Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Келісілді»

Әдістемелік бірлестік жетекшісі:

Мектеп:

Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Сынып: 9Т1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Төлеген Айбергенов «Сағыныш» өлеңі

Оқу мақсаттары

9.2.3.1 Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

 Сабақтың мақсаты

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (фигура мен троп) тауып, талдайды;

Автор стиліне баға береді.

 Бағалау критерийлері

  • Көркемдегіш құралдарды ажырата алады;
  • Қолдану аясын түсініп, талдай алады;
  • Автор стиліне баға бере алады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: троп түрлері, автор стилі, талдау, автор идеясы, мазмұн

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Шығарманы оқуға,сюжетін меңгеруге, негізгі ойды анықтауға, қарама- қайшылықты анықтауға,оқиғасын болжауға және шығармашылық, сыни тапсырмаларға жетелейді.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

 Алдыңғы білім

Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығармашылығы қайталау

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

(Әр кезеңнің уақытын көрсету)

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

7 мин

Ой шақыру. «Кім тапқыр?» ойыны

Яғни Төлеген Айбергенов және оның шығармашылығы туралы сұрақтар беріледі (қайталау мақсатында)

  • Төлеген Айбергенов қай жерде дүниеге келді?
  • Руы кім?
  • Ең алғашқы туындысы?
  • Шығармалары
  • Қай өңірде дүниеге келді?
  • «Сағыныш» өлеңі не туралы?
  • Қай үзіндіні жатқа айтып бере аласыз?

Сынып оқушыларын ұсыныоған өлең үзінділері арқылы топқа бөлу.

1-топ:

Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,

Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным, өсек-ғайбатқа бораған.

Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,

Адамның заңғар ұлылығын, сен, сағынышымен есепте.

Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға,

Әуелі әбден сағынып алмай, шығушы болма сапарға.

Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,

Бұлбұлдың даусын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.

2-топ:

Сағынбай барсаң таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,

Ойлауы мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап.

Үмітке толы, арманға толы, әр жерде бір түп қарағай,

Сағынбай жүрсе қалуы мүмкін жамырасуға жарамай.

Биікте тұрған таулар да мынау нұрына таңның боялған,

Сені мен менің ғасырлап күткен сағынышымнан оянған.

Бабалар бізді сағынған, жаным, арманның аңсап биігін,

Әжелер бізді сағынған, жаным, талдырып асқар иығын.

3-топ:

Көкірегіңде сағыныш барда, мұрат та сенде бар жаным,

Алдыңда тұрған қыраттың сағын көрінбей жатқан ар жағын.

Жазира белдер қуанышыңды болмасын мәңгі шектемек,

Алыңнан орман кес-кестеп шықса, сағынышыңмен көктеп өт.

О, шіркін, менің сағынышымдай көлемі шексіз болса аудан,

Ондағы жандар көз ашпас еді ау, сағыну менен шаршаудан.

Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық беу, дүние,

Тұратын түгел сағыну менен аңсаудан.

4-топ:

Сағыныш деген молшылық қазына, бола да берер артық-кем,

Ал нағыз асқақ сағыныштарда араның балы бар тіптен.

Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам,

Қаланып қалса тәртіппен.

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қанат қақ қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.

Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің жабылып кетсем мен егер,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

слайд

Мақсат қою

3 мин

Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені түсіндіріледі

Жаңа материалды игеру

15 мин

6 мин

1-қадам. Жазушы тілі

1.1 Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіндегі жазушы тілінің сөздігі.

 Жазушы тілі

 Мысал

Мақал – мәтел

Шешендік сөздер

Басқа тілден енген сөздер

Тұрақты тіркес

Көнерген сөз

Жазушы жиі қолданатын сөздер

1.2 Шығармадағы көркемдегіш құралдарды (троп пен фигура) анықтау

Шығарманың үзіндісін кесте бойынша талдау.

Көркемдегіш құрал

Үзінді

Беретін мағынасы

Дескриптор:

  • Шығармадағы жазушының тілін анықтайды;
  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды тауып, талдай алады.

Топтар жұмыстарымен алмасып, бір-біріне кері байланыс береді.

2-тапсырма. Зерттеу сұрақтары арқылы автор стилін анықтау мқсатында әр топ ашық сұрақтарын құрастырады.

(Оқушылардың топта өзара сұрақ құрастыруына мүмкіндік беріңіз. Егер уақыт жетімсіздігі болса, дайын клишелерді беруге болады.)

1. Ақынның поэмасына негізгі арқау болған тақырып не?

2. Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

3. Автордың стиліне баға беріңіз

Бағалау. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:

Дескриптор:

1- топ

2-топ

3-топ

4-топ

1

Әр топ бір-бірінің сұрақтарына жауап бере алады

2

Автор стиліне баға бере алады

Ұсыныс:

«Сағыныш» өлеңін таратпа материалдар арқылу ұсыну

Сабақты бекіту

4 мин

Төлеген Айбергенов туралы тың деректер

Қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген ақын жастайынан шығыс шайырларының жырларын жаттап өседі. Оның өлеңдерінің негізгі кредосы өмірге, туған жерге деген сағыныш болды. Шет жайлап, өзге ортада өскен ақынның тағдыры шығармашылығына әсер етпей қоймайды. Соның ықпалынан қазақ даласына арналған отты жырлар өмірге келді. Ақынның «Аруана – бауыр дүние» деген өлеңін оқыған сайын, шеттегі қандастарымыздың шерменде көңілі мен жанайқайы жүрек қылын тілгілеп өтеді. Төлегеннің поэзиясы туралы жазушы Әбіш Кекілбаев: «Төлеген Айбергенов творчествосы – өлімді жеңіп шыққан өмір шаттығының жыры», - дейді.

3. Жиырмадан енді ғана асқан шағында қазақ поэзиясының төрінде жарқ ете қалған ақынды әдеби орта бірден мойындайды. Әбділдә Тәжібаев ақынның өлеңдеріне алғаш алғы сөз жазып, баспасөз бетіне жариялайды. Соған қарамастан ақын көзі тірісінде Жазушылар одағының мүшелігіне өтіп үлгермейді. Қазір Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлық бар.

4. Төлеген Айбергеновтің ақын інісі Мұхтар Шахановқа арнап жазған «Сағыныш» атты өлеңі әдеби, мәдени ортада кеңінен танымал болса, қарапайым халық оның «Бір тойым бар» деген өлеңін жатқа оқиды. Дархан көңілді қазақтың бірінен соң бірі болатын тойлары Төлегеннің осы бір жырынсыз жетім болып қалатындай күй кешеді.

5. Ақын отбасында үш қыздың ішінде жалғыз ұл болып ерке өседі. Бір қызығы, өзінің де үш қыз, бір ұлы болады. Ақынның жары Үрнисаның айтуы бойынша«Бір тойым бар» деген өлеңді Төлеген «жұбайы тағы бір ұл баланы дүниеге әкелсе» деген арман-тілекпен шығарған екен.

https://adebiportal.kz/kz/news/view/19159

Рефлексия

5 мин

«Бес минуттық эссе»

Бүгінгі сабақ жайлы Не түсінді? Не қиын болды? Қандай сұрақтары бар? Осы сұрақтар аясында бес минут ішінде кері байланыс жазып шығады.

Үй тапсырмасы

Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңіне мазмұны ұқсас өлеңдерді зерттеу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу