Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Пән

Қазақ тілі

Сабақ

Күні:

Сынып: 10Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақ түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • үзінді мазмұнын түсінеді

Оқушылардың көбі

  • үзінді мазмұнын тақырыптық бөліктерге бөледі;
  • мазмұндық, ақпараттық талдау жасайды;

Оқушылардың кейбірі

  • сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;
  • Мазмұндық, ақпараттық талдау жасайды, мысалдар келтіре алады;
  • Сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Композицияның түрлері:

Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).

Шығарма ішіндегі оқиғалар байланысы.

Оқиғаның шарықтау шегі.

Оқиғаның аяқталуы (шешімі).

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

7-8 минут

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

Кластер әдісі

Сынып шағын топтарда жұмыс істейді. «Күнделік дегеніміз не?» сұрағын талқылайды және тақырыптық таныстырылым дайындайды.

  • Күнделік дегеніміз не? Оның мақсаты қандай?
  • Күнделік не үшін керек? Оның қандай түрлерін білесіз?
  • Қалай ойлайсыз, күнделік жазудың қандай артықшылығы мен пайдасы бар?
  • Сіз қандай тұлғалардың күнделігі туралы естідіңіз/оқыдыңыз/таныссыз? т.б.

Кластер

Сабақтың

ортасы

15 минут

10 минут

«Стикердегі жазбалар» әдісі

Сыныпқа «Ш.Уәлихановтың «Ыстықкөл күнделігінен» оқуға үзінді ұсынылады.

1-тапсырма.

Ж

Мәтінді оқыңыз мәтін мазмұны бойынша 3-4 оқиғаны/әрекетті стикерлерге жеке-жеке жазыңыз.

2-тапсырма.

Т

Топтасып, оқиғаларды рет-ретімен орналастырыңыз және мәтінді мағыналық топтарға бөліңіз (әр бөлікке жеке-жеке атау беруге болады). Жұмыс қорытындысын сыныпқа таныстырыңыз.

  • Оқиғалардың/әрекеттердің реті сақталған ба?
  • Не себепті оқиғалардың реті бұзылды деп есептейсіз? Реті қалай болуы керек?
  • Оқиғаларды қандай мағыналық топтарға бөлдіңіздер?Қандай атау бердіңіздер?
  • Қандай жаңа ақпаратпен таныстыңыз?
  • Мәтін бойынша қандай сұрағыңыз бар? т.б.

3-тапсырма.

Ж

Алдыңғы тапсырмалар барысындағы талқылауларды еске ала отырып, шығармадан үзіндінің композициялық құрылымына талдау жасаңыз. Сыныптастарыңызбен салыстырыңыз, қандай өзгешелік бар, түзету енгізіңіз немесе толықтырыңыз. Өзара кері байланыс беріңіз.

Оқиғаның  басталуы:  Оқиғаның  дамуы: Оқиғаның  байланысуы:  Оқиғаның  шиеленісуі: Оқиғаның  шарықтау  шегі: Оқиғаның  шешімі:

Қалыптастырушы бағалау: өзара кері байланыс

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» үзінді

Сабақтың

соңы

5 минут

Кластер әдісі

Сынып сабақтың басындағы кластер жұмысына қайта оралады, кластерді толықтырумен айналысады.

Тапсырма:

«Күнделік дегеніміз не?» сұрағына берген жауаптарыңызды одан әрі толықтырыңыз.

  • Күнделікке қатысты біліміңізді қалай толықтырдыңыз?
  • Қандай жаңа ақпаратпен таныстыңыз?
  • Сізде қандай сұрақ туындады? т.б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу