Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.


Абыз Әнет баба

Бірақ оны халық арасында кім айтып қалдырғанын білесіз бе? Ол, әрине, аты аңызға айналған – Әнет би. Бұрын соңды оның есімін заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов өзінің тұңғыш туындысы «Еңлік-Кебек» драмасында атап кеткен болатын. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» деген шығармасында кемеңгер қария ретінде суреттеледі. Сонымен қатар, Әнуар Мамашәріп тегінің естелігінде жан-жақты баян етіледі. Әнет бабадан кейінгіге мұра боп қалған билік, шешендік ақыл, нақылдар аз емес.

       Жоғарыда айтылған «үш арсыз», «үш ғайып», «үш даусыз», «үш қадірсіз», «үш жаман», «үш күшті», «үш тәтті» деген ел арасында былайша дүниеге келген.

       Күлтөбеге жиналған ел:

  • Баба, дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман?- деп жеті сұрақ қойыпты.

Сонда баба жеті сауалға үш-үштен жұптап былай деп жауап береді:

- Үш арсыз бар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш ғайып бар: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез, кәрілік, ажал. Үш қадірсізге жігіттік, денсаулық, әйел жатады,-дейді данагөй.

«Қадірсіз»дегенде, бұл жерде, Әнет баба, адам баласы жас шағында осы үш асыл нәрсенің қадірін білмейді, ес тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.

Үш тәтті бар. Олар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті. Үш күшті бар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті. Сондай-ақ, үш жаман бар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар,-депті.

Ал «жеті жетім» туралы Әнет би былай деген екен:

 

Сөз жетім, ынтаменен тыңдалмаса,

Бөз жетім, киілместен тозған болса.

Жер жетім, иесі жоқ қалған болса,

Ел жетім, жақсы басшы арман болса,

Көл жетім, қаз қонбаса құстар ұшып,

Ер жетім, жеке қалса тізе құшып,

Болмаса замандасың тойға барма,

Басыңа жалғыздықтың торы түсіп.

 

Қазақ «жеті жоқ» деп Әнет бабаның тұсынан мына нәрселерді айтады:

 

Аспанда тіреуіш жоқ,

Жерде сүйеніш жоқ.

Таста тамыр жоқ,

Аллада бауыр жоқ.

Аққуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.

 

Ал «жеті қазынаны» халық Әнет бабадан сұрағанда мүдірмей былайша жауап берген екен: - Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр ит.

Сонда біреу тұрып:

- Баба, қазақта тағы бір мақал бар, «бала белде, қатын жолда»,-дейді.

Ер жігіт әйелді жаудан барып олжалап алады, айттырса, қалың малына қырық жылқы айдап апарып береді. Қазақта тағы бір мәтел бар, «қойныңдағы қатыныңа сенбе» дейді. Тағы айтады «атың жаман болса, сатып құтыларсың, қатының жаман болса, қайтіп құтыласың». Соған қарағанда, әйелді «жеті қазынаның бірі» деу дұрыс бола қояр ма екен?

Әйел жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс,-депті Әнет баба сонда. Дүниедегі барлық тіршілік атаулының анасы – әйел. Сондықтан оған тіл тигізуге де, қол тигізуге де болмайды. Пайғамбарымыздың өзі әйелдерді қатты құрмет тұтқан. Ал, бірді-екілі ауылдың бейпілауыздары әйел туралы жаман сөз айтар болса, ондайларға тыйым салу керек, - дейді.

       Ия, аз сөзбен мол мағыналы ой айтқан мұндай данагөй бабаларымыздың әрбір сөзі таптырмас құнды қазына. Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен осындай асылдарымызды жадымызда сақтау – бізге парыз. Жоғарыда айтылған даналық сөздері Әнет бабаның бір-екі жиында айтқан нақыл сөздері. Онан басқа бабамыздың келер ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан теңіз.

       Атасынан ақыл қалса, тентек ұл да түзелер...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу