Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 14-сабақ.
Қазақ фантастикасы туралы
Фантастика (гр. Phantastike — көзге елестету өнері) — әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры. Ғылыми түсінік жоқ кезде фантастика мифологиялық және діни шығармаларда орын алған (Гомердін «Одиссеясы», Овидийдің «Метаморфозалары», шығыс халықтарының «Мың бір түні» т.б.) ғылымның дамуына байланысты халық қиялынан шыққан тұындылар жарық көре бастады. Мысалы, ғылыми- фантастикалық әдебиетте ғылым мен техниканың перспективалары, адамзаттың табиғат сырларына тереңірек үңілуі өмірдегідей тартымды суреттеліп, басты идеясы ғылымда негіз бар, бірақ әлі іске аспаған жаңалықтармен ұштасып жатады. Ғылыми-фантастикалық әдебиет Ф.Бэконның «Жаңа Атлантида» кітабынан (1627) басталады. 17-18 ғасырда планетааралық сапар (Сирано де Бержерак, Ф.Годвин), болашақ туралы шығармалар (С.Мерсье, «2440 жылы», т.б.) жарық көрген. Фантастика саласында Жюль Верннің шығармашылығы ерекше. 19-20 ғасырларда Г.Уэллстің «Уақыт машинасы» (1895), «Әлемдер соғысы» (1898), А.Х. Дойлдың «Жоғалған әлем» (1912), т.б. фантастикалық романдары жарияланды. Р.Брэдберидің «Марс хроникалары» жинағына енген «Фаренгейт бойынша 451» романы дараланып шықты. Поляк жазушысы С.Лем космос кеңістігіне жауапкершілікпен қарау жөніндегі философиялық ой-толғамдары арқылы («Астронавтар», 1951; «Солярис», 1961; «Тұмау», 1976, т.б. романдары) әлем жұртшылығына танылды. Кеңес әдебиетінде А.К. Толстой фантастика жанрының негізін салды. Қазақ әдебиетінде фантастика халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы, қиял- ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінен бастау алады. Мысалы, «Ер Төстікте», «Керқұла атты 57 Кендебайда», «Қырық өтірікте» фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Жазба әдебиетте фантастикалық оқиғалар Абай Құнанбайұлының «Масғұт», «Ескендір» дастандарында, С.Ерубаевтың «Келешек соғыс туралы» повесінде, М.Әуезовтың «Дос — Бедел дос» және «Елу жылдан соң» пьесаларында да бар. Қазақ кеңес әдебиетінде фантастика 1950 жылдан басталады. А.Машановтың «Жер астына саяхат» повесі (1957) республикада ғылыми- фантастикалық әдебиеттің тууына ұйтқы болды. М.Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле» (1959), «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» (1964), «Лұхман Хакім» (1966), Ш.Әлімбаевтың «Данышпандық альфасы» (1967). Т.Шахановтың «Көгілдір мұнаралар» (1968), Т.Сүлейменовтің «Жұлдыз адамы» (1969), «Әл-Фараби көпірі» (1968), Ә.Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» (1972) повестері қазақ фантастикасына елеулі үлес қосты. Соңғы кезде жарық көрген Т.Әбдіковтің «Айтылмаған ақиқат» (1980), М.Гумеровтың «Жұмбақсәуле» (1981), С.Ғаббасовтың «Кәусар» (1985), Н.Кенжеғұлованың «Қиын шешім» (1985), Р.Бектібаевтың «Ионосферадағы алаң» (1988) атты жинақтарында болашақ өзгерістер туралы болжамдар бейнеленеді. Фантастикалық шығармалар кинода елеулі орын алады. [1] Қазақ әдебиетінде фантастика саласына келетіндер некен-саяқ. Тіпті бірен-саран ғана. Сол бірен-саранның бірі де бірегейі Жүніс Сахиев 1950 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Алмалы ауылында туған. Еңбек жолын байланысшы болып бастаған. 1966–1972 жж. телеграфшы, Алматы қаласы автоматты телефон стансасының жөндеушісі, қысқ атолқында жұмыс жасайтын радио стансаларда радист, Қазақ КСР Гидро қызметінде ауа райын бақылаушы болды. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1977). 1977–1980 жж.мерзімді баспасөзде аудармашылық қызмет жасады. 1980– 1986 жж.«Рауан» баспасының редакторы, 1986–1988 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1988–1999 жж. «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында редактор, аға редактор, жетекші ғылыми редактор, бөлім меңгерушісі. Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі (1990). [1] Әуелден аспан денелерінің құпияларына қызыға қарап, түнімен жымыңдаған жұлдыздардан көз алмайтын бала Жүністің фантастикаға келуіне техникалық қызмет атқаруы да оңтайлы жағдай жасаған болар. Ғылыми орталықтардан алыс жатқан, планетарийі мен обсерваториясы жоқ сонау шалғайдағы ауылда еңбек ете жүріп, әңгімені былай қойғанда, алғашқы романын жазды. Жұрт ойлайтындай, мұндай құлашты тың шығармаға институт немесе университет бітіргендер баруы керек қой. Жоқ, әлі жоғары оқу орнына әлі оқуға түспеген 21 жастағы Жүніс болашақ сериялы ғылыми-фантастикалық шығармаларын «Кеңістік көшпенділері» деп, ал оның бірінші романын «Тіршілік ұясы» деп атады. Міне, үлкен шығармашылыққа осылайша қадам жасаған Жүніс Сахиев 1972 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1977 жылы бітіріп шығады. [2] Университет қабырғасында білімін толықтыра жүріп 1974 жылы «Атлантида жаңғырығы» ұжымдық ғылыми-фантастикалық повесть-бурименің үшінші бөлімі «Тұңғиықта» деген атпен «Қазақстан пионері» газетінде алғаш рет жарық көрді. Ал 1976 жылы Мәскеуден шығатын «Земля и Вселенная» ғылыми-көпшілік журналында Айдың 1975 жылғы шілдедегі тұтылуына жасаған ғылыми зерттеуінің жариялануы автордың сол кезде-ақ Мәскеу ғалымдарының назарына ілінгені анық. Кейін Ж.Сахиевтың «Кеңістік көшпенділері» сериясымен жазған бірнеше романы әр жылдары «Жалын», «Жазушы», «Білім», «Ғылым», «Елорда», «Фолиант» баспаларынан жарық көрді. Жүніс Сахиевтің шығармашылығы жай фантастика, ойдан шығарылған қиял-ғажайып оқиға емес, қай еңбегі де ғылыммен тығыз байланысты. Жазушының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-фантастикалық романындағы кемеммен ауа райын өзгерте алу идеясы қазіргі кезде шындыққа айналды. Мәселен, қазір әуе кемелері арқылы бұлттарды ыдыратуға болатынын көзімізбен көріп жүрміз. «Шолпанға көшкен ауыл» романындағы негізгі мазмұн тіріні де, затты да жарық сәулесімен өзге орынға көшіруге болатыны туралы еді. Бұл идеяны кейін Австралия университетінің ғалымдары қандай да бір затты лазер сәулесімен бөлшектеп жіберіп, секундтың бір бөлігіндей ғана 58 уақыттың ішінде екінші жерге көшіріп, қайта қалпына келтіруге болатынын тәжірибемен жүзеге асырды. Жүніс Сахиев 1989 жылы Латвияның астанасы Ригада өткен фантаст-жазушылардың семинарында бірінші болып КСРО Жазушылар одағына мүшелікке өтуге семинар атынан кепілдеме алған. «Қимайтын әлем» атты ғылыми-фантастикалық романының журналдық нұсқасы чех және ағылшын тілдерінде жарық көрді. Ол ғалым ретінде 1988 жылы Марсқа жасаған ғылыми-зертеу еңбектері үшін КСРО Ғылым Академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамына толық мүше болып қабылданды. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің орталық ғылыми кітапханасы «Жүніс Сахиев» атты библиографиялық көрсеткішті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарды. [3] Фантаст-жазушы Жүніс Сахиев «Кеңістік көшпенділері» сериясымен «Тіршілік ұясы» (1983), «Борыш» (1987), «Шеңбердің түйісуі» (1991), «Көктен келген көшпенділер» (1999), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын әлем» (2003), «Шолпанға көшкен ауыл» (2004), «Космотарих куәсі» (2006), «Су әлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында» (2009) атты ғылыми-фантастикалық романдары жарық көрді. С.М.Дагаевпен В.М.Чаругиннің 9–11 сыныптарға арналған «Астрофизика» (1994; 2-бас. 1996; 3-бас. 1999), Е.П.Левитанның «Астрономия» (1998) кітаптарын қазақ тіліне аударды. «Шеңбердің түйісуі» кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының О.Жандос атындағы әдеби сыйлығының лауреаты болды (1994). Осындай шығармашылық жетістіктерінен кейін Жүніс Сахиев 1971 жылы өзі «Кеңістік көшпенділері» деп атаған жалпы айдармен қазақ ғылыми фантастикасы жанрында тұңғыш бастап жазған ғылыми-фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығару жолына түсті. 1983 жылы жазушы-фантаст сериясының «Маңызды мақсат», «Ұрпақтармен ұшырасқанда», «Қайтар жолда», «Тіршілік ұясы» деп аталынатын төрт ірі бөлімнен тұратын «Тіршілік ұясы» ғылыми-фантастикалық романының кітаптық нұсқасы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Автор мұнда «Жер ғаламшарымыз саналы адам баласы өсіп- жетіліп, жұлдызды әлемді игеріп, жаңа ғаламшар тауып көшіп кетіп отыратын тіршілік ұясы емес пе екен?» деген ғылыми негізді ой түйеді. 1987 жылы «Арман сапарында», «Адамзат үшін арпалыста», «Бақытты жолда», «Борыш» бөлімдерінен тұратын, «Топырақ қой» деп біз елемейтін топырақтан өсіп-өнетін күллі тіршілік иелерінің бүгінгі ұрпақтың өміріне ғана емес, келешек ұрпақтардың өмірлеріне де зардап беретін қару атаулыға жиіркенішпен қарауға баулитын сериясының екіншісі – «Борыш» ғылыми-фантастикалық романын, 1991 жылы «Шеңберлі аралда», «Даңқ шеңберінде», «Шеңбер ширегінде» және «Шеңбердің түйісуі» делінетін бөлімдерден тұратын, ғылым жетістігін жеке мансапқорлыққа айналдырудың адамзат тағдырына қандай қара дақ түсіретінін көркем тілмен суреттеп, ғылымға абай болуға шақыратын серияның үшіншісі – «Шеңбердің түйісуі» ғылыми-фантастикалық романдарын жеке-жеке кітап етіп шығарды. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Жүніс Сахиевтің сериялы ғылыми-фантастикалық романдарын бірінен кейін бірін шығаруына мол мүмкіндік туды. Сериясының төртіншісі – «Көктен келген көшпенділер» ғылыми-фантастикалық романы «Жазушы» баспасынан 1999 жылы жарық көреді. «Қазақ жері», «Тарылған табиғат», «Тазарған табиғат», «Жер жайлау» делінетін төрт ірі бөлімдерден тұратын бұл ғылыми-фантастикалық романның мазмұнына қысқаша тоқтала кетсем, бас кейіпкер Жайлау Жаһангерұлы кезекті еңбек демалысында туып өскен ауылына келіп, бақытты балдәурен балалық шағы өткен табиғатты тамашалайды, алысқа, өткен уақытқа көз жібере тұрып, сол кезде өзі басып жүрген жолдарды, тау мен тас, өзен суы мен тау беткейлерінде, сай-салада өсетін жабайы жеміс ағаштарын, сол жемістерді достарымен бірге терген сәттерін, өзен суын кешіп жүріп індеріне қол жүгіртіп ұстаған балықтарын, балалықпен ұстап алардай болып қуалаған жабайы аң мен құстарды есіне алады. Сөйтіп, ағасынан алған атқа отырған ол кең жайлауға қарай сапар шегеді. Содан ол жайлау төсіне жақындай бере аспаннан бір дәйім ақ бұлт болып жайлау төсіне қонып келе жатқан қандай да бір ғажайып денені көреді. Өзі 59 жұлдызшы болған соң оның сырын ашпаққа асығып, оған жақындағанда қандай да бір иістен манаурап, аттан түскен бойда ұйықтап кетеді. Ал өз өзіне келгенде өзінің аспаннан келген қандай да бір өркениет иелерінің арасына түскенін көреді. Осылайша Жер ғаламшарымыздағы жері мен пейілі кең дала қазақ халқымыздың өкілі Жайлау Жаһангерұлы мен жұлдызаралды ауылдың ауласындай игерген өркениетті елдің өкілдерінің арасында түсіністік қарым-қатынасы орнайды. Оларды қонар жер таңдағанда қазақ жерінің табиғи көрініске байлығы мен тазалығы, қазақ халқының табиғатты қорғай білудегі даналығы еді. Біздің ата-бабаларымыздың бір жерден екінші жерге қоныс аударып, енді–енді ғана бөлінуге айналған табиғатты тыныстатып, екінші жерге көше тұрып, сол табиғат қалпына келе бергенде қайта көшіп келетін дәстүрі ұнаған. Жүніс Сахиев оларға халқымыздың даналығын шығармада осылай танытады. Содан, бұл кездесу дүние жүзін мекен еткен халықтарға жария болып кетеді. Ел-елден ағылған меймандар халқымыздан үлгі-өнеге ала бастайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?