Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 1-сабақ

Күні:

Сынып 10

Бөлім. Тарих тағылымы

Сабақтың тақырыбы

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Оқу мақсаттары

10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Сабақтың мақсаты

Көркем шығарманың сюжетін, композициялық құрылымын, тақырыбын, идеясын анықтайды.

 Бағалау критерийлері

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

идеялық мазмұнын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру.

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ-ны қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады

 Алдыңғы білім

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

5 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.
  • ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Слайд

Мақсат қою

5 минут

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды.

Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі.

Жаңа материалды игеру

10 минут

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

ЖЖ. Тек бір минутЖұптарда оқушылар «Тек бір минут» тәсілі арқылы драманың мазмұны мен жазылу себебіне өз ойларын айтып, пікір алмасады

Мағынаны тану кезеңі.

Ш. Мұртаза деген кім? Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

«Бесеудің хаты» драмасы туралы не білеміз?

Ш. Мұртазаға арналған слайд. Оқушылармен ой –бөліс.

Сталинге жазылған атақты "Бесеудің хаты” туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?

Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас онжылдықты бітірген соң, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 жылы сол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман болып, елге оралады.

Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтың сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойы-нан табылып жатады. Драматургтың «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жетім бұрыш», т.б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Мылтықсыз майдан», «41-жылғы келіншек», «Интернат наны», т.б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды «Қызыл жебе» романы жарық көрді.

Көркем шығармалардың бір түрі — драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьесалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін танытуы тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшеліктері бар.

Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік оның кейіпкерлердің диалогі (диалог — оқиғаға қатысушы бірнеше адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог — әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен-өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, көзқарас-мақсатын айқын танытатындай мағыналы да көркем болуы керек. Өйткені драмалық, туындыда автор басқа жанрлардағы шығармадағыдай (мәселен, әңгіме, повесть, т.б.) оқиғаларды өзі баяндап, әңгімелеп, кейіпкерлеріне мінездеме беріп отырмайды. Драматург адам мінезін де, тартысты да, бейнелеп отырған өмір шындығын да тек пьеса кейіпкерлерінің сөзі (диалог, монолог) мен іс-әрекеттері арқылы ғана көркем танытады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады.

Пьесаның тағы бір ерекшелігі — оқиғаны, тартысты сахналық қойылым барысында актерлердің ойыны арқылы көрерменнің көз алдында дәл қазір, осы сөтте өтіп жаткандай етіп танытуы.

Жазушы, драматург Ш.Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының ғана қолынан келеді.

Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді.

Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді

Тапсырма 1. Оқушылар топ болып тарих пәнінен алған білімдеріне сүйене отырып «Бесеудің хаты» драмасының мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап жазады.

1-2-топтар мен 3-4-топтар бірін-бірі ауызша бағалайды.

Сұрақтар:

Дескрипторлар:

  • Сұрақ мазмұнын түсінеді;
  • Сұраққа нақты жауап береді.

Тапсырма 2.

"Бесеудің хаты" драмасының ЛансТалдауы.

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасынан үзінділер көрсетіледі. https://yvision.kz/post/251359

Оқушылар жұппен талқылайды.

Тапсырма 3.

  •  Жұптық жұмыс. Жұптар оқыған мәтіндегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстырады.
  •  Сынып болып драманың композициялық құрылымына талдау жасайды.
  • Басталуы:
  • Байланысуы: 
  • Шиеленісуі:
  • Шарықтау шегі:
  • Шешімі:

Дескрипторлар:

шығарманың мазмұнын түсінеді;

композициялық құрылымына талдау жасайды;

Көтерген мәселесі мен тақырыбын табады;

Сыни көзқараста талдау жасайды.

Слайд

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Слайд

https://yvision.kz/post/251359

Жаңа материалды бекіту

5 минут

Бүгінгі сабақ сізге қандай сезім сыйлады?

Рефлексия

5 минут

Кері байланыс. «Бес саусақ» әдісі.

Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.

Сұқ саусақ – мына сұрақ бойынша мен нақты жауап алдым.

Ортаңғы саусақ – мен үшін қиын болғаны (маған ұнамады).

Аты жоқ саусақ – мен психологиялық ортаны қалай бағалаймын.

Шынашақ – мен үшін жеткіліксіз болды.

Үйге тапсырма:

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Сабақ бойынша рефлексия

1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу