Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 1-сабақ.


 Сабақ мақсаты:

Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

 Бағалау критерийі

  • өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;
  • өлең құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді.

Тапсырма

Оқушылар зерттеуші ретінде жұпта жұмыс жасайды.

ЖЖ

1-қадам 7 мин

  • «Сегіз аяқ» өлеңін түсініп оқыңыз.
  • Өлеңнің сюжеттік-композициялық құрылысын зерттеңіз. Ол үшін сұрақтарды талқылап, қысқаша жауап беріңіз. (Ескерту: оқушылар алдыңғы кестедегі теориялық мәліметті негізге алады).

р/с

Сұрақтар

Жауап

1

Өлең неше щумақтан тұрады?

2

Өлеңнің бір шумағында неше тармақ бар?

3

Бір тармақта неше бунақ бар?

4

Әр тармақта неше буын бар?

(1 шумақтағы)

5

Өлеңнің қай тармақтары ұйқасады?

6

Өлең қандай ұйқас түріне жатады?

7

Өлеңнің қай тармақтарын тезис деп қарастыруға болады?

8

Өлеңнің қай тармақтарын қорытынды ой, тұжырым ретінде атай аламыз?

9.

Абай жаңа өлең өлшемі арқылы қандай ойын жеткізгісі келген? Өлеңнің идеясын шығарып, 1 сөйлеммен жеткізіңіздер

2-қадам

  • Зерттеулеріңіздің қорытындысын қарсы жұппен алмасып, дұрыс нұсқасымен тексеріңіздер. 2 минут. Баға беріп, ұсыныс айтыңыздар.
  • Идеясын өзге жұппен бірлесіп талқылап, топтың әзірлеген нұсқасын А3 парағына жазып, тақтаға іліңіздер. 2 минут.

Дұрыс нұсқасымен тексеріңіздер.

р/с

Сұрақтар

Жауап

1

Өлең неше щумақтан тұрады?

23

2

Өлеңнің бір шумағында неше тармақ бар?

8

3

Бір тармақта неше бунақ бар?

1-2-тармағы -1 бунақты;

3, 6,7,8-тармақтары – 2 бунақты

4

Әр тармақта неше буын бар?

(1 шумақтағы)

1-2-тармақта -5 буын;

3, 6,7,8-тармақтары – 8 буынды

5

Өлеңнің қай тармақтары ұйқасады?

1-2; 4-5-тармақтары егіз ұйқас; 3 пен 6 қалыс қалады; 7 мен 8 ұйқасады.

6

Өлең қандай ұйқас түріне жатады?

Аралас ұйқас.

7

Өлеңнің қай тармақтарын тезис деп қарастыруға болады?

1-6-тармақтарын

8

Өлеңнің қай тармақтарын қорытынды ой, тұжырым ретінде атай аламыз?

7-8-тармақта қорытынды ой тұжырымдалған.Бұл тұжырымдар - Абайдың нақыл сөздері ретінде кеңінен таралған афоризмдер.

Дескриптор

9 сұрақтың 6-7-не дұрыс жауап береді.

Идеясын өзге жұппен бірлесіп талқылап, топтың әзірлеген нұсқасын А3 парағына жазып, тақтаға іледі.

3-қадам 13 минут

Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін әр топқа жеке тапсырмалар беріледі. Оқушылар ұсынылған жазылым жұмысын 7 -8 минут орындап, жұмыстарын сынып бөлмесінің қалаған жеріне іліп, «Галереяда ой шарлау» стр. бойынша аралап жүріп оқиды, өз пайымдауларын жасайды. Өзі қалаған жұмыстарға стикерге пікірін жазып (тілегі мен ұсынысын жазып), апарып жапсырады.

Тапсырмалар төмендегідей:

 

№1-топ

Зерттеуші Рәбиға Сыздықова айтқан төмендегі пікірді өз ойларыңызбен сабақтастыра отырып, жалғастырып жазыңыздар: «Бұл өлеңде сөз болатын орта қарама-қарсы екі полюстен тұрады: ..................». [3] Қандай адам образын сомдаған? Қандай адамның сипаты мен мінезін ашқан? Ақынның түйінді ойынан шығатын салдарларға баға беріңіз. 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар.

№2- топ

Ақын насихат ететін құндылықты қазіргі кездегі маңыздылығына баға беріп, оның өзіңіз, отбасыңыз және қоғам үшін пайдасын пайымдап, «Біріңді қазақ, бірің дос...» деген атпен шағын эссе жазыңыз.

№3- топ

«...Мен өз өмірімде оған жетпеспін... көрмеспін, ол күнді. Бірақ алда заман қатты өзгеріп, қауым мүлдем басқаша дәурен жасар. Басқа заңдар туғызып, үлкен ырысқа түгел халық болып еріскен күндер болар. «Сол болашақ үшін бір шөмшектей, бір ғана кірпіштей болса да кесек қалап кетсем, армансызбын» дегендеймін. ... мен өзіме ең «ақыл заман», «жақын заман» алдымда қол созып тұрғандай көремін... Халқыңды, қауымыңды соған әзірлей беруді ғана біл дегім келеді!- деді» (208-бет) [5] деген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Ұлы Абайдың сөзін өлеңнің идеясымен байланыстырып, «Мен аңсаған заман...» деген тақырыпта ақынның атынан естелік жазыңыз.

№4- топ

Р.Сыздықованың «Сегіз аяқтағы» әр шумақтың соңғы екі жолының көбі бұл күнде афоризмге айналған түйіндеулер...» [3] деген пікірін өз ойыңызбен сабақтастырып Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемі жайлы, ақын ойының маңызы жайлы талқылап, «Абай - қазақ поэзиясының реформаторы (жаңалық енгізген ақын)» деген тақырыпта 60 сөзден тұратын пайымдау эссесін жазыңыздар.

№5- топ

Ақынның күйіну қапалану себептерін ашып, өз көзқарасыңызды білдіріп, бауырмалдық пен жанашырлық сезімінің өлеңдегі көріну сипатына талдау жасап, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген тақырыпта шағын (50-60 сөз) ой-толғау ұсыныңыздар.

Дескриптор:

  • Абай өлеңінің идеялық мазмұнын ашу үшін шағын жазылым жұмысын орындайды.
  • Ұсынылған тақырып бойынша ой өрбітіп жаза алады.
  • Жұмыстарын өзгенің оқуына ұсынады, өзгенің жұмысымен танысады кемінде 3-4 жұмысқа қатысты өз пікірін білдіреді.

Сабақ жоспарын құруда пайдаланылған дереккөздер:

  • Р.Сыздықова, Б.Шалабаев. Көркем тексті лингвистикалық талдау.- Алматы,Мектеп, 1989.-128 б.
  • Ғарифолла Есім. Абай туралы философиялық трактат. Алматы: Қазақ университеті, 2004. -83
  • М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы . Алматы «Жазушы» 1989 ж.
  • Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. І том Алматы: Жазушы -2005 -330 б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу