Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Бөлім | Ж. Аймауытов. «Ақбілек» романы | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру; | |||||||||
Оқу мақсаттары | Оқушылардың барлығы көтерілген мәселені анықтайды Оқушылардың көбі көтерілген мәселеге сыни пікір білдіріп, баға береді Оқушылардың кейбірі көтерілген мәселеге терең сыни пікір білдіріп, баға береді | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
НЗМ құндылық | Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру;тілге деген құрметін арттыру; өзге елдің мәдениетін құрметтеу | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: теңсіздік, революция, жаңа заман, бейімделу, оқу, қала өмірі, психологизм т.с.с Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,...... | |||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту: «Мен таңқы мұрын бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым 35-те. Әкем Тойбазар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес. Ес біле есікте жүрмін. Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады. Қашағанды жалғыз ұстаймын. Асауды жалғыз үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боданда жылқы бағамын. Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп- қатермен алыспай, адам адам болмайды екен... Жылқы бақтым, кісі болдым»
| |||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны ажырату Т. Оқушылар тапсырманы топта орындайды. Берілген үзінділер бойынша жұмыс жүргізеді. Тапсырма.
1-топ. Адамның жүрегіне бататыны құлынының қиналғанын көре тұра, өз баласын өзінен тепкен ата-ананың қылығын көрген Ақбілектің халі еді. Себебі қорғаным деп жүрген адамнан қолдау көрмеу – кеудеңдегі жүрекке шоқ басқанмен тең. Бұл дүниеде одан асқан ауыр азап бар ма? Ал Ақбілек өмірдің сондай соқпағына душар болды. Бірақ, ол өзінің бойындағы өр рухты өшірмеді, керісінше өсірген үстіне үстіне өсіре берді. 2-топ. Ағасы Төлегеннің артынан іздеп барып, оқуға түседі. Нағашысы Кәмиләмен кездесіп, өз өмірлері төңірегінде өрбіткен сыр – сұхбаттары, Ақбала,Балташ т.б қатынастары қандай өзгерістерді,жаңашылдықты байқатады? 3-топ. «Марқакөлдің шыныдай тынық суы да, көл жиегіндегі иірім-иірім ауыл да, пырылдап, кісінеп, оқыранып, өріске тартып бара жатқан жылқы да, жылқышының қызыл ала тысты тымағы да, анау қозы алып жүрген қайқы төс келіншектің жасыл көйлегі де, аттың жалы да, жеңгесінің басындағы күлдібадам орамалы да батар күннің сарғылтым сәулесіне шомылып, жер-дүние сары көзілдірікпен қарағандай жымыңдап, саңғырап тұрғанда, Ақбілек туып өскен ауылына жетті. Ауылда иттер шуылдайды, қорада қой маңырайды. Аспанда торғай шырылдайды. Қырындап ұшқан құс. Сары ала керенаулап, мыңқылдайды. Енесін іздеп ауылда лақ безілдейді». Қарамен берілген сөздерге назар аударыңыздар. Ол нені білдіреді? 4-топ. «Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып тұр еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді. Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түрегелгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап тәп-тәтті күлгені, әнтек жымиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шыны аяқ ұсынғаны, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны, мұның шыны аяғына білдірмей бір қант тастап жібергені...» романда Ақбілектің портретін Бекболаттың көзқарасымен береді. Бағалау критерийі:
Топаралық бағалау «Неге? Неге? Неге?» әдісі. Топтар сағат тілімен жылжи отырып, бір-бірін бағалап шығады. Әрбір критерий бойынша бағалағанда Неге? Сұрағына жауап беріп отырады. Мысалы, «көтерілген мәселені анықтай алды. Неге? Себебі олар..... мәселелереді атап өтті, біз олар мен толық келісеміз. Көтерілген мәселені толық көрсетіп бере алмады. Неге? Себебі мұнда бірнеше мәселе көтерілгенмысалы,.... Олар біреуін ғана атап көрсетті. Ұсыныс: мәселені анықтауда мұқият болуды, топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруды ұсынамын.» |
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Рефлексия.
| |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
| ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Мемлекеттік тілге сұранысты арттырудағы қазақ тіліндегі интернет ресурстардың рөлі
Қазақстанның болашағы қазақ тілінде
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды