Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Пән

қазақ әдебиеті 2-тоқсан I тоқсан

Сабақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Махамбет Өтемісұлы

«Мен- мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек»

Сабақтың тақырыбы

«Мен- мен едім, мен едім!», «Бағаналы терек»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.Т/Ж 1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

әдеби шығарманы түсініп оқиды, талдайды.

Көптеген оқушылар:

ақын өлеңіне сюжеттік талдау жасайды.

Кейбір оқушылар:

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Бағалау критерийлері

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Исатай, Нарын, Екі тарлан бөрі едім. Кіреуке, байеке сұлтан, туырлық, тоқым т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мектеп құндылықтары

  • Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

5 минут

Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру

С

Оқушылар таныстырылым бойынша пікірлерін білдіреді. М.Өтемісұлының шығармашылығының елеулі тұстарына тоқталады.

Сыныпты Жебе, Қалқан, Садақ суреттері арқылы топтарға бөлу.

Оқу мақсатымен таныстыру.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

2 минут

7 минут

7 минут

10 минут

2 минут

Сұрақ Жауап

«Мен» сөзінің мағынасын өздеріне қаратып, өздерің жайлы не айтар алар едіңдер? Мысалы, мен- оқушымын, мен –Қазақстан азаматымын.

Ортадан 1 не 2 оқушы шығып, өздеріне түрлі дәрежеде баға береді, «Мен» сөзінің мағынасына сай ойлы пікірлері арқылы өздеріне баға береді.

Сөйлеу, ойлау дағдылары жетіледі.

Кері байланыс. Бір-бірін бағалау.

С

Махамбеттің «Мен- мен едім, мен едім», «Бағаналы терек» өлеңдері оқуға ұсынылады

ТЖ ДЖИГСО әдісі

Баяндаушы- өлеңдердің сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды.

  • Өлеңнің тақырыбы, идеясы, жанр түрі,шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас түріне ажыратады, дәлелдер келтіреді.

Байланыстырушы-

1-оқушы:

  • бүгінгі өмірмен,
  • тәуелсіздікпен
  • ата-баба арманы

2-оқушы-

  • «Бағаналы терек» өлеңімен;
  • ақынның ойын ашу;
  • байланыстырып, тұжырым жасау.

Ізденуші – ұйқас түрлері мен көркемдеуіш сөздерді тауып, өзіндік ерекшеліктерін ментальді қарта арқылы дәлелдейді.

Сұрақ құрастырушы – ақын өлеңінде көтерілген мәселе бойынша жалпы 2 сұрақ құрастырады.

Таразылаушы –ақын өлеңінің тәрбиелік мәнін ашады, ұрпаққа берер өнегесіне тұжырымды ой айтады.

  • Үш топтағы оқушылар сараптау топтарына қайта бөлінеді (баяндаушылар - бір топқа, байланыстырушылар -2-топқа, т.с.с.).

Сарапшылар өз жұмыстарын қорғайды.

  • Оқушылар ақын өлеңіндегі тарихи шындық пен көркемдік шешімді тауып, түйінді ой айтады.

ҚБ Келесі топтар бағалайды.

Кері байланыс беріледі.

http://bilim-all.kz/olen/1592-Men---men-edim-men-edim-

Мен- мен едім, мен едім

http://bilim-all.kz/olen/1608

Бағаналы терек

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Плюс-минус-қызықты».

Плюс - оқушылар ең алдымен сабақтың оңтайлы шыққан тұсын айтады, неге олай деп шешкенін түсіндіреді;

Минус - одан кейін кемшін түскен жағын көрсетіп, оны қалай жетілдіруге болатындығы туралы ұсыныс білдіреді;

Қызықты – сабақта өзіне ұнаған қызықты мəселе туралы айтып, өзінің кері байланысын жағымды аяқтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу