінің рухани қорын «Құрылысшы Дәку» (1958), «Табылған теңіз» (1964), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969, 1977), «41-жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), «Интернат наны» (1974), «Қызыл жебе» (1978, 1980), Екі томдық таңдамалы шығармалары (1982), «Тұтқын бала» (1983), «Қара маржан» (1986), «Жүрекке әжім түспейді» (1987), «Жұлдыз көпір» (1984, 1991), «Не жетпейді?» (1990), «Тамұқ» (1994), «Ай мен Айша» (1997), «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда!» (1998), «Ақындар мен әкімдер» (2002) атты кітаптарымен байытты. Оның туындылары шет тілдеріне аударылды.

Осымен қатар ол Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгер халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида» шығармаларын, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімеледі.

Тапсырма №1

Жоғарыда ұсынылған жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, ақпараттарды саралай отырып, ментальды карта тролтырады.

Сөздікпен жұмыс

Шоқша сақал – төңірегін түзетіп, сәндеп қойған үшкіл сақал.

Қаншырдай – бұл жерде: қаншыр сияқты жіп-жіңішке, сидам, арық адам.

Ботана – тұнық емес, лай.

Алақұйын – бұл жерде: ауыспалы мағынада айнымалы, құбылмалы мінез.

Дескриптор

  • Ментальді карта жасайды;
  • Ақпараттарды толық жазады;
  • Сөздердің мағынасын түсіндіреді;

Тапсырма №2 ТЖ

Т. «FILA» кестесі арқылы шығармада көтерілген мәселені талдайды.

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау

I /Идеясы /– шығарманың идеяы.

L /Көтерілген мәселе/– шығармада көтерілген мәселе

A /Іс-әрекет/– мәселенің шешімі

Деректер

Идеялар

Көтерілген мәселе

Іс-әрекет

Дескриптор

  • Шығармадағы деректерді табады;
  • Идеясын анықтайды;
  • Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Мәселенің шешімін ұсынады;

Тапсырма №3 Шығармада көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан талдап жазу. (сөз көлемі 150)

Дескритпор

  • Тақырып бойынша эссе жазады;
  • Эссенің құрылымын сақтайды;
  • Ұлттық мүдде талданады;

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс

Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

«Сұрақ-жауап» әдісі

1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?

2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?

3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?

4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?

5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?

Үй тапсырмасы

Шығарманың композициялық құрылымына кешенді талдау жасау.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу