Шығарманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп: НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы: Шығарманың көркемдік ерекшелігі

Сабақтың оқу мақсаттары

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

 Сабақтың мақсаттары

І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасындағы құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдап, автор стиліне баға беру.

 Бағалау критерийлері

  • құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды;
  • автор стиліне баға береді

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология:

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 8-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Сабақтың басы

3 минут

7 минут

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері белгіленеді.

№1 тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі арқылы оқушылар теориялық мәліметті талқылайды.

Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында. Мысалы, ақындар: Алатау ақ бас шалым көпті көрген не жұлдыз жымыңдады, күн күлді деп жазады. Мен Абайды оқыдым, көше ояу, ана үйдің құдасы келді дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ – бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер. Жұлдыз жымыңдады, күн күлді - жанды нәрселердің істейтін іс-амалын жансыз нәрселерге істету, көше ояу -адамның орнына тұрағын айту. Абайды оқыдым - шығармасының орнына авторын айту т.б. осылар тәрізді сөз қолданыстар троп немесе ауыспалы мағынасында қолданылатын сөз делінеді. Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1) метафора; 2)кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ 6)аллегория. Фигура (латынша келбет, бейне) - әдеби тілдің әсерлігі үшін қажет тәсіл, яғни сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мақсаты: сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру арқылы олардың оқырманға әсерін күшейту. Айшықтаудың бірнеше түрі бар.Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.https://lektsii.com/1-51554.htm

https://lektsii.com/1-51554.htm

20 минут

8 минут

Сабақтың соңы

2 минут

№2 тапсырма. Топтық жұмыс.Оқушылар топта ұсынылған кестеге сай құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсатын, автордың стильдік ерекшелігін бағалайды.

Шығармадан үзінді

құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсаты

Автордың стильдік ерекшелігіне баға

Тілісің, теңіз көңіл, батылысың,

Өткір ой, сезгір сезім батырысың;

Желіндей қуаныштың жеделдей соқ,

Өлеңнің өзені бір сапырылсын.

Тегінде кәр құлақсың, сұңғыласың,

Сондықтан сұлу сөзді жыр қыласың.

Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай,

Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып,

Жүлде алар жұма сайын туды күнім,

Бурасан, бұқа мойын, түкті қара,

Күмбездей көрінеді күпті қара,

Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп,

Майданға бір тізелеп шөкті қара.

Нән, жуан, мен – мен кеуде, намыс ері,

Суық қол Батыраштың жібергені.

Жалт етті жайдың оты жүрегінен,

Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді.

Басынан Ерейменнің соқты боран,

Түйілді қара бұлттай қара қыран.

От болып екі көзі көрмей кетті,

Жауды сел – қар ма, қан ба қабағынан.

«Не болды- ай, бай – бай, саған Құлагерім?!

Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...

Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,

Бұл жерге қалайынша құлап едің?!

Дескрипторларға сай бағалау жүргізеді:

  • Құбылту мен айшықтаудың түрін анықтаңыз;(кемінде 3-4);
  • Көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын анықтайды(кемінде 3-4);
  • Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді(кемінде 2-3)

№3 тапсырма. «Тұжырым картасы» арқылы оқушылар берілген тұжырым мен өзі оқыған поэманы байланыстыра отырып, автор стиліне баға береді.

Тұжырым

Менің автор стиліне беретін бағам

Поэмада оқиға динамикасы күшті. Ал жеке — жеке эпизодтарда сол динамика әсіресе қатты сезіледі. Бұған бәйгеге шапқан аттардың жарысын суреттеген жердегі көріністер мысал. Құлагер өліміне байланысты Ақанның жан күйзелісін беретін лирикалық тебіреністер эпостық поэманың сиқын бұзбайды, қайта түр, әр беріп түр. Ақын кейіпкерлерінің іс — әрекетін көрсетумен ғана тынбайды, сол кейіпкер басындағы оқиғаны, ауыртпалық пен қуанышты өзі де бірге сезінеді.

«Менің ойымша, ...................................................................... »

«Себебі, мен оны былай ............................................түсіндіремін »

«Оны мен мына фактілермен, мысалдармен................................................. дәлелдей аламын ….................................. »

«Осыған байланысты мен мынадай ..................................................................................қорытынды шешімге келдім»

Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:

  • Ұсынылған тұжырымды түсінеді;
  • Автор стиліне баға береді;
  • Өз пікіріне дәлелдер келтіреді(кемінде 2-3)
  • Қорытынды шығарады.

Сабақ соңында кері байланыс «Бес саусақ» әдісі арқылы алынады.

https://lektsii.com/1-51554.html

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу