Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.


САБАҚ: 4

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі

композициялық амалдарды талдау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Шығарма үзіндісіне талдау жасайды;

Көптеген оқушылар

  • Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

Кейбір оқушылар

  • Шығармадан дәлел келтіреді;

Бағалау критерийлері

  • Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;
  • Шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: Жоңғария, Жетісу, Іле өлкесі, Ыстықкөлге сапар, Ыстықкөл экспедициясы, Құлжа,

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, менің түсінгенім, біздің пайымдауымызша

Мектеп құндылықтары

Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың осыған дейінгі білік –дағдылары қолданылады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5+5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады.

Бағалау критерийі

дескриптор

Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

  • Шығарма үзіндісіне талдау жасайды;
  • Композициялық амалдарды ажыратады;
  • Шығармадан дәлел келтіреді;

ЖЖ.

«Бетпе-бет»

1-қадам. «Түсіну алаңы»

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады, оң жақта отырған оқушылар «Ыстықкөл күнделігі» шығармасының мазмұны туралы қарсы отырған оқушыға сұрақ қояды, сол жақта (қарсы отырған) отырған оқушы сұраққа жауап береді. Тапсырманы орындау барысында келесі орынға жылжып, жұбын алмастырады.

Мақсат: оқушылар шығарма мазмұны туралы түсінігін бақылау, бағыттау.

1,2 слайд

https://abai.kz/post/5471

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

Санамалап топқа бөліну.

Т. Шығармадан бірнеше үзінді беріліп, тақтаға немесе қабырғаға ілінеді. Әр топ бір үзіндіні таңдайды.

 Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.

 Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.

 Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.

Ж/ЖЖ/Т.

«Дәйексөз» тәсілі

A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

B. Интерпретация:Үзіндінің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырыбы қандай?

C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, мінездеу (тура, жанама), суреттеу, диалог) қолданған?

Таныстырылым. Әр топ спикері сағат тілімен жылжу арқылы өзге топқа түсіндіреді.

«Бетпе-бет»

2-қадам. «Бағалау алаңы»

  • Сіздің ойыңызша кімнің жауабы ұтымды болды?
  • Неліктен?

Бағалау критерийі арқылы өзге топ жұмысы бағаланады.

https://abai.kz/post/5471

А3 формат қағаздар, түрлі түсті маркер

Бағалау парағы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бүгін мен үшін ....... маңызды болды.

*................. қызықты болды.

*.......................... қиын болды.*......................... екенін түсіндім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу