Өлең - сөздің патшасы «Болыс болдым, мінеки» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М. | |||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Тарау: | Өлең - сөздің патшасы «Болыс болдым, мінеки» өлеңі | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрлері мен қолданылу мақсатын түсіндері отырып, шығармада көтерілген мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстыру арқылы қолдану және анализ дағдылары дамиды. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы көркемдегіш құралдардың түрі мен қызметін талдайды. Шығармадағы негізгі мәселелердің бүгінгі күндегі қөрінісіне баға береді. | |||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер |
| |||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | |||||||||||||||||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||||||||||||||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта «Болыс болдым, мінеки» өлеңінің композициялық құрылысы және идеясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||||||||||||||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту Оқушылар өлең тармақтары жазылған қима қағаздарды таңдайды. Шумақ құрастыру арқылы 5 топқа бөлінеді. 1-топ Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. 2-топ Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын: «Бергенім жоқ,- деп,- белімді». 3-топ Жуанды қойып, жуасты Біраз ғана шеттеймін. Ояз бардағы қылықты Ояз жоқта етпеймін. 4-топ Өтірік берген қағаздың Алды - артына қарайды. Өз қағазы өз көзін Жоғалтуға жарайды. | Қима қағаздар | ||||||||||||||||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 минут Тапсырма 1. Ақпараттық мәтінді оқып, кластер арқылы конспектілеңіз. Жұбыңызбен талдау жүргізіңіз. 3минут Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Риторика мен стилистикада троп түрлері ежелден қарастырылып келеді. Квинтилиан оның 7 түрін атап көрсетсе, М.В. Ломоносов 11 үлгісін ұсынған, ал А.А. Потебня 3 түрі бар екенін айтады. А.Байтұрсынов троп түрлері туралы: “Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа бөлінеді: көріктеу, меңзеу, әсерлеу дейді. Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, бернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу, ирония). Троп көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми іс қағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Тапсырма 2. Үзіндіден кейіпкер бейнесі мен заман көрінісін сипаттауда қолданылған көркемдегіш құрал түрлерін зерттеп, автор идеясын танытудағы орнына баға беріңіздер .Үзіндіде көрініс тапқан мәселені анықтап, оның бүгінгі замандағы көрінісіне салыстырмалы түрде талдау жасаңыздар. 10 минут. Дескриптор:
1-топ Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе - дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сыяз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап. Сыртқыларға сыр бермей, Құр күлемін жымыңдап. Жай жүргенде бір күні, Атшабар келді лепілдеп: «Ояз шықты, сыяз бар», «Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп. Сасып қалдым, күн тығыз, Жүрек кетті дүпілдеп. Тыңтұяқ күнім сүйтсе де, Қарбаңдадым өкімдеп. Старшын, биді жиғыздым: «Береке қыл» деп, «бекін» деп, «Ат жарамды, үй жақсы Болсын, бәрің күтін» деп. Қайраттанып халқыма Сөз айтып жүрмін күпілдеп: «Құдай қосса, жұртымның Ақтармын осы жол сүтін» деп, Қайраттысып, қамқорсып, Сайманымды бүтіндеп... 2-топ Оңашада оязға Мақтамаймын елімді, Өз еліме айтамын: «Бергенім жоқ,- деп,- белімді». Мақтанамын кісімсіп, Оязға сөзім сенімді. «Көрсеттім» деймін, ымдаймын Кәдік қылар жерімді. Сөз көбейді, ұлғайды, Мақтанның к... көрінді. Қазақты жеген қайратты «ер», Ұрынды да берінді. Әрлі - берлі тартысып, Ісі арамы жеңілді. Алқыны күшті асаулар Ноқтаға басы керілді. Үлкен - кіші ақының Бәрі сөз боп терілді. Қайрауы жеткен қатты би Қайрылып нетсін көңілді. Өз малым деп қойған мал Иесіне берілді. Ақылы жандар қамалап, Кептірді сонда ерінді. Арызшылар көбейді, Болыстың к... шөмейді, Қайтсін байғұс демейді. Бір кептірмей терімді, Күн батқанша шабамын Әрлі - берлі далпылдап. Етек кеткен жайылып Ат к... не жалпылдап. Оязға жетсін деген боп, Боқтап жүрмін барқылдап. Кейбіреуге таяғым Тиіп те кетті бартылдап. Пысықтың көбі бұғып жүр, Беттесе алмай шаңқылдап. Ашылып омырау, күн ыстық, Қойын кетті алқылдап. Елі жөнді болыстар Мақтанып жүр тарқылдап. Күлкісі жақсы қарқылдап, Үні бөлек сартылдап. Сөйлесе кетсе бір жерде, Ағыны қатты аңқылдап. Оязға кірсе, өзгеден Мерейі үстем жарқылдап. Елің бұзық болған соң, Ояз жатыр шартылдап. Табаныңнан тозасың, Құр жүгіріп тарпылдап. 3-топ Антұрғанмын өзім де, Бір мінезбен өтпеймін. Момындық күшті екенін Көрсем - дағы, күтпеймін. Сыяздан соң елімді Қысып алып кетпеймін. Әуелде к... бос кәпір, Мықтыға не қып беттеймін? Жуанды қойып, жуасты Біраз ғана шеттеймін. Ояз бардағы қылықты Ояз жоқта етпеймін. Кәкір - шүкір, көр - жерді Пайда көріп ептеймін. Мынау арам, тентек деп, Еш кісіні теппеймін. Өзімдік бол деп ел жиып, Құрастырып, септеймін. Бұзақының бүлігін «Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін. Сүйегім жасық, буын бос, Біраз ғана айлам бар. Айлам құрсын, білемін – Болыстықтың жолы тар. Қайтіп көмек болады Антұрған өңкей ұры - қар? Көргенім әлгі, ойлашы, Ұят, намыс, қалды ма ар? Ендігі сайлау болғанда, Түсе ме деп тағы шар, Бұл күніме бір күні Боламын ғой деймін зар. Ақыл айтар туғандар, Бұл сөзімді ойлаңдар. Кәтелешке көбейді, Сөгіс естіп, тозды ажар. Мынау елді ұстарлық Кісі емеспін, кел, құтқар! Қолдан келмес қорлыққа Неге болдым мұнша іңкәр? Ел жайылды, жетпей ме, Оязға да бір хабар? 4-топ Тағы бүйтіп кеттің деп Қозғау салар, қолға алар. Қатты қысым қылған соң, Басым сотқа айналар. Кірлі болып түскен соң, Көрген күнім не болар? Өзіне мәлім, тентектер Өз бетімен не табар? Қағаз берер, қарманар, Аяғында сандалар. Бұрынғыдай дәурен жоқ, Ұлық жолы тарайды. Өтірік берген қағаздың Алды - артына қарайды. Өз қағазы өз көзін Жоғалтуға жарайды. Тауып алып жалғанын, Қылмысыңды санайды. Өзі залым закүншік Танып алды талайды, Көрмей тұрып құсамын Темір көзді сарайды. Мұғалім топтардың жұмысын аралап жүріп, бағыт-бағдар беру, түсіндіру, бағыттау арқылы қолдау көрсетеді. Бағалау Әр топ өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Әр топқа 3 минуттан уақыт беріледі. Топтар өзара жұмыстарын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды. 15 минут. Жасыл- көркемдегіш құрал түрлеріне дұрыс әрі тиянақты талдау жасады, мәселені бүгінгі күнмен дәлелді түрде салыстырды. Сары- көркемдегіш құрал түрлерінің түрі мен қызметінде қателіктер бар/ мәселені бүгінгі күнмен салыстыруды толықтырамын. Қызыл- көркемдегіш құрал түрлерінің түрі мен қызметін талдау бойынша келіспеймін/ мәселені бүгінгі күнмен салыстыруда дәлелдері жеткіліксіз. Кері байланыс 2 минут. Қай топтан көбірек ақпарат алдың? Қай топ жетік түсіндіре алды? Өз жауаптарыңыздан қандай артықшылықты немесе кемшілікті байқадыңыздар? Бағалау. Оқушылар топтағы жұмыс кезіндегі үлесі бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылардың аттары жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы бірнеше оқушылардың бағалаулары тыңдалады. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтарын мұғалімге тапсырады. 3 минут.
| Таратпа материал А3 парақтар, маркер Таратпа материал Бағдаршамдар Бағалау парағы | ||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия «3-2-1» әдісі Сабақтағы 3 маңызды аспектіні атаңыз:............................. 2 қиындық туғызған жағдай:............................................... 1 көңіл күйіңізді білдіретін сөз........................................... | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?