Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.1 Әдеби сын

 Сабақ мақсаты

10.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

 Бағалау критерийі

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер: табиғат, оқыс оқиға, тағдыр, ақтар, қара мұрт, көріксіз

Пән лексикасы және терминология: әдеби сын, идея

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

Қызығушылықты ояту

Топтастыру

 Ақбілек бейнесін сомдау үшін жазушы қолданған қосалқы кейіпкерлерді топтастырып, осы кейіпкерлер әрекетіне байланысты автор көзқарасына болжам жасаңыз.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

А-4 қағазы, түрлі түсті қалам

Сабақтың ортасы

9-20

21- 25

26- 33

34-36

1-тапсырма. Ж. «Өзіндік пікір» әдісі

 Жазушы шығармада қандай мәселелер көтерген? Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселені ұсыныңыз. Автор көтеріп отырған маңызды мәселеге романнан дәлел келтіріп, өз көзқарасыңызбен пікір білдіріңіз.

 Жазушы көтеріп отырған маңызды деген үш мәселе

 Автор көтеріп отырған маңызды мәселеге дәлел (романнан)

Өзіндік пікір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма. Т. «Талдап білу» әдісі

Оқушылар Эмиль Золяның «Көріксіз қыздың көз жасы» шығармасын Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы тартысқа толы психологизммен салыстыру үшін алдымен жұпта оқиды, содан кейін топта бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.

Талқылаушы - шығармалардың идеясын салыстырып талқылайды.

Белгілеуші – шығармалардағы кейіпкерлердің күйзелісі бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы- шығармалардағы оқиғаларды өмірмен байланыстырады (Мұқаш пен Дюрандо қарттың бейкүнә қыздарға жасаған әрекеттері).

Топ шешені- шығармалардағы кейіпкерлер әрекетіне сәйкес мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- Ж.Аймауытов пен Э.Золя шығармаларының мазмұндарын салыстырып, қорытынды жасайды.

3-тапсырма.

Ж.Аймауытов пен Э.Золя шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады.

Өздік бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

«Ақбілек» романын мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазу

жазушы көтерген маңызды үш мәселені анықтайды

маңызды мәселеге романнан дәлел келтіреді

көтерілген мәселеге қатысты өзіндік пікір білдіреді

Э.Золяның «Көріксіз қыздың көз жасы» шығармасын «Ақбілек» романымен салыстыру үшін оқиды

шығармалардың идеясын салыстырады

кейіпкерлерге қатысты сұрақтар құрастырады

кейіпкерлердің іс-әрекеттерін өмірмен байланыстырады

кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты тұжырым жасап, қорытынды жасайды

кейіпкерлердің қабылдаған шешімін салыстырады

жазушылардың көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазады

презентация

https://abai.kz/post/38684

Эмиль Золя. КӨРІКСІЗ ҚЫЗДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • Ж.Аймауытов «Ақбілек» романын оқу;
  • Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен шығармашылығының зерттелуіне қатысты жұмыстармен танысу.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу