Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романының идеясы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы
10 сынып , қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: |
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романының идеясы | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | А/И 2. Автор бейнесі Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы | ||||
Сабақ мақсаты: | 10.А/И2. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау; 10.Б/С1. Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; | ||||
Құндылықтарды игерту: | - өмір бойы білім алу; - ашықтық;,құрмет,адалдық,жауапкершілік; | ||||
Пәнаралық байланыс: | Тарих ,психология | ||||
Пайдаланылған дерек көздер: | Қанатты сөздер, романнан үзінді. «Фишбоун» әдісі; http://kitap.kz/index.php/catalog/book/974-aqbilek | ||||
Бағалау критерийлері: | Шығарманың идеясын анықтайды; Мазмұндас шығармалармен салыстырады; Өмірмен байланыстырады; Тарихи және көркемдік құндылығына баға береді. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту Пән лексикасы және терминология: астарлы ой Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау; | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Ж.Аймауытов шығармашылығы | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||
Сабақтың басы 3 мин 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылар назарын сабаққа аударамын, сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстырамын , топқа бөлінеді) Оқушыларды 1-2-3 санамалап топқа бөлеміз. ІІ. Қызығушылықты ояту «Жүсіпбек Аймауытов – бүкіл бітім, табиғатымен, бар икем – қабілетімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адам» Т.Қожакеев Ой шақыру:
Оқушылар пікірі сұралады. |
| |||
15 минут +10 минут 7 минут 15 минут Сабақтың соңы 15 минут | Мұғалім сөзі: Ендеше, әрбір шығарма өмір мектебі десек, «Ақбілек»романының да өзіндік айтар ойы, ой саларлық идеясы бар. Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші. Қою қараңғылық.Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді.Олар бірте-бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе... Түнімен қасқырлармен алысқан Ақбілек түнді ұйқысыз өткізді. Себезгілеп таң атты. Берілетін тапсырма: 1.Шығарманың идеясын анықтаңыз. Мұғалім сөзі: Натурализм бағыты XVIII ғасырдың ІІ жартысында Францияда пайда болған. Натурализм – талдау, анализ жасау деген сөз, мұнда адамның өмірін сынақтан, эксперименттен өткізу арқылы оның мінез-құлқындағы,ой-санасындағы қайшылықтарды шешу,қалтарыстарын таныту ниеті байқалады. Бұл бағыттың негізін салған – белгілі жазушы Эмиль Золя. Натурализмнің ерекшеліктері: Кейіпкердің ғұмыры түрлі сынақтан өтеді.Сол сынақтан өту кезіндегі кейіпкердің бойында болатын психологиялық өзгерістерді бақылау идеясы. Шығармадағы кейіпкерлердің психологиясын бақылай отырып, автордың идеясын анықтауға болады. Сұрақтарға жауап бере отырып, өмірмен байланыстырады. І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді; Шығарманың идеясын анықтайды; Өмірмен байланыстырады 2.Мазмұндас шығармамен салыстырыңыз. Ақбілек сынды қазақ қызының ұқсас тағдыры көптеген шығармаларға арқау болды. Соның бірі Д.Исабековтың «Тіршілік» повесі. Шығармадағы кейіпкер Қыжымкүлдің ауыр тағдыры оқырманын бейжай қалдырмайды. Екі шығарманы салыстырыңыз. Тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз «Фишбоун» әдісі (Бас сүйегі –мәселе ,үстіңгі қаңқасы- сеептері, астыңғы қаңқасы- деректер, құйрық қаңқасы – шешім) Дескриптор:
ІІІ. Ойтолғаныс Ақбілек өмір сүрген кезеңнің көрінісі қазіргі уақытта кездеседі ма? | http://kitap.kz/index.php/catalog/book/974-aqbilek https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%B7%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD | |||
Кері байланыс 5 мин | « 5 минуттық эссе» Шығармадан қандай ой түйдіңіз? | ||||
Үйге тапсырма: | Әдебиет теориясы ұғымдарын қайталау | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||
Ойлан Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?