Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атадан қалған асыл сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түсіну және жауап беру

9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;

 Сабақ мақсаттары

Шығарманы түсініп, тілін талдау арқылы психологизмді табу

Бағалау критерийлері

Шығарманы түсініп оқи алады;

Тіліне талдау жасай алады;

Психологизмді ажыратады.

 Тілдік мақсаттар

Психологизм, әдеби-поэтикалық құралдар, ғайып т.б.

 Құндылықтарды дарыту

 

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

 Пәнаралық байланыстар

Геология, қоғамтану, тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Аудио, видео құрылғылар

Бастапқы білім

8-сыныпта өтілген материалдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату

«Ақиқат па? Жалған ба?» ойыны

1) Ол тарихта болмаған, аңыз кейіпкері ғана (жалған)

2) Шәкәрімнің бір поэмасының кейіпкері (ақиқат)

3) ол-орта жүздің төбе биі болға (ақиқат)

4) Ол-Жеті жарғыны құрастырған билердің бірі (жалған)

5) Ол Ақтабан шұбырынды кезеңінде өмір сүрген (ақиқат)

Осы мәліметтер арқылы оқушылар тақырыпты болжайды, керек мәліметті түртіп алады.

ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. (бағалау критерийлерін сыныптың оқушылары бірлесіп құруына да болады)

Слайд 1

Слайд 2

Сабақтың ортасы

Мәтін оқуға

10 минут

15 минут

5 минут

Ж. 1-тапсырма. Саралау қағидасы: күрделендіру

Білім стенді

Мағынаны тану үшін Әнет бабаның «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз? Шешендік сөзі толық нұсқада беріледі.

Тақтада ілінген білім стендіне мәтінде көтерілген мәселелер мен идеялар жазылады. Мәселен:

3 арсыз

Ұйқы, күлкі, тамақ

3 тәтті

Жан, мал, жар

Бұл әдіс мәтіннің мазмұнын детальді оқып, түсінуге иүмкіндік береді.

Дескрипторлар

  • Сабақ тақырыбын дұрыс болжайды;
  • Шешендік сөздің мазмұнын детальді түсінеді.

Теориялық көмек

Көркем әдебиеттегі психологизм деп отырғанымыз көркем шығармада адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айрықша мән беру. Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім.

Ж. 2-тапсырма. Көркемдік қуатын өлшеп көр!

Шығарманың тіліне талдау жасау үшін, көркемдігін анықтау үшін

СТК (сатылай кешенді талдау) жасау ұсынылады.

Шығарманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау

Басталуы

Байланысуы/Дамуы

Шиеленісі

Шарықтау шегі

Шешімі/Қорытынды

Шығарманың тіліне сатылай кешенді талдау

Шығармадағы көркемдегіш құралдар

Оларды қолданудағы авторлық мақсат

Психологизмнің көрінісі

Шығарманың танымдық-тәрбиелік мәніне талдау

Шығармада айтылған даналық сөздердің мәне неде?

Бүгінгі күнде өзекті ме? Несімен?

Дескрипторлар

  • Шығармаға сан қырынан СТК жасай алады
  • Шығарманың философиялық тұжырымын бүгінгі күнмен байланыстыра алады.

Оқушылар өз жұмыстарын оқиды, ой бөліседі, бірін-бірі толықтырады.

Бағалау: мұғалім оқушыларды дескрипторлар арқылы бағалайды.

http://old.el.kz/blogs/entry/content-1736

Әнет баба

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия Менің жаңалығым

Үйге тапсырма: Тұжырымды ойларды жаттау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралаудың күрделендіру қағидасы арқылы шығармаға жан-жақты талдау жасауға негізделген тапсырма мақсаты бар. Ол 2-тапсырма тұсында жүзеге асады

Бағалауды саралау жеке жұмыс жасалғандықтан, мұғалім тарапынан жасалады.

Бөлме жарық, таза, желдетілген. Жарық оқушының сол жағынан түседі

Алғашқы медициналық көмек қобдишасы бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

  • Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын! 


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу