Абайдың отыз екінші қарасөзі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Омирбекова Динара Шабденовна

Сыныбы: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсатына сілтеме

Абайдың отыз екінші қарасөзі

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

 Сабақ мақсаты:

Барлығы: Абайдың отыз екінші қарасөзінің мазмұнымен танысып, идеясын түсінеді;

Көпшілігі: Абайдың отыз екінші қарасөзінің мазмұнымен танысып, идеясын түсініп, талдайды;

Кейбірі: Абайдың отыз екінші қарасөзінің мазмұнымен танысып, идеясын түсініп, талдайды, түсіндіреді;

 Бағалау критерийі

Абайдың отыз екінші қарасөзінің мазмұнымен танысып, идеясын түсінеді

 Дескриптор

  • Қара берілген сөздердің кем дегенде онын толық түсінеді;
  • Қарасөздің идеясын анықтап, Абайдың айтпақ ойын талдайды;
  • Қарасөзде көтерілген мәселені саралап, көзделген аудиториясын анықтайды;
  • Мәселеге заманауи көзқарас тұрғысынан талдау жасайды.

 Құндылықтарды игерту

Имандылық, ісіне әрекеттеріне деген жауапкершілік, ұлттық құндылықтар

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

Таныстырылыммен танысады

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Cегіз аяқ, адам кемшілігі, тіл,сөз құдыреті

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтің «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі, «Ескендір» поэмасы

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

8 минут

Қызығушылықты ояту.

«Шығармашылық әлемі» ойыны

Оқушыларға Абайдың 32 қарасөзі тыңдатылады. Оқушылар тыңдап болған соң дәптеріне түсінгендері 3-4 символ сурет ретінде ұсынады. Оқушылар символды суреттерін тақта алдына шығып, көрсетеді. 4

Топқа бөлу

Оқушылар ұсынылған сурет қиындылары арқылы 5 топқа бөлінеді. Оқушылар топтарға жиналып болған соң, суреттердің сабақ тақырыбымен байланысын табады.

https://www.youtube.com/watch?v=8BiASx7BJ9Y

Дидактика №1

Ортасы

30 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

Тапсырма 1 (Жеке жұмыс)

Әр оқушыға Абайдың 32-қарасөзі таратылады. Оқушылар мәтін мазмұнымен танысып, сөздіктен қарамен белгіленген сөздердің мағынасын іздеп, табады. Тапқан сөздерін жұпта, топта талқылайды

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас. Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім - ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды. Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің? Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды. Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

Сөздік

Тапсырма 2.

Әр оқушы қарасөз мазмұнын қалай түсінетін ұсынылған кестеге салып, талдап жазады.

Қарасөз

Түсініктемесі

Тапсырма 3.

Топтағы оқушылар Абайдың қарасөзінің идеясын талдай отырып, қарасөздің негізгі ойын ұсыну мақсатында ақпаратты, креативті постер әзірлейді.

Постерде қамтылуы тиіс сұрақтар:

  • Қарасөздің негізгі идеясы не ?
  • Абайдың айтпақ ойы қандай?
  • Бұл қарасөз кімдерге арналып жазылған?
  • Қандай мәселе көтеріледі?
  • Заманауи көзқарас тұрғысынан талдайтын болсақ, көтерілген мәселелер қаншалықты өзекті?

Кері байланыс

Тапсырманың қандай пайдасы болды?

Маған әлі де не түсініксіз?

Қай жұптың пікірі ұнады?

«ДЖИГСО-1» стратегиясы

Топтан екі спикер таңдалады. Спикерлер топта қалып, постерлерін келген оқушыларға түсіндіріп отырады. Топтағы қалған екі оқушы ақпарат жинау мақсатында басқа топтарға барып, жұмыстарымен танысады.

Кері байланыс

  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  • Тапсырма қаншалықты дұрыс орындалды?
  • Тапсырманың сәтті орындалуына топ мүшелері қандай үлес қосты?

Бағалау

Әр жұп өздерінің жұмыстарын рубрикатор арқылы бағалап, пікірлерін білдіреді.

Дескриптор

Рубрикатор

Ж

Қара берілген сөздердің кем дегенде онын толық түсінеді;

Қарасөздің идеясын анықтап, Абайдың айтпақ ойын талдайды;

Қарасөзде көтерілген мәселені саралап, көзделген аудиториясын анықтайды;

Мәселеге заманауи көзқарас тұрғысынан талдау жасайды.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері

Дидактика №2

Дидактика №3

Дидактика №4

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу