Абай Құнанбайұлы «Отыз үшінші қарасөз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 6-сабақ.
Әдеби сын
Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын айқындайды. Әдеби сынның әдебиет тарихынан айырмашылығын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді, бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдірмей отыра алмайды.
Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын әдеби сынның мақсаты мен міндеті де күшейе түскен.
Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағанын айтудан, ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Ұлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушының өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынныңпринциптік сипаты айқындала түсті.
ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлеріздепжүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайындеп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғықазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдыр-салғырттыққа, кербездікке салынады.
Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтаныпкетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анағандүниеніңқызығыалдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалықдеп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дере уоның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарықболып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?
https://www.zharar.com/kz/story/8646-altynsarin_balasy.html
ЫбырайАлтынсарин
Бай мен жарлыбаласы
Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты:
– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық. Жұртта бiр көзiсынған ин ежатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды.Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүрлеуге түсiп жүре бердi .Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды.Мұны көрiп Асан жылай бастады:
– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:
– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.
Бiраз жер жүрген соңАсан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:
– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi. Асан айтты:
– Қалай ұстаймыз? Үсен:
– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен. Үйректi Асан:
– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:
– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақтiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды. – Мұнан соң келе-келе жатып, түс ауған уақытта, екеуiбiрөзен-судың бойына жеттi. Су iшiп сусындарын қандырған соң Үсен айтты:
– Ендiбiр тамақ пiсiрiпжелiк. Асан:
– От жоқ, неғылыппiсiрiпжелiк? – дедi.
Үсен үндемей су жағалап жүгiрiпкетiп, бiр шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiркiшкентай жыртылған жерiнен аз ғана мақта суырып алып, оны тастың үстiне қойып, бәрiн бармағына ғана қатты қысып тұрып, манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып едi, от шығып, мақта тұтанды; сонан соң айналасына аз ғана тезек үгiп салып, Үсен өзi отты үрiп тұтандырып жатып, Асанды қу тал жинап алып кел деп жiбердi. Тал келтiрiлген соң от жағып, әуелi жұмыртқаны отқа салып пiсiрдi; онан соң үйректiңжүнiн жұлып, бұтарлап, бiр талдан iстiкiстеп, үйректi отқа қақтады. Пiскен соң екеуi де жесiп, тойып алысты. Тамағы тойған соң көңiлiнен уайымы шығып, Асан су жағалап жүгiрiпкеттi, бiрмезгiлде дауыстады:
– Үсен, Үсен! Мынау тайыз жерде балықтарды қарашы! – деп. Үсен оған қарамай баяғы жүрттан тапқан иненi отқа салды. Ине бiраздан соң оттың күшiменерiп, қызарды, сол уақытта пышақпен иненi алып, ептеп идi, қармақ iстедi. Сонан соң Асанды шақырып: – Сен шегiртке тере бер, – дедi де, өзi манағы қылдан есiп қармаққа бау iстеп байлап, талдан кесiп оған сап iстедi. Сөйтiп, қармағы әбзелiмен даяр болған соң, Үсен суға барып, Асанның жиған шегiрткесiн жемге шаншып, қармағын суға салды. Су әдемi, айнадай таза су екен, iшiндегi ойнаған балықтары көрiнiпжүре-тұғын. Әуелi шабақтар келдi, бiреуiбiр, екеуiекiжемдiиiскеп, тиiп-қашып, жұлқып өтiпжүрдi. Сөйтiп тұрғанда шабақтар дүркiрейкелiп қашты. Қараса, бiр шортан келген екен. Ол шортан жемге де қарамай, тәкаппарланып жайымен бұлғаңдап өтiп жүре бердi. Шортан өткен соң манағы бытырап кеткен шабақтар тағы жалма-жан жиылып келiсiп, жемнiң айналасында ойнап, бiрiн-бiрi қуып, жемге де тиiп-қашып, соғып өтiпжүрдi. Сөйтiп тұрғанда, шабақтар және дүркiрей қашып, жоқ боп кеттi. Қараса, бiр бөлек алабұғалар келген екен, жемдi ең бұрын көрген бiреуi тоқталмастан келiп асап келiп қалғанда, Үсен қармақты тартып алып, оны шығарып тастады. Сол қалыпша Үсен бiрталай алабұға алды. Балықтың алынған қызығына айналып тұрып, балалар күннiң кешке таянып қалғанын аңғармаған да екен. Бiрмезгiлде Үсен күнге қарап:
– Ањ, күн кеш боп қалыпты ғой, жарықта өткел тауып алайық, – деп, қармақпен алған балықтарын бiреуiнiң шапанына орап алып, манағы шақпақ тасын және сабы-бауымен қармағын да қалдырмай алып, ендi өткел iздестi. Бұл турада Үсен кiдiрместен, манағы өздерiнiңтүсiп келген сүрлеудiң өткен жерiн тауып алып, сол жерден өте шықты. Бiраз жүрген соң-ақ күн кеш болды және бiраздан соң ымырт жабылып, жол көрiнбедi. Түн болған соң, балалар екеуi де қорқайын дедi. Сөйтсе де Үсен сыр бiлдiрмейендi жүрсек адасармыз деп тоқтады, тезек терiп от жақты. Бiраз отырған соң Асан күндiз көп жүрiп шаршаған бала, ұйықтап қалды. Үсен ойлады: әкем айтушы едi: «елдiжердiң ұрысы, далалы жердiңбөрiсi болады» деп, ұйықтамай отқа күндiзгi алған балығын пiсiрiп, ермек етiп отыра бердi; есiтуi бар едi: от жағып отырса, қасқыр келмейдi-мiс деп. Қарап отырса, бiрмезгiлдебiр топ киiккелдi. Олар анадайдан одырайып қарап тұрып-тұрып, өз-өзiненүркiпжөнелдi. Бiраздан соң құлын, тайы бар бiрүйiр құлан келдi; айғыры алдында басын тiкшитiп, құйрығын шаншып, осқырынып, өзгелерi таңданып қарап тұрды-тұрды да, олар да ша-уыпжөнелдi. Бiрмезгiлде жақын жерде қасқыр ұлыды; алысырақта өгiз-шағала адамша шыңғырып, бiресе жылаған балаша, бiресе қарқылдап күлген адамша, әр түрлi дауысқа салды. Үсен түйсiнiңкiреп, бойы мұздап, қолына манағы қармақтың таяғын қысыңқырап ұстап және отыра бердi. Сөйтiп, әр жануарларды көрiп және оттың жарығына жиылған құрт-құмырсқа, көбелектердi қарап, бұл көбелек, қоңыздар неге көрiнеөлiмiздеп отқа түсе бередi екен деп, әр түрлi ойларға қалып, сүйенiп жатып, таңды атырды. Күншығыста таң әуел алтынмен бояғандай қызарып, жан-жаққа жайыла-жайыла барып, ақыры қызылы тарап ағара бастағанда, Үсен Асанды да оята бастады: «Жүрер уақыт болды», – деп. Асан далада екенiн ұмытып, үйдегiқалыбынша, жуық арада оянбай ыңырсыса да, Үсен қоймай оятып алып, қасына ертiп жолға шығысты. Күн сәскеге шейiнжүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiпкөрiнбейкеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiнбiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiрбиiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi. Сонда Үсеннiң ойына әкесiнiңсөзiтүстi: далада жүрiп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейдi екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен ендiбiлдi жақын жерде көл бар екенiн, оның үшiн қаз сусыз жердi мекен етпейдi. Келiпекеуiендi молалы қырға шықты, қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдiң айналасы да, iшi де жыңылдаған мал; жағасындағы жiбектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бiр парасы көл iшiнекiрiп, белiнен құраққа кiрiп тұр, ендiбiр жақ жағасындағы сортаңда бiр топ түйе жатыр. Бұларды көрiп, балалар қырдан түсiп, жүгiрiп малға келдi. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсендiкөрiп, олар да қуанып, бiреуiәке-шешелерiненсүйiншi сұраймыз деп шауып кеттi, өзгелерi балаларды атқа мiнгiзiп, ауылға алып жүрдi. Жолда келе жатып малшылар айтты: – Сендердiң жұртта қалғаныңды бiлiп, кешеден ауылдың жан бiткенiiздеугекетiпедi, – деп. Нақ бесiнмезгiлiнде балалар аман-есен үйлерiнекелiп, әке-шешелерiне қосылды дейдi.
\
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?