Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.

Қызығушылықты ояту сатысында топқа бөлу үшін ұсынылатын суреттер сыныптағы оқушы санына қарай көбейтіледі.

Топқа бөлу.

Оқушылар суреттерді шығарма мазмұнымен байланыстырады. Әр топ өзінің суретінің мағынасын шығарма мазмұнымен байланыстыруға тырысады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауы бағаланады.

Әдебиет теориясы бойынша берілген кестедегі көркемдегіш құралдар атауын білдіретін мәнімен сәйкестендіріңіз. 5 мин

Көркемдегіш құралдар атауы

Бағдарсызық

Білдіретін мәні, ережесі

Метафора

Эпитет

Алмастыру (метонимия) 

Элипсис

Сатира

Әсірелеу , гипербола (грек, hyperbole - күшейту)

Литота (гр. λιτότης - қарапайым, қораш), немесе кішірейту 

Теңеу

заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет көп қолданылады. Мысалы: Мөлдіреп тұнық ауа таңғы уақыт, Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға т.б.

сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы, Жау келіп қалды…

өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Оның екі түрі бар: ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін),

Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?”

Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі”; дәстүрлі қолданыстағы түрі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы т.б.

заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал.  Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын"). Литотаның мақсаты - тосын әсер туғызу. Мысалы: Етектейін еріннен, Екі елісі қалыпты.Қиған қамыс құлақтан, Бір тұтамы қалыпты.

-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.– заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Оның жасалу жолдары: -дай, -дей жұрнақтары арқылы, «секілді, сияқты» деген шылаулармен, «ұқсап, құсап» деген сөздер арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай. Ақберен Елгезектің «Кешкі ода» атты өлеңінің мына шумағы тұтастай теңеуге құралған. Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей. Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді, Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!

бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз. Мысалы:

«Күшік асырап, ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

«Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты». (Абай)

«Күшік асырап, ит еттім». Ақын бұл жерде іс-әрекеті жауыздыққа ұласқан қанішер жанды суреттейді. «Үйі мәз боп, қой сойды, Сүйіншіге шапқанға». Мұнда сүйінші сұрауға жүгірген адамдар мекендейтін тұрақ-үйдің өзі емес, ақын сол үйдің ішіндегі адамдарды айтқан. 

әр түрлі құбылыстарды немесе белгілі бір нәрсені шамадан тыс асыра суреттеу тәсілі, құбылтудың бір түрі. Астындағы бурылдың, Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп.

"Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығын күн болам!"

Ассонанс -(французша assonance, латынша assono – үйлесім)

Бірығай дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Түніменен түйіндік, Таң атқанша тарандық, Таң ағарып атқан соң, Төңірек жаққа қарандық. (Махамбет)

Аллитерация

Бірығай дауысты дыбыстардың қайталануы. Мысалы, Ашу деген – ағын су, Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген – дария, Алдын тоссаң тоқырар.

Анафора

өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: «Қыз бала көркем көрінер Беттегі нұрлы қанменен... Еділ көркем көрінер Жағалай біткен талменен».

Эпифора

өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” 

ЖЖ Дұрыс нұсқасымен жұпта тексеріп, өзара бағалаңыздар.

Ассонанс

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Критерийлер

Рубрикатор

Төмен

Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.

Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.

Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.

Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді

 Сабақ мақсаты

Өлеңдегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдай алады.

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

 Бағалау критерийі

Өлеңдегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау құралдарының қызметін талдайды.

Шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

№ 1- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 1-5-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
  • 1-5-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған ақылсыздық, ынжықтық пен талапсыздық қазіргі қоғамда бар ма? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

2- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 6-10-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде ұсыныңыздар.
  • 6-10-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған бос мақтанға бой алдыру қазіргі қоғамда бар ма? Мақтаншақтықтың салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

3- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 11-15-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 11-15-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған жұмыссыздық, бос сенделу қазіргі қоғамда бар ма? Оның салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

4- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 16-19-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 16-19-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Ақын сынға алған кекшілдік пен жалған достық қазіргі қоғамда бар ма? Оның салдары неге әкелуі мүмкін? Сұрақты талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

5- сарапшы парағы

  • «Сегіз аяқ» өлеңінің 20-23-шумағы бойынша көркемдегіш құралдар мен айшықтауды анықтап, автор ойын жеткізудегі қызметін талдаңыздар. Ойларыңызды «Кесте» сызбасы түрінде
  • 20-23-шумақтар бойынша автор қандай мәселелер көтерген? Автор көтерген мәселелерді анықтаңыздар, осы көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, баға беріңіздер. Ойларыңызды «Шежіре ағашы» түрінде ұсыныңыздар.
  • Лирикалық кейіпкердің көшбасшылық әрекеті неге қолдау таппады? Қазіргі қоғамдағы көшбасшылық және оны қолдау жайлы мәселені талқылап, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Дескриптор:

  • Өлеңнің мазмұнынын түсінеді.
  • Өлеңнен кем дегенде троптың 3-4 түріне мысалдар табады.
  • Көркемдегіш құралдардың автор ойын жеткізудегі орнына баға береді, талдайды.
  • Өлеңдегі көтерілген мәселелердің себебі мен салдарын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады, баға береді.

Абай Құнанбайұлы

«Сегіз аяқ» өлеңі

№1

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәћра ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды —

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде;

Жігерлен, сілкін,

Қайраттан, беркін

Деп насиқат бергенде,

Ұятсыз, арсыз салтынан

Қалғып кетер артынан.

Аулаққа шықпай,

Сыбырлап бұқпай,

Мейірленбес еш сөзге.

Пайдасыз ақыл —

Байлаусыз тақыл,

Атадан бала ойы өзге.

Санасыз, ойсыз жарым ес,

Өз ойында ар емес.

№2

Тасыса өсек,

Ысқыртса кесек,

Құмардан әбден шыққаны.

Күпілдек мақтан,

Табытын қаққан

Аңдығаны, баққаны.

Ынсап, ұят, терең ой

Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей —

Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде.

Адал бол — бай тап,

Адам бол — мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде.

Біріңді, қазақ, бірің дос

Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

Қор болып, құрып барасың.

Өтірік шағым толды ғой,

Өкінер уақтың болды ғой.

№3

Жұмыссыз сандал,

Еріксіз малды ал

Деген кім бар сендерге,

Қулықты көргіш,

Сұмдықты білгіш

Табылар кісі жөндерге.

Үш-төрт жылғы әдетің

Өзіңе болар жендетің.

Ауырмай тәнім,

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды,

Тарылды көкірек,

Қысылды жүрек,

Ағызды сығып жасымды.

Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,

Тартыпты өнер жоқтыққа.

Қайратым мәлім, —

Келмейді әлім,

Мақсат — алыс, өмір — шақ.

Өткен соң, базар,

Қайтқан соң ажар,

Не болады құр қожақ?!

Кеш деп қайтар жол емес,

Жол азығым мал емес.

Бір кісі мыңға,

Жүз кісі сұмға

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым,

Қайратты жасым

Айғаймен өтті, амал жоқ.

Болмасқа болып қара тер,

Қорлықпен өткен қу өмір.

Сөзуар білгің

Законшік, көргіш

Атанбақ мақсат,мақтанбақ.

Жасқанып, қорқып,

Жорғалап, жортып

Именсе елің, баптанбақ.

Қарғағанын жер қылмақ.

Алқағанын зор қылмақ.

№4

Хош, қорықты елің,

Қорқытқан сенің

Өнерің қайсы, айтып бер.

Ел аңдып сені,

Сен аңдып оны,

Қылт еткізбей бағып көр.

Ойнасшы қатын болса қар,

Аңдыған ерде қала ма ар?

Көмексіз көзің,

Бір жалғыз өзің

Баға алмай басың сандалар.

Баурыңа тартқан,

Сырыңды айтқан

Сырласың сырт айналар.

Ол қаны бұзық, ұры-қар

Қапысын тауып сені алар.

Басы-көзі қан боп.

Арқа-басы шаң боп,

Және тұрып жылпылдап;

Жығылып тұрып,

Буыны құрып,

Тағы қуып салпылдап.

Абұйыр қайда, ар қайда?

Әз басыңа не пайда?

Ит үрсе, бала

Таяғын ала,

Қуады итпен кектесіп.

Ұрысқансып “ой” деп,

“Ұят” деп, “қой” деп,

Үлкендер тияр “тек” десіп.

Оны білсең, мұның не?

Мен де ұят іс қылдым де.

№5

Білгенге жол бос,

Болсайшы қол бос

Талаптың дәмін татуға.

Білмеген соқыр

Қайғысыз отыр,

Тамағы тойса жатуға.

Не ол емес, бұл емес,

Менің де күнім — күн емес.

Жаяуы қапты,

Аттысы шапты,

Қайрылып сөзді кім ұқсын.

Іште дерт қалың,

Ауыздан жалын

Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.

Күйдірген соң шыдатпай,

Қоя ма екен жылатпай?

Мамықтан төсек,

Тастай боп кесек,

Жанбасқа батар, ұйқы жоқ.

Сыбыр боп сөзі,

Мәз болып өзі,

Ойланар елдің, сиқы жоқ.

Баяғы қулық, бір алдау,

Қысылған жерде жанжал-дау.

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым — тап шыным!

Рефлексия

«Блоб» ағашы

Сабақтың басында ағаштың қай жерінде болдым?

Сабақтың ортасында ағаштың қай жеріне көтерілдім/түстім?

Сабақтың соңында ағашатың қай жерінде болдым?

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу