file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.

Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 2

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.Қ.

Сыныбы: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім/ сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі

Оқыту мақсатына сілтеме

10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдау.

10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

 Сабақ мақсаты:

Өлеңдегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдай алады.

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

 Бағалау критерийі

Өлеңдегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдайды.

Шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

 Құндылықтарды игерту

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық;
  • жауапты азаматтық позиция.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану

  дағдылары:

Таныстырылым

 Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Құбылтудың түрлері: эиитет, теңеу, метафора; айшықтаудың түрлері: анафора, эпифора, ассонанс, аллитреация; адам кемшілігі, тіл, сөз құдыреті т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңін оқып, композициялық құрылымына талдау жасады.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 минут

Қызығушылықты ояту.

Топқа бөлу.

Оқушылар суреттерді шығарма мазмұнымен байланыстырады. Әр топ өзінің суретінің мағынасын шығарма мазмұнымен байланыстыруға тырысады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады.

№ 2 таныстырылым

Ортасы

38 мин

4 минут

Оқушыларға сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері түсіндіріледі, талқыланады.

«Миға шабуыл»

Оқушылар "«ұлттық мүдде» деген ұғымды топта талдап, «Ой шақыру» сызбасын әзірлейді.

Оқушылар талқылау қорытындысын қысқаша таныстырады.

Әдебиет теориясы бойынша берілген кестедегі көркемдегіш құралдар атауын білдіретін мәнімен сәйкестендіріңіз. 3 мин

Көркемдегіш құралдар атауы

Бағдарсызық

Білдіретін мәні, ережесі

Метафора

Эпитет

Алмастыру (метонимия) 

Элипсис

Сатира

Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту)

Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш), немесе кішірейту 

Теңеу

заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет көп қолданылады. Мысалы: Мөлдіреп тұнық ауа таңғы уақыт, Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға т.б.

сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы, Жау келіп қалды…

өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Оның екі түрі бар: ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін),

Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?”

Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі”; дәстүрлі қолданыстағы түрі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы т.б.

заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал.  Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы: Етектейін еріннен, Екі елісі қалыпты.Қиған қамыс құлақтан, Бір тұтамы қалыпты.

-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.– заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған. Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей. Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді, Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз. Мысалы:

«Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

«Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты». (Абай)

«Күшік асырап, ит еттім». Ақын бұл жерде іс-әрекеті жауыздыққа ұласқан қанішер жанды суреттейді. «Үйі мәз боп, қой сойды, Сүйіншіге шапқанға». Мұнда сүйінші сұрауға жүгірген адамдар мекендейтін тұрақ-үйдің өзі емес, ақын сол үйдің ішіндегі адамдарды айтқан. 

әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі, құбылтудың бір түрі. Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп.

"Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығын күн болам!"

Ассонанс -(французша assonance, латынша assono – үйлесім)

Бірығай дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Түніменен түйіндік, Таң атқанша тарандық, Таң ағарып атқан соң, Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет)

Аллитерация

Бірығай дауысты дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Ашу деген – ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген – дария, Алдын тоссаң тоқырар.

Анафора

өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: «Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен».

Эпифора

өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” 

ЖЖ Дұрыс нұсқасымен жұпта тексеріп, өзара бағалаңыздар.

Метафора

Эпитет

Алмастыру (метонимия) 

Элипсис

Сатира

Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту)

Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш), немесе кішірейту 

Теңеу

Ассонанс

Тапсырма 1. Т 20 мин. ( «Жигсостр. қолданылады).

Әр топ өзінің сарапшы парағы бойынша жұмысты орындайды. Жұмысты орындау барысында, оқушылардың көмегіне жүгіне алады.

№ 1- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 1-5-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
  • 1-5-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған ақылсыздық, ынжықтық пен талапсыздық қазіргі қоғамда бар ма? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

2- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 6-10-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
  • 6-10-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған бос мақтанға бой алдыру қазіргі қоғамда бар ма? Мақтаншақтықтың салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

3- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 11-15-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 11-15-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған жұмыссыздық, бос сенделу қазіргі қоғамда бар ма? Оның салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

4- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 16-19-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 16-19-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған кекшілдік пен жалған достық қазіргі қоғамда бар ма? Оның салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

5- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 20-23-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 20-23-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Лирикалық кейіпкердің көшбасшылық әрекеті неге қолдау таппады? Қазіргі қоғамдағы көшбасшылық және оны қолдау жайлы мәселені талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.

Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.

Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.

Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді

Кері байланыс

  • Тапсырмаларды орындауда қандай қиындық болды?
  • 3 түрлі тапсырманы толық орындай алдыңыздар ма?
  • Сізге көмек қажет болды ма?

«Жигсо -2» стратегиясының ерекшелігі:

Әр топта 4 оқушы бар. Оқушылардың суреттер арқылы бөлінген тобы – үй тобы деп аталады. Оқушылар үй тобынан бөлініп жұмыс тобына барады. 1-оқушылар 1 топқа, 2-оқушылар 2-топқа, 3-оқушылар 3- топқа, 4-оқушылар 4-топқа жиналады. Оқушылар жұмыс тобына жиналған соң, өздерінің жасаған жұмыстарын бастан-аяқ жұмыс дәптерлеріне жазып алады. Әр оқушы өзінің жұмысымен таныстыруы тиіс. Оқушылар талқылау жүргізіп, болған соң, үй топтарына оралады. Басқа оқушылардан естіген, білгендерін ортаға салып, талдайды.

№3 -слайд

№4 -слайд

№5 -слайд

№6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

12-слайд

13-слайд

Рефлексия

2 мин

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Үйге тапсырма

«Сегіз аяқ» өлеңінен 6 шумақ жаттап келу

№14 -слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу