М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Білгенге маржан
АЙШЫҚТАУ
Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл — айшықтау, яки
фигура (латынша $іёига —келбет, бейне) — сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ — сөздерге ерекшелеп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту.
Айшықтаудың ‘бір түрі — қайталау — сөз әсерін күшейте отырып, оқырман
назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәртебе қайталап, айтар ойды, ұқтырар ұғымға мұқият сіңіре түсу. Мұның да бірнеше түрі бар.
Жалғанда табынатын тәңірім — табым,
Табы жоқтың тәңірі жоқ, күні жарым.
Табым десем, бұлақтай таудан аққан,
Өн бойымды шымырлап, билейді ағын.
Қияға өрлеп, қырандай қанат жайып,
Табым десем, қозады аруағым.
Түпсіз қара тұңғиық суды кешсем,
Тап қолыма медеу ғып ұстар талым.
Көзсіз көрдей басыма күндер туса,
Табым қолда жарық қып ұстар шамым.
Менің табым — еңбекші, еқбек ері,
Онсыз менде көрген күн — бұлдыр сағым.
(С. Мұқанов.)
Бұл — жай қайталаудың үлгісі. Мұнда ақынның ерекше мән бере толғап, толғана жырлап отырғаны — өзінің табы; оқырман назарын да осыған мықтап аударып, оның ойында тап туралы бүтін бір ұғым алыптастырғысы келеді де, тап деген сөзге ерекше акцент жасап, бірнеше жерде арнайы қайталап отыр.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айрылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
(Махамбет )
Сарыарқаның бір тауы бар, Қалың зергер, құзды шаттар,
Бір тауы бар сымбатты. Құзды шаттар қалың ну;
Сол таудан сен сыр тауып ал, Сарқырайды мұз бұлақтар,
Сыр тауып ал, қымбаттым. Мұз бұлақтар у да шу.
(С. Сейфуллин.)
Бұлар — е с п е қ а й т а л а у д ы ң үлгілері. Мұндайда ой мен сыр шынында да бір түрлі есіле түйдектеп, еселеніп ‘келеді де, алдыңғы ұғымның аяғы соңғы ұғымның басына қайталана көшіп, өлеңге әсем әуез, әдемі әсер дарытқандай болады.
Ұйқыдан соң —
Жапырақпын
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң —
Құспын
Ұçақ ұшып, көліне кеп дем алған.
Ұйқыдан соң —
Көк айдынмын
Мөлдіреген шайқалып,
Ұйқыдан соң —
Ну орманмын
Желбіреген жайқалып.
Ұйқыдан соң —
Дауыл өткен,
Жауын өткен
Менде дала қалпы бар.
Ұйқыдан соң —
Жаңа ашылған күн көзіндей,
Жаңа ашылған гүл жүзіндей
Ой аспаным.жарқырар!
(С. Мәуленов.)
Бұл — ә д е п к і қ а й т а л а у д ы ң, яки анафораның (грекше апарһога.— бижке шығару) үлгісі-Мұнда өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөз ден басталып отырады.
Бұл — к е з е к т і қ а й т а л а у д ы ң, яки эпифораның (грекше ерірһога — соңынан алып жүру) үлгісі. Мұнда өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әр-бір ой ағымының аяқ жағындағы бір сөз бірнеше мәртебе қайталанып отырады.
Айшықтаудың бір түрі — шендестіру, яки а н т и т е з а (грекше апһезіз — қарама-қарсылық)— б і р-‘б і р і н е к е р е ғ а р қ ұ б ы л ы с т а р д ы, м ә н- м а ғ ы н а с ы
ә р т а р а п ұ ғ ы м д а р д ы, т ү р-т ү с і ә р б ө л е к н ә р с е л е р д і ө з а р а б е т п е — б е т қ о ю а р қ ы л ы б ұ л а р д а н м ү л д е б а с қ а б і р қ ұ б ы л ы с т ы ң, ұ ғ ы м н ы ң , н ә р с е н і ң с у р е т і н, с ы р -с и п а т ы н, к е ск і н -ке й п і н а н ы қ т а у, а ң ғ а р т у, е л е ст е т у.
Мысал үшін “Ер Тарғын” жырындағы Ақжүністің Қартқожаққа:
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр,—
деп тақпақтап айтқан жұртқа мәлім жауабын немесе Абайдың “Қан сонарда бүркітші шығады аңға” деп басталатын әйгілі өлеңіндегі түлкі мен бүркіттің арпалысын суреттеп:
Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы,
Адам үшін батысып кызыл қанға.
Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі:— кызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға,—
деп жазған жақсы жолдарын әдебиет зерттеушілерінің бәрі шендестірудің үлгісі ретінде ұсынып жүр. Өте дұрыс!
Шендестіру біздің бүгінгі ақындардың өлеңдерінде де жиі ұшырайды және жаңа, жақсы шыраймен көрінеді.Бір ғана мысал:
Бояулар: кара, қызыл, қоңыр, сары…
Қолында суретшінің соның бәрі.
Тек сарымен бояса, нетер еді?
Онда тегіс құлазып кетер еді.
Тек қарамен бояса, қайтер еді?
Күндізі де түн бе деп айтар еді…
Ал бәрімен, әр түспен бояса ше?
Бәлкім, ару күлімдер қара шашты.
Бәлкім, гүлдер жайқалар алаулаған,
Бәлкім, таулар мұнартар манаураған…
Бір-бірімен тұтасып бояу біткен
Сәуле болып құйылар сонау көктен.
Сезімім кенет менің, күбір етті:
Біріккен бояу қандай құдіретті!..
(Е. Ибраһим.)
Айшықтаудың бір түрі — д а м ы т у, г р а д а ц и я (латьшша §гасіаііо — бірден-бірге күшейте беру) — а л д ы ң ғ ы с ө з д е н с о ң ғ ы с ө з д і, а л д ы ң ғ ы о й д а н с о ң ғ ы о й д ы, а л д ы ң ғ ы қ ұ б ы л ы с т а н с о ң ғ ы қ ұ б ы л ы с т ы а с ы р а, а с қ а қ т а т а т ү с у.
Градацияның мұншалық қызық әсері өлеңдегі секілді прозалық шығармаларға да өзгеше рең береді. М. Әуезов өз эпопеясында дамытудың дәл осы қасиетін біліп қолданған:
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқа-ның қоңыр желіндей жай жылжып, бірақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахра бұрын естімеген сарын есті Ғасырлар бойы жұмбактай үнсіз сұрақпен мелшиіп, мүлгіп тұрған далаға жел қанаты-мен жырдай жауап есті. Игі желдей… Жыл жетерін білдіретін. тін көктем желіндей есті… Ақшоқыда туған өлең мен ән жатталып көшіріліп, әуендеп толқып Ералыға жетті… Ақшоқыда туған өлең’ өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атрапқа тарап жатты! Даланың коңыр желіндей, жай соққан самалындай лупіл-толқып, Тобықты жайлауларын түгел шарпып өтті. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесекке, Қуандықка да кетті. Аягөз, Тарбағатай, Алтай Наймандарына да жетіп жатты. (“Абай жолы” )
Айшықтаудын. ‘бір түрі — с ө з о р н ы н а у ы с т ы р у, яки и н в е р с и я (латынша іп^егзіо — орын езгерту, төңкеру) — прозалық, әсіресе поэзиялык, шығармаларда с ө з д е р д і ң ә д е т т е г і г р а м м а т и к а л ы қ т ү зі л у
т ә р т і б і н е н т ы с, о р ы н д а р ы н а у ы с т ы р ы п, ө з ге ш е т і р к е с т е р құру. Тіл мен стильдегі үйреншікті машықтан бөлек бір алуан мәнер іздеп байқау үшін бұл тәсілді де оқта-текте орнымен қолданудың оғаштығы жоқ.
Қазақ жазушыларының ішінде инвереияға көбірек бой ұратын — Ғабиден Мұстафин. Онын, романдарынан жиі ұшырайтын ауыспалы тіркестерге ақырман көзі о баста біраз тосырқай қарағанмен, кейін үйреніп кетті. Мысал келтірейік:
Салардық Аманы .. шаңқан боздың, басынан аса секірердей, ерінен көтеріле, ұмтыла береді алға .. Жаныңнан безгенін, келе бер,— дегендей, етпетінен түсіп, көзінен от шаша күрілдеп жатыр көк-жал.. Қайтып тұра алған жоқ, талшоқпар жүйемелете тиді шекеге. (“Дауылдан кейін”.)
Осы үш сөйлемнің де аяқталуы әдеттен тыс, үш сөйлемнің де соңғы сөздері өз орындарынан ауысып түскен, жазылған емес, сөйленген, оқылған емес, естілген сөздер секілді оқыс әсер туғызады. Инверсияның құбылту күші де, мүмкін, осында шығар.
Айшықтаудың бір түрі — сөз тастап кету, яки э л л и п с и с (грекше еііерзіз — түсіріп тастау, аттап айту) —с ө й л е м і ш і н д е н е м е с е ө л е ң ш у м а ғ ы н д а а т а п
а й т п а с а д а т ү с і н і к т і к е й б і р с ө з д е р д і ә д е й і ж а з б а й т а с т а п к е т у.
Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетісе де түсінуге болады:
— Шап, әкеңнің…— дедім мен оған ақырып. (“Мөлдір махаббат”.)
— Ой, енесін… екі жаман балықшы ғой, Шалкарға айдап апара жатырмыз. (“Ымырт”.)
Мұндай эллипсистің түрлері көп-ақ, оларды мысалға көптеп келтіріп жатудың қажеті жоқ.
Эллипсис кейде адамның ішкі халін, қиын-қиын көңіл-күйін, шым-шытырық оқшау сезімдері мен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін аңғарту үшін де жұмсалады. Ала-құла ой, қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір хияли кісіңің оқыс күйініш-сүйініші.., Осылардың бәрі эллипсис арқылы ұқтыруға болады. Мысалға ақылы ауысқан Қаракөздің мына сөздерін алып қаралық:
Жығылып барам… Ұйқтайын ба? Өлсем бе?.. Құлап кетем, тау басынан ұшып келем… жерде тоғай… көп тоғай? . Шакырады… Иә, иә барам… Келе жатырмын… тоғай… Ә… қайда кетті?… (М. Әуезо’в)
Осыны әсіресе сахнадан, Зәмзәгүл-Қаракөздің, аузынан тыңдағандағы адамның үрейін ұшыратын сұмдық әсер кейіпкер сөзіне эллипсис аркылы дарып тұр.
Айшықтаудың тағы бір түрі — е г і з д е у, яки п а р а л л е л и з м (грекше рагаііеіоз — қатар жүру, қанаттасу) — е к і ұ д а й н ә р с е н і, қ ұ б ы л ы с т ы, ұ ғ ы м д ы,
с е з і м д і қ а т а р қ о й ы п, ж ұ п т а п с у р е т т е у.
Көк ала бұлт сөгіліп, Жауған күнмен жаңғырып,
Күн жауады кей шақта Жер көгеріп, күш алар.
Өне бойың егіліп, Аққан жасқа қаңғырып,
Жас ағады аулақта. Бас ауырып, іш жанар.
Абай.)
Бұл — адамның көңіл күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі: ақын жаздары жаңбыр мен адамның көз жасын қатар суреттей келіп, екі түрлі шындықты танытады да, шынайы философиялық түйін шыға-рады.
Сарғая күтіп көктемді Көктем келді, сарысу
Сап-сары боп су ақты… Бола қалды мөп-мөлдір.
Шынтаққа алып сексенді Жылға бойы у да шу,
Жағада жалғыз шал,— жатты Жамырады жас өмір…
Су сарғайды ылайлы, Сылқ-сылқ етіп су күлді
Шал қарғайды кұдайды. Шал бір ауыр күрсінді.
(К,- Аманжолов.)
Бұл да психологиялық параллелизм арқылы жасалған әсерлі сурет, сурет қозғаған сезім, сезімнен туған сыр: шынында да табиғаттың биыл “кеткен” көктемі келер жылы жаңғырып қайта оралады, ал адамның өткен жас шағы ғұмырда қайтып -келер ме? Шал соны ойлап күрсінеді…
Екі жаяу келеді:
Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар;
Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ
Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып,
Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып
Бірі үй сап, сол үйдің жылынуын тілейді;
Бірі — орға досының жығылуын тілейді
Екі жаяу келеді, ортасында — бір күрек;
Сол күректің астына қашан түсер сұм жүрек
(Е Ибраһим)
Бұл — ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты солар қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра егіздеу. Бұл параллелизм де парасатты байлауға апарады.
Сағындың ба, Қаракұм,
Сарыарқадан жаңбыр болып келейш
Сағындың ба, Қарақұм,
Жаңа туған ән жыр болып келейін
(М Әлімбаев )
Манаурайды балбырап таң ғажайып,
Торғын төсін тосады таңға жайып
(Қ Шаңғытбаев)
Қыңыр болды не керек,— болайын деп болды ма’
Бір үн болды керемет,— болайын деп болды маэ
(Ж Нәжімеденов )
Бұлар — әр алуан синтаксистік параллелизмнің үлгілері. Егіздеудің мұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.
«Ізденіс» әдісі
Топтарға «Шақан-шері» романынан үзінділер мен соған лайықты тапсырмаларды таратылады.
1-топ
«Шақан-шері» романының «Бастау немесе эпилогқа кіріспе» бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (теңеу) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен теңеудің жазушының астарлы
ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы
қолданысын анықтаңыздар.
2-топ
«Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының 1,2-бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (эпитет) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен эпитеттің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.
3-топ
«Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының
3-бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (метафора) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен метафораның жазушының
астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.
4-топ
«Шақан-шері» романының «Қамыстағы үй» тарауының
4,5 - бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (портреттеу мен мінездеулер) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен портреттеу, мінездеулердің жазушының астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы қолданысын анықтаңыздар.
5-топ
«Шақан-шері» романының «Жолбарыс жымы» тарауының
1,2 - бөлімінде жазушы қолданған көркемдегіш құралдар (пейзаж) мен айшықтау амалдарын табыңыздар. Айшықтау амалдары мен пейзаждың жазушының
астарлы ойын беру және кейіпкерлер бейнесін ашудағы
қолданысын анықтаңыздар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?