Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ 3-сабақ | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Сынып 10 | |||||||||||||||||||||||
Бөлім. Тарих тағылымы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы | |||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдайды. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Көркемдегіш құралдардың орнын табады. Көркемдегіш құралдардың қызметін талдайды. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика және терминология: Ойын жүйелі жеткізуге, кез келген тақырыпқа сұхбатқа түсуге дағдыландыру. | |||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы,өнер | |||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады | |||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Ілияс Жансүгіров « Құлагер» поэмасы | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңі | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Білімнің өзектілігі 5 минут |
Партаның астына түрлі түсті стикерлер жабыстырылады, бірдей түстер бойынша 4 топқа бөлінеді. | |||||||||||||||||||||||
Мақсат қою 5 минут | Оқушылар сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын тұжырымдайды. Оқушылар сабақтың мақсаты айқандап, бағалау критерийлері, күтілетін нәтиже түсіндіріледі. | |||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды игеру 20 минут 5 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі Мұғалім сөзі: «Шерағаң – бүгінгі қазақ руханиятының тұлғасы»,- деп Әбіш Кекілбай айтқандай, әдебиет жүгін иығымен арқалаған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» деп аталатын шығармасымен таныстық. «Журналистика деген қан базар. Кейбір жазушылар сол қан базардың ортасынан шыға алмай қалады. Ал Шерағаң сол қан базардан шығып, қазақтың классик жазушысына айналған дара тұлға,–деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Шерхан Мұртазаның әдебиетті жанрмен байытқан ерен еңбегіне жоғары баға берген болатын. Замандастары тарапынан осындай марапатқа ие болған Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасын қорытындылайық. Тапсырма 1. «Әдеби шеңбер» әдісі Талқылаушы – мазмұны мен тақырыбын талқылайды. Белгілеуші – мазмұны бойынша сұрақ дайындайды. Байланыстырушы – шығарманы тарихи шындықпен байланыстырады. Топ шешені – көтерілген мәселені тақырыппен үндестіреді. Қорытындылаушы – шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды. Тапсырма 2. 1.Топтарға шығарманың желісі мен автордың драма жазу шеберлігін таныту мақсатындағы тапсырмалар беріледі; І топқа: Драмада Мүсірепов өзі өмір сүрген заман жайлы: «Жорғалар-жортақ, батырлар-қорқақ болған сұм заман»- дейді /189-бет/. Ал сіздер сол бір нәубет жайлы не айтар едіңіздер? Мүсіреповтың осы пікірімен келісесіз бе? ІІ топқа: Бір үзім нан сұрап, кеңсесінің алдын торыған аш адамдарға Голощекин қандай сыңай танытты? /193-бет/. Осы әрекетінен оған қандай баға бересіз? Ойыңызды деректі фильммен байланыстыра отырып, Голощекиннің шынайы бейнесі арқылы дәлелдеңіз. ІІІ топқа: Драматург Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» атты драмасында «Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан» деген қанаттысөз бен мақал- мәтелдерді қандай жағдайларға байланысты қолданған? Тапсырма 3. 1-қадам: ЖЖ (жұппен жұмыс) «Соло Таксономия» кестесі арқылы оқушылар өз зерттеулерін ортаға салады. 2-қадам: Оқушылар өз ойларын, пікірлерін «Карусель» әдісі арқылы бір-бірімен алмасады. 3-қадам: ТЖ (топпен жұмыс) 4 топ өз талқылауларын ұсынады. РАФТ әдісі
4-қадам: Топ бір-бірін бағалайды. Дескриптор: Өз ойлары мен көзқарастарын білдіреді, мәселелерді логикалық және әсерлі күйде дамытады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданады. Тапсырманы орындауға қызықты тәсілді, тиісті ұстанымды қолданады, аудиторияны жандандыра біледі. | Слайд Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы слайд | ||||||||||||||||||||||
Жаңа материалды бекіту 3 минут | Шығармадан алған әсерім.Негізгі идея қандай? | |||||||||||||||||||||||
Рефлексия 2 минут | Кері байланыс Сұрақтарым бар Есімде қалды Түсінбедім Түсіндім | |||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма: | Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||
1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен? 2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті? 3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма? 4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен? 5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?