Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 15-сабақ.


«БББ»

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.

Қайта өңдеп жазу барысында перифраз қолдану

  • Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), т.

(Уикипедия)

  • Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.

Перифраз жасау тәсілдері

Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.

Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.

Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.

2. Синонимдерді қолдану.

Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.

Перифраз: Менің апам әдемі жан.

«Кейіпкерге хат» стратегиясы

1- қадам:Мағынаны тану кезеңінде сіз мәтінмен жұмыс жасадыңыз, ендігі жерде оқушылардың белгілі бір ойын қалыптастыруға жұмыс жасауыңыз қажет.

2 – қадам: Мәтін кейіпкерлерін бөліп беріңіз.

3 –қадам: Берілген кейіпкерлерге олардың іс – әрекеті туралы сұрақтарды топтастырып, хат жазу керек екенін түсіндіріңіз.

4 – қадам:Бұл сұрақтар жоғары деңгейде құрылуы тиіс екендігін есіне салыңыз.

Егер ... , не болар еді? Неге...? Неліктен ...?

4–қадам: Осы сұрақтарға оқушылардың өзі мүмкіндігінше балама жауап ұсынуы қажет екенін түсіндіріңіз.

Мүмкін,... ... болған шығар?

5 –қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазғызыңыз.

«Кейіпкерге хат» әдісі оқушылардың шығармашылық танымын арттырып, олардың нақты бір тоқтамға келіп, арнайы ұсыныстар жасауына септігін тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу