М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Топқа бөлу.
ЖОЛБАРЫС – ҚАСҚЫР
ШАҚАН ШЕРІ – АДАМДАР
АДАМНЫҢ КЕГІ- ҚАСҚЫРДЫҢ КЕГІ
ТАБИҒАТ ЗАҢЫ- ТАБИҒАТ ЗАҢЫ
Романнан үзінді.
Романда: «Тәңірі тағаланың құдіретті пәрменімен жаратылған он сегіз мың ғаламда басы артық бір нәрсе жоқ. Қара жерде қыбырлаған құмырсқадан көк аспанда шарықтаған қыранға дейін, су сүзген балықтан шөл кешкен құланға дейін қилы кейіпті, қаншама махлұқат бар екен, соның бәрінің өз несібесі, өз орны болса керек. Хақ тағала біріне-бірін селбестіріп, біріне-бірін бақтырып қойған. Бірақ түп иесі адам. Ендеше, орныңды біл, қарауындағы жан-жануарға жазықсыз жапа шектірме». Жолбарыс Іле аймағын бұрыннан мекендеген жыртқыш. Жолбарыс бұл мекенде өсіп-өніп , тіршілік заңымен, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өмір жорасымен тиесілі несібесін жеп, кең алқапты еркін басып, еркін аралап, жер басып жүріп жатқан. Ол мекеннің тыныштығын «АДАМ» бұзды. Ол адам елден безінді, елін жатсынды. Ақыр аяғы отбасы жыртқыштың жемтігі болды. «Тыныш жатқан жыланның құйрығын баспа» демекші, «кек – кекке жетелейді екен, жауыздық тек жауыздықты ғана туғызады екен».
«М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі аңыз сияқты басталады да реалистік баяндау түрінде аяқталады... М.Әуезов өзінің «Көксерек» әңгімесінде түрк аңыздарының ежелгі тақырыбын қозғаған.
М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Бұл, расымен де ұзын сонар тақырып екені белгілі. Және де дәл сол шығармаларды оқу арқылы да жазушы шабыт алғанын көреміз. Дж. Лондонның «Ақ азу» романындағы көптеген детальдың «Көксеректе» де кездесуі кездейсоқтық емес. Қасқырдың «өзінше ойлауы, өзіндік менінің» болуы да дәл сол «Ақ азудан» алынған бөліктер еді. Шығарманың көркемдік деңгейі аса жоғары болмаса да, типтік образ жасау, қазақтың қарапайым қойшы баласын – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал табиғаттың рөліне көшкен Көксерек ше? Көксерек десе кез келген қазақтың тітіренетінін, қозатынын жақсы білеміз. Мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Шығарма тақырыбы мен тематикалық проблематикасы және оның қазақы таным-ұғымға ыңғайлана құрылуы үлкен жетістік деп білеміз.
https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24112
«Көксерек» шығармасының фабуласы.
Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын. Құрмаштың нағашысы қасқырды өлтіріп онын екі көзін ашқан күшігін өлтіріп бір ең кіші көзін ашпағаын ауылғы алып келеді . Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады.
Қасқырдың бөлтірігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек есейіп ер жетеді. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне кұшік кезінде тисіп тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймас талай қазандағы еттерді жеп кететін. Арықарай көксерек көкжал болады. Ол далаға кетеді. Ауылға қайтып оралмайды.
Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сұреді . Қатты боранда ол 7 аш қасқыр кездестіреді. Көксерек солармен бірге ауылдың бір күнде бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқығы ,қойга шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде көксерек және 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Көксерек атпен оларға қарсыы шабады. Сол кезде Құрмаш аттан құлайды. Құрмашқа көксерек шабады.
Көксерек жықындағанда ол көксеректі оның бір құлағының астындағы еннен таниды. Көсөксерек дейді. Сол кезде көксерек онин басын бырақ асайды. Ауылда бір аңшы бір төббет итті асырайды. Ол ит қасқыр алатын ит екенін ауыл адамдары мойындайды .Ол бір қасқыр ұстайды. Өзі көкжалдай болады. Ол көксеректі іздеуге бірнеше адам болып шығады. Жанағы тайыншадай итті бірге алып шығады. Олар көксеректі бір сайдын жотасынан кездестіреді. Сол мезетте көкжалға арыстандай атылып , жолбарыстай бақырып үлкен төбет көксерекке тұра ұмтылады. Екеуі біраз арпалысады. Екеуінің күші тепетең болады. Екеуі бір бірімен тістесіп екеуінін ауыздары қарсып қалады. Сол кезде ит иесі мен ауыл тұрғыны келіп көксеректі бауыздап жібереді. Төбет ит сол кезде зорға демалады. Олар ауылға көксеректі алып келіп оны Құрмаштың апасына алып келеді.
Сол кезде апасы “Менің баламнын жазығы не деп айтады?”. Апасы қайғыдан құса болады.
https://baribar.kz/student/1043/mukhtar-auezov-koekserek-anhgimesininh-m/
«Шақан шері» шығармасының қысқаша мазмұны.
Жан дегенде жалғыздарын өлтірген жолбарыс қайта келген түні ол әлі де қорқатын, тарғылмен бетпе-бет жеке айқасқа түсіп көрмепті. Ал сол түні, өз шаңырағында өзі атқан қорғасын оқ жыртқыштың сол жақ көзіне тиіп, құлақ шекесін қақырата тесіп өтті. Содан соң ақ балтамен жуан мойнынан басын шауып түсірді. Сосын артқы аяғын шапқанда, балтасы бірдеңеге тиіп кеткендей болып еді, қараса кәдімгі мылтық оғы екен. Артқы аяғында екі аяқтылар салған таңба қанша уақыт бойы жүрген? Бұрын ұсақ аңдарды аулап, азық қып жүрген Шақан әйелі мен баласының кегін арқалап, жолбарыс тұқымын құртуға деген ниеті туындаған осы күннен бастап, қу, әккі аңшыға айналады. Бұдан кейін Шақанның өшпенділік кернеген жүрегі мұздай қатып, кішкене әлсіз шөнжіктерді де қырып салып жүрді. Аңшы психологиясы орманда, түзде жүргенде жануарлар түйсігімен астасып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Мысалы, әр жануардың дем алысынан, жүрісінен, ізінен қандай жағдайда болғанын, алда не болатынын болжап, біліп тұрады. Мысалы, қояндар әрлі-берлі қамсыз шапқылап жүрсе, жолбарыстың жақын маңда болмағаны, тарғыл шері жүрген жерге қасқырдың жақындамайтыны, қабандардың бейқам тірлігі жолбарыстың алыста екендігінен хабар беретіні, сауысқанның саңқылының қай жақтан шыққанына қарап, жыртқыштың қай тұста екенін білуге болатынын дәл бағамдай алатын. Және жолбарыстың от жағылған жерге келмейтінін де жақсы білген. Қақ алдынан төніп тұрған үлкен қатерден тайсалмай, жыртқыштың кеудесіне қанжар сұғуы Шақанның жолбарыс аулауда шыңдала түскендігін көрсетеді. Аңшы психологиясының аңшылыққа берілгені сонша, бірнеше жыл бойы адамдар көзінен тасаланып, адами ортадан оқшаулануы, түр-сипатының да жолбарысқа келіңкіреп, киген киімі де, кейде төрт аяқтап жүруі де, жыртқыштан аумай кетуі, жабайылануы – Шақанның әйелі мен баласының аруақтары алдында берген сертіне деген адалдығы болатын.
Кейінірек, басты кейіпкер аңшы Шақан кішкентай шөнжіктерді атпай, құйрығын шолақ етіп кесіп тастап кетіп жүрді. Алайда, олардың көбісі үлкен аңдарға жем болып немесе аштан қырылып қалды. Бір күні қыңсылап, жер бауырлап, аштықтан әлсіреген шөнжікті өзі аулаған құрмен әлдендіріп алды. Кейін мойнына қарғы салып, жанына ертіп жүрді. Біршама уақыт асырағаннан кейін, түз тағысы, есейгенде азуы ақсиған жолбарыс болады деп, бір жағынан атуға қимай, үлкен қабанмен алдап, адастырып кетеді. Бірнеше жылдан соң, Шақанның алдынан кезіккенде оны танып, оған еш тиіспестен өз жөніне кетуі – жолбарыстың аса текті жыртқыш екенін көрсетеді. Енесін өлтіріп, құйрығының жартысын кесіп тастап кеткен адамның жамандығын емес, жасаған азғана жақсылығын ұмытпаған хайуанды текті деуіміздің де жөні бар. Тағы бір айта кететіні, жолбарыстың қайсарлығы, табандылығы хақында. Ұрғашысының жалғызсырап, ақырғанын естіп келген жас арлан мен кәрі арлан арасындағы айқаста, жолбарыстың кері қайтпайтын ер мінезі, өліспей, беріспейтіндігі көрінеді. Қаншыр үшін айқаста, бірі өліп, бірі жеңіске жететінін біле тұра, қызыл ала қанға бөккенше алысады. Ақыры, біреуі сұлқ түсіп, мерт болады. Осыны тамашалап тұрған аңшының өзі, табиғаттың заңына таңдай қағып, жолбарыстарды шағылысқан уақытында өлтіруді обал санап, кейін шегінеді.
Жолбарыс тұқымын құрту жолында көп қиындық көрген соң, Шақан табиғат пен адамның арасындағы тепе-теңдікті бұзып, табиғи заңдылыққа қарсы келгендігін түсінеді. Әуелгіде оны ел-жұртынан айырып, ен далаға қуған жолбарыс емес, адам екенін ұғып, бір кектің артында түз тағысының тағдыры жатқандығына көзі жетеді. Оны романдағы мына бір үзіндіден көруге болады:
«Кенет өзін осы жолға түсірген жалмауыз жолбарыс көз алдына келді. Балаға шапқан, әйелді шайнаған кезі емес. Өлім сәті. Өлгеннен соңғы бұтарлап шабылған сәті. Артқы аяққа шор болып байланған қорғасын оқ. «Жолбарыс өз бетімен кісіге тимейді». Құба-мерген айтқан. Қара-батыр айтқан. Атабек Ақсақал айтқан. Өзі де көрді. Сонда, жалмауыз кек қуғаны ма?! Бір кісіден көрген жапасын бір адамға артқан. Жүрген ізін қанды соқпаққа айналдырған. Бұл да қазаға ұшырады. Қорғасын оқ емес, тас қайғы – екі бірдей қаза жүрек басына түйітпектеліп жабысты. Бір жыртқыштың кінәсін тарғыл тонды барлық шеріге артыпты. Содан не тапты?
Кек. Кегі аңда емес, адамда болуға тиіс екен. Елден аң емес, адам айырыпты…»
Осы ішкі арпалысынан соң, Шақан өзінің ескі қонысына, өз жұртына бет түзейді. Ал онда барғанда темір кісен күтіп тұрғаны айтылады да, шығарма аяқталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?