Ғибратқа толы ғұмыр. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі
________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақтың Қанышы | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 Қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Ғибратқа толы ғұмыр | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; А/И 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме) жазу. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармадағы басты кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау; Романдағы көтерілген мәселелерге талдау жасау, эссе жазу. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне қатысты сұрақтарға жауап береді; «FILA» кестесін толырады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, роман-эссе, кейіпкерлер жүйесі, ұлттық мүдде, материалдық және рухани құндылықтар, т.б. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, сөз өнері, т.б. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Бастапқы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңдері. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. Қ.Сәтбаев туралы пікірлер арқылы тақырыпты болжату, пікірлердің мазмұнына назар аударту. Әлкей Марғұлан: «Музыкамен қатар, Қаныш өнердің бір түрі – биді де қатты қадірлейтін. Полька, мазурка, вальс билерін ол кездегі қазақ жастарында бұлардай ешкім билемеген». Әбділда Тәжібаев: «Қаныштың ұлы ақындарымыздың бірі екеніне бүгінге дейін шәктеніп көрген емеспін. Рас, ол ұлы ақын еді. Ол желдің, судың тілін түсінетін, далада жатып жердің алып жүрегінің қалай соққанын тыңдайтын, тереңдегі мұнайлар шуылын еститін. Оған тас сөйлеп, сыр шертетін, темір ән айтатын. Ол нағыз адам еді ғой». Сәбит Мұқанов: «Ол жан-жақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, өнердің сан саласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын. Жалпы, Қаныш сөзге сараң кісі еді. Ол өз білгенін орынсыз айта бермейтін. Ал кездесулерде, үлкен жиындарда, басқосуларда басқалардан озық шығып, ойлы келіп отырады. Ғылымның бар саласынан бес саусақтай хабардар еді, бәрін де жете білетін. Әркім одан жақсы ой, пайдалы пікір, әдемі әңгіме, алуан жаңалық есту үшін баратын». Сабақ тақырыбы анықталған соң, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. | 1-слайд 2,3-слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 3 минут 10 минут 3 минут 12 минут | 1-тапсырма. Оқушылардан кейіпкерлерді және олардың сөздерін, шығармадағы рөлі мен әрекеттерін талдауды талап ететін тапсырма беріледі. «Шеңбердегі сұрақтар» әдісі. 1-қадам. Оқушыларға сабақтың мазмұны бойынша, яғни, кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісіне байланысты сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтары таратылады. 2-қадам. Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескереді. 3-қадам. Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады. 4-қадам. Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады. Олардың ішінен проблемалық сұрақтарды топ болып іріктейді. 5-қадам. Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дескрипторлар: - кейіпкерлер жүйесіне және олардың сөздеріне талдау жасайды; - кейіпкерлердің шығармадағы рөлі мен әрекеттерін анықтайды; - проблемалық сұрақтар құрастыра алады; - сұрақтарға тапқырлықпен жауап береді. Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, ұсыныс білдіреді. Мұғалім тарапынан сұрақтардың құрылымына, жауаптардың мазмұнына талдау жасалады, кері байланыс беріледі. Топқа бөлу. Оқушылар «Қазақтың Қанышы» роман-эссесі кейіпкерлері арқылы 4 топқа бөлінеді: І топ: Қаныш ІІ топ: Имантай ІІІ топ: Әлима ІV топ: Жаяу Мұса 2-тапсырма. Топтық жұмыс. Оқушылар қаламгердің «Қазақтың Қанышы» роман-эссесін жазу мақсатын талқылайды. Оқушылар жазушының бұл шығарманы жазу себебін ескере отырып, «FILA» кестесін толырады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады. F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау; I /Пікір/– кейіпкер туралы өзінің ой-пікірін білдіру; L /Сұрақ/– кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындау; A /Іс-әрекет/– автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтау. І топ: «Өрге көтерілген дария» бөлімін талдайды, ІІ топ: «Соңғы парыз» бөлімін талдайды, ІІІ топ: «Ғылым ордасын көтерерде» бөлімін талдайды, ІV топ: «Болжаулы барлау» бөлімін талдайды.
Дескрипторлар: - шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды; - кейіпкер туралы өзіндік ой-пікірін білдіреді; - кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды; - автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілдерін анықтайды; - топтық жұмысқа белсенді қатысады. Топтық бағалау. 1-2, 2-3, 3-4, 4-1 топтар дескрипторларға сүйене отырып, бір-бірінің жауаптарын бағалайды. 3-тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушыларға төмендегідей тақырыпта 120-150 сөз көлемінде эссе жазу тапсырылады: «Қазақтың Қанышы» роман-эссесінде Медеу Сәрсеке болашақ ғалымды қалай сипаттайды? Сіз бұл сипаттамамен келісесіз бе? Жауабыңызды дәлелдеңіз. Оқушыларға ойларын қорытындылап, аргументтер келтіру үшін дәйексөздер мен комментарийлер кестесін пайдалануына болады. Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар: - эссе құрылымы мен сөз көлемін сақтайды; - тақырыптан ауытқымайды; - келісу, келіспеу себептерін білдіреді; - шығармадан нақты дәлелдер келтіреді. | 4-слайд 5-слайд 6-слайд 7-слайд http://emirb.org/serseke-m-shifarmalari.html?page= М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе 8-слайд 9-слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс. | 10-слайд | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?