Абайдың отыз екінші қарасөзі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

Абайдың отыз екінші қарасөзі

10.2.4.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу ;

 Сабақ мақсаты:

Барлығы: Шығармадағы мәселелерді талдай отырып, шығармашылық жазылым жұмысын орындайды ;

Көпшілігі: Шығармадағы мәселелерді талдай отырып, шығармашылық жазылым жұмысын орындайды, креативтілік танытады;

Кейбірі: Шығармадағы мәселелерді талдай отырып, шығармашылық жазылым жұмысын орындайды, креативтілік танытады. Тың пікірлер ұсынады;

 Бағалау критерийі

Шығармадағы мәселелерді талдай отырып, шығармашылық жазылым жұмысын орындайды

 Дескриптор

  • Жазылымның кімнен екендігін нақты көрсетеді;
  • Жазылым аудиториясын айқын ұсынады;
  • Жазылым жанрының құрылымын сақтайды;
  • Жазылым барысында 32-қарасөздің идеясын негізге алады;
  • Жазылымды 180-200 сөзбен ұсынады

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

Таныстырылыммен танысады

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Cегіз аяқ, адам кемшілігі, тіл,сөз құдыреті

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтің «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі, «Ескендір» поэмасы

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

5 минут

Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл»

Оқушылар монолог, хат, диалог, үндеу хат, ой толғау жазудың ерекшеліктерін естеріне түсіріп, пікір алмасады.

  • Монолог, үндеу хат, диалог, ой толғау жазудың қандай стильдік ерекшеліктері бар?
  • Бұл жанрлар қай стильге жатады?

Ортасы

33 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

Жазылым алды жұмыс

РАФТ стратегиясы

Жұптағы оқушыларға кесте таратылады. Оқушылар кесте бойынша жазылым жұмысына таңдау жасайды. Таңдау вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтар сызу арқылы таңдалады. Оқушылар жұмыс алгоритмімен танысады.

Рөл/Кімнен?

Аудитория/кімге?

Форма/қандай формада?

Тақырып/не жайында?

Абай

Бүгінгі ұрпақ

хат

Көшбасшы болу жолдары

Ғалым

Халыққа

Монолог

Білімге құштарлық

Абай заманындағы қоғамы

Абайға

Үндеу хат

Өзін-өзі тәрбиелеу

Абай

Ғалымдарға

Диалог

Қанағатшылдық

Өзімнен

Абай заманындағы қоғам

Ой толғау

Бейбітшілік

Жазылым жұмысы

РАФТ стратегиясы

Оқушылар таңдаған тақырыптары бойынша 180-200 сөз көлемінде жазылым жұмысын орындайды. Жазылым барысында шығарма үзінділерін пайдалану тиіс. Жазылымды әр оқушы жеке орындайды.

Жазылымнан кейінгі жұмыс

Топтағы оқушылар бір-бірлерінің жұмысын кезек-кезек оқып, үздік жұмысты анықтайды. Әр топтан бір үздік жұмыс ұсынылады.

«Автор орындығы»

Топтан анықталған үздік жұмыс автор орындығындаоқылады. Оқушылар үздік жұмысты «бес саусақ» әдісі арқылы бағалайды.

«Бес саусақ»

Автор орындығында оқылған жұмыс бес саусақ әдісі арқылы бағаланады.

Бағалау

Әр жұп өздерінің жұмыстарын рубрикатор арқылы бағалап, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор

Рубрикатор

Ж

Жазылымның кімнен екендігін нақты көрсетеді;

Жазылым аудиториясын айқын ұсынады;

Жазылым жанрының құрылымын сақтайды;

Жазылым барысында 32-қарасөздің идеясын негізге алады;

Жазылымды 180-200 сөзбен ұсынады

Дидактика №1

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу