Шығарманың көркемдік ерекшелігі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.


№2 тапсырма. Топтық жұмыс. Ұсынылған кестеге сай құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсатын, автордың стильдік ерекшелігін бағалаңыз.

Шығармадан үзінді

құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсаты

Автордың стильдік ерекшелігіне баға

Тілісің, теңіз көңіл, батылысың,

Өткір ой, сезгір сезім батырысың;

Желіндей қуаныштың жеделдей соқ,

Өлеңнің өзені бір сапырылсын.

Тегінде кәр құлақсың, сұңғыласың,

Сондықтан сұлу сөзді жыр қыласың.

Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай,

Я көрсін, я көрмесін тұрғыласым.

Халқымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін.

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып,

Жүлде алар жұма сайын туды күнім,

Бурасан, бұқа мойын, түкті қара,

Күмбездей көрінеді күпті қара,

Борбаңдап жолбарыстай жонын беріп,

Майданға бір тізелеп шөкті қара.

Нән, жуан, мен – мен кеуде, намыс ері,

Суық қол Батыраштың жібергені.

Жалт етті жайдың оты жүрегінен,

Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді.

Басынан Ерейменнің соқты боран,

Түйілді қара бұлттай қара қыран.

От болып екі көзі көрмей кетті,

Жауды сел – қар ма, қан ба қабағынан.

«Не болды- ай, бай – бай, саған Құлагерім?!

Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...

Тірегі көңілімнің, бәйтерегім,

Бұл жерге қалайынша құлап едің?!

Дескрипторлар:

  • Құбылту мен айшықтаудың түрін анықтаңыз;(кемінде 3-4);
  • Көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын анықтайды(кемінде 3-4);
  • Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді(кемінде 2-3)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу