Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі
________
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қалың елім, қазағым | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 10 Қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сегіз аяқ» | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 10.2.2.1- автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау ; | |||||
Сабақ мақсаттары | Өлеңдегі үзінділерді шығармашылық жұмыста қолдану; Үзінділерден автор бейнесін тауып, мінездеме беру; | |||||
Бағалау критерийлері | Үзіндіде көтерілген мәселені талдай отырып, авторға мінездеме береді; Ұйқас формуласын сақтай отырып, үзіндідегі ойды жалғастыра алады; Топта бірлікте жұмыс жасай алады; | |||||
Дескрипторлар |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Троп, фигура, әңгіме, өлең, т.б. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру, білім алу. Тәрбие: өлеңдегі ақыл-нақылдар арқылы оқушыларды жақсы өмірге шақыру; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Философия | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Бастапқы білім | 9-сыныпта өтілген материалдар | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңдері. Сәлемдесу. Түгендеу. Оқушыларға сабақ тақырыбын болжату үшін бейнеролик көрсетіледі. Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар «Санамақ» әдісі (1-2-3-4) арқылы 4 топқа бөлінеді. | https://www.youtube.com/watch?v=Js4u0j1Zza4 | ||||
Сабақтың ортасы 20 минут 10 минут | 1-тапсырма. «Сегіз аяқ» өлеңінен берілген үзінділерді оқып шығып, ондағы мәселені анықтай отырып, автор бейнесін ашыңыздар. Автордың көтерген мәселесіне, ұстанған бағытына сүйене отырып оған мінездеме беріңіздер. 1-топ: Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл. Орынсыз ыржаң, Болымсыз қылжаң Бола ма дәулет, нәсіп, бұл? Еңбек қылсаң ерінбей — Тояды қарның тіленбей. 2-топ: Егіннің ебін, Сауданың тегін Үйреніп, ойлап, мал ізде. Адал бол — бай тап, Адам бол — мал тап, Қуансаң қуан сол кезде. Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос. 3-топ: Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын. Таласып босқа, Жау болып досқа, Қор болып, құрып барасың. Өтірік шағым толды ғой, Өкінер уақтың болды ғой. 4-топ: Атадан алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным! Дескриптор: - Топтық жұмысты бірлікте жасай алады; - Үзінділерді түсінеді, көтерілген мәселені анықтайды; - Автор мінездеме бере алады; 2-тапсырма. Берілген тармақты одан әрі жалғастырып, өлең шығарыңыздар. Бір оқушы бір тармақтан жазып отырып, топ болып 1,2 және соңғы тармақтың ұйқасын сақтау керек. 1-топ: Әдеті надан адамның. 2-топ: Жан аямай кәсіп қыл. 3-топ: Болмасын кекшіл 4-топ: Көп наданнан түңілдім. Дескрипторлар: - Топта бірлікте жұмыс жасай алады; - Ұйқас формуласын сақтайды: - Берілген тармақты одан әрі жалғастырады. | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру