Ж.Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 17-сабақ.
Қосымша ақпаратты Ж.Сахиевтің ғылыми-болашақтық романдар жазудағы еңбектерін өз бетінше оқып, талдау жасау үшін ұсынуға болады.
Жабайылықтан арылып, күрделі техниканы игеріп, дамыған, өркениеттенген адам баласының мансапқорлыққа түскен өкілдерінің қателікке ұрынуы салдарынан таудағы Қар адамдарымен жанасуының көрінісі, өмір шеңберінің түйісуі. Ой жіберіп қарасақ, бүгінгі күннің өзінде-ақ адам баласында ерін, қас, кірпік, тырнақ бояп, одан қала бере бет теріні алмастырудың қарқын алып бара жатқанын анық байқаймыз. Автор осы қателікке алаңдайды. Жүніс Сақұрпағының бұл ғылыми-болашақтық романына 1994 жылғы Қараша айының 30 күнінде, Үнді жазушы ларының Қазақстандағы Әдеби күрндерінде, Қазақстан Жазушылар одағының кең залында салтанатты түрде одақтың Жандос атындағы әдеби сыйлығының лауреат дипломы берілді. Қазақ халқының көшпенділік өмірінің ұлы табиғатты аялау мен қорғаудағы ең дана тәсіл екенін Ғаламдық масштабта көрсететін автор сериясының төртіншісі, "Қазақ жері", "Тарылған табиғат", "Тазарған табиғат", "Жер жайлау" делінген төрт бөлімді "Көктен келген көшпенділер" ғылыми-болашақтық романының мазмұн-идеясы терең. Кезекті еңбек демалысын алған жұлдызшы ғалым Жайлау Жаһангерұлы астанадан өзі туылып өскен ауылындағы ағасының үйіне келеді. Атқа қонып, балалық шақтары өткен Көк жайлауға барады. Оған жақындай бере, аспаннан тап Бикеш шоқ жұлдызындай жарқыраған денелер жасыл жермен жанасып, үлкен киіз үйлі ауылға айналады. Жайлау ол ауылдың басшыларымен, тұрғындарымен жүздеседі. Көктен келгендер аса дамыған, бір Жұлдызаралды тұтастай мекен еткен көшпенділер. Олар Жер ғаламшарынан осы қазақтың Көкжайлауы таңдаған. Жер ғаламшарының басқа аймақтары, ол аймақтарда тұратын тұрғындардың балалық санаға тән әрекеттері ұнамаған. Сондықтан да олар Жер ғаламшарындағы дамыдық деген елдердегі артық құрылыс атаулыны өздері ойлап тапқан "Тартылыссыз құбыр" арқылы ғарыш кеңістігіне шығаруға кірісіп кетеді. Оларға қарулы елдерде жасалған ешбір оқ та, ең қуатты деген жарылғыш атаулы да дарымайды. Сөйтіп, аз ғана уақыттың ішінде олар күллі Жер шарын жасыл жайлауға айналдырады. Көктен келген көшпенділердің қай қайсысының кеудесінде де Күн жүйеміздегі Қоңырқай ғаламшар – Сатурнның суретінен аумаған белгі бар. Жайлау Жаһангерұлының бақылап-зерттеп жүргені де сол сақиналы алып ғаламшар болатын. Оның мәнісін көктен келген көшпенділер: "Бір заманда арғы ата-бабаларымыз осы Жер сияқты ғаламшарда тұрған, дами келе оның бетін осындай артық құрылыстармен толтырып, ғаламшар тынысын тарылтқан, ақыр соңында оларды "Тартылыссыз құбырымен" ғаламшар төңірегіндегі ғарыш кеңістігіне шығарып жіберіп, өздері өзге ғаламшарға көшкен, содан бастап ол ғаламшар осы Күн жүйесіндегі Қоңырқай ғаламшар – Сатурн сияқты сақиналы ғаламшарға айналған" деп түсіндіреді. Осы ойтұжырымына байланысты, автор Қоңырқай ғаламшарды ғылыми-болашақтық романының өне бойында оқырманның есіне салып отырады. Күн жүйеміздегі Қызыл ғаламшар – Марстың көлемі жағынан да, өз осінде тәуліктік айналысы мен жыл мезгілдерінің ауысымы жағынан да Жерімізге өте ұқсас білмейтініміз кем де кем. Ал соны Жеріміздей тірішілікті ете аламыз ба? Ол үшін қаншама күш жұмсауымыз керек? Бұл тұста кезінде иен жатқан кең-жазира даламызды дана атабабаларымыдың қалай қажырлы еңбекпен қалай гүлдендіріп, сұғанақтаған сырт жаудан ақ білектерінің күшімен, ақ найзаларының ұшымен қорғап, ұрпақтары – бізге аманат етіп қалдырғаны көз алдымызға келеді. Сол даналық, батылдық пен батырлық, қайсарлық пен парасаттылық, өркениеттілік бәріміздің де бойымызға дарыған. Ал бүгіндегі дамыған адам баласының жер таңдауы енді Жер ғаламшарымызбен шектелмек емес. Ғылым қарқын алды, техника күрделенді, қозғалыс жылдамдығы артты. Адам көзі көктегі Айдан бастап, одан әрідегі ғаламшарлар мен жұлдыз аралдарға түсті. Басты мақсат, жаңа ғаламшар табу, оны осы Жерміздей игеру. Жүніс Сақұрпағы сериясының бесіншісі – «Марстан шыққан жаңғырық» ғылыми-болашақтық романында Қайыргелді бастаған бір топ жас қазақ отбасын Қызыл ғаламшарға қоныстандырады. Олар ауасы мен суы құрғап, топырағы тозған, дүлейлі құмды дауылы басылмаған Қызыл ғаламшарды қазақ жеріне айналдырады. Автор кейіпкерлері Қызыл ғаламшардың кең даласын ғана емес, күллі Күн жүйеміздегі ғаламшарлар атаулыда жоқ, көлденеңі 600 шақырымға, биіктігі 26 шақырымға жететін ғаламат тау басын бағындырады. Оның сол ең биік төбесіндегі жазыққа қазақтың киіз үйлі үлкен ауылын қоныстандырады. Қызыл ғаламшардың дүлейлі табиғатымен алыса жүріп, оның тозған топырағына арнайы техникаларымен көң сеуіп, микроорганизмдер жіберіп, тірілтіп, өздері жайлаған қазақ жерін жасыл әлемге айналдырады. Артынша оған сырт көз түседі. Өзге жұлдыз жүйесінің табиғат қаскөйлері "дайын асқа" тап болмаққа әрекет жасайды. Қазақ қаһармандары оларды кейін қайтарады. Бұл оқиғалар ғылыми-болашақтық романның "Екінші Жер", "Екінші өмір", "Екінші атамекен", "Атамекен үшін айқас" бөлімдерінде ғылыми көркем тілмен суреттеледі. Бұл шығармадағы батылдық пен батырлықтың бүгінгі ғана емес, келешек ұрпақтарымыға да үлкен үлгіөнеге болары сөзсіз. Автор сериясының «Ғажайып әлем», «Екі түсті әлем», «Ақиқат жолында", "Оянған қабілет" бөлімді алтыншысы – "Қимайтын әлем" ғылыми-болашақтық романының ғылыми түп идеясы түрлі түссіз әлем – мағынасыз әлем дегенге саяды. Күн жүйеміздегі Жер ғаламшарымыздың тұсынан ұшып өтіп бара жатқан өзге жұлдыз жүйесі ғарышкерлерінің жұлдызаралық кемесінен ақау табылып, аз уақытқа қазақ ауылы маңына қонады. Кемедегі ғарышкерлер туылып өскен ғаламшар түрлі түс атаулыдан мақұрым, сұрықсыз еді. Олар дүние есігін ашқалы бері табиғи түрлі түсті көрмеген, арнайы көзілдірік арқылы жасанды түрлі түсті көріп өскен. Ал қазақ ауылы қоныстанған аймақтың табиғаты ғажап! Мұндай жасыл өсімдіктер мен гүлдер жайқалған әлем оларды баурап әкетеді! Кеме жөнделіп, ұшуға аз уақыт қалғанда, мұндай ғажайып әлемнен кеткісі келмеген Батыл есімді ғарышкер кемеден секіре жерге құлайды. Көздері кеміс болғанымен, оның өте жылдам қозғала алатын қабілеті бар. Соның арқасында Батыл кез келген аң мен құсты оңай ұстап, азық етеді. Ауылға жетіп, білім ордасы – мектепке кіріп, батауыш сыныптарға дәріс беріп жүрген Еңлікгүл есімді мұғалимадан қазақ тілін үйренеді. Батылдың басты арманы көзінің түрлі түсті ешбір арнайы көзілдіріксіз көру қабілетін ояту, табиғаттан тамаша ләззат алу еді. Оқиға күрделене береді. Еңлікгүлді ұнататын Қалыбек есімді жігітң бойын қызғаныш билейді. Ол бірде Батылдың көріністі жасанды түрлі түске бояйтын көзілдірігін күлталқан етеді. Одан болмаған соң арқа тұсынан мылтық оғын атып жаралайды. Бірақ сол кезде жұлдызаралық кемедегі Батылды ұнататын қыз қайта оралып, оны өлімнен құтқарады. Сол қиналған сәтінде Батылдың көзінің табиғи қабілеті оянады. Сол сәттен бастап ғажайып түрлі түсті әлемге қанығады. Ұлы табиғатты қорғау мен аялаудың адам үшін қандай мәнді екенін түсінеді. Екі жұп достасып, екі отбасын құрады. Автордың бұл ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы "Тіршілік" журналында, орыс тіліне аударылып Алматы қалалық "Вечерний Алматы" газеті мен республикалық әдеби "Простор" журналында, одан кейін қазақ ғылыми болашақгерлік жанрында тұңғыш рет чех тіліне аударылып, Чех Республикасының астанасы Прага қаласында шығатын "Немезида" ғылыми-көпшілік журналында жарияланды. Ойлап қарасақ, түрлі түстен мақұрым қалған ғаламшардың еш қадыр-қасиеті болмайды екен. Адам баласы да, өзге кез келген тірішілік иесі де табиғи ләззатының сексен пайызын түрлі түсті көріністен алады. Одан мақұрым өскен Батыл осындай қадамға барды. Батыл туылып өскен ғалам шартірішілігі жойылып, ақ, қара түспен қалған Ай мен тағы басқа соған ұқсас ғаламшарлар мен серіктерін көз алдымызға елестетеді. Ендеше, өмірден толыққанды ләззат алу үшін қашан да ұлы табиғатты бүлдірмей, тоздырмай әдемі қалпында сақтауымыз керек! Жүніс Сақұрпағы сериясының жетіншісі – "Аптапты аймақта", "Іздеу сапарында", "Дүниенің көзі", "Шолпанға көшкен ауыл" бөлімді "Шолпанға көшкен ауыл" ғылымиболашақтық романында айтылған ғылыми идеяның бүгінде Австралия университеті ғалымдарының зертханалық тәжірибеден өткізіп үлгергенінен пікірімді бастағым келеді. Оны 2002 жылы "Қазақстан" телеарнасы мен сол кездегі "ОРТ" телеарнасынан естідік, бәріміз де көрдік. Ғылыми-болашақтық романның оқиғасы қазақтың Абзал есімді жігіті мен Шолпан есімді қызының арасындағы пәк сезімді махаббаты арқылы өрбиді. Шолпан ғаламшарын зерттеуші қазақ ғалымдарының құрамында жүрген қазақ қызы Шолпан кездейсоқ адасып, Жерден Шолпанға көшіп қоныс тепкен ауылға тап болып, Абзалмен танысады. Ол сүйген қызын жанына жақын алуы үшін жарық сәулесін жұтқыш ғаламат жүйені пайдаланып, Жердегі Шолпанның ауылын түгелдей Шолпандағы өз ауылының жанына көшіріп қоныстандырады. Үйленіп, бақытына, мұрат-мақсатына жетеді. Бұл ғылыми-болашақтық романның журналдық нұсқасы "Қазақ әдебиеті" газетінде жарияланды, ал 2004 жылы Астанадағы мемлекеттік "Елорда" баспасынан мемлекеттік тапсырыспен кітап болып жарық көрді, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби жылдық қорытындысында арнайы атап айтылды. Мерзімді баспасөзде көптеген жақсы пікірлі мақалалар жарияланды. Күн жүйеміздегі ғаламшарлар мен олардың серіктерінің беттеріне, осы өзіміздің Жерімізге, Жерімізден Айға, Айдан Жерімізге, Жерімізден Қызыл ғаламшарға, Қызыл ғаламшардан Жерімізге кеңістіктен ірілі-ұсақты аспан тастарының алмасып түсіп жататынын көп біле бермейміз. Тек 1995 жылы Күн жүйеміздің ең алып ғаламшары - Асқақ ғаламшар – Юпитерге жиырма бір бөлікке бөлінген құйрықты жұлдыздың соқтығысуының куәгері болдық. Сөзімді бұлай бастап отырғаным, Жүніс Сақұрпағы сериясының сегізіншісі – "Құпиясы мол қойнау", "Мұз құрсақтағы алып мүсін", "Ғасырлар қойнауынан жеткен үн", "Космотарих куәсі" бөлімді "Космотарих куәсі" ғылыми-болашақтық романының түп ғылыми идеясы осындай құбылыстардан туындаған. Айдың Күн сәулесі ешқашан түспейтін бүйіріндегі мәңгілік мұз-тоңды арнайы қуатты техникалармен аршып жатқан қазақтың бір топ ғалымы күтпеген жерден алып динозаврдың мұз болып қатқан денесіне тап болады. Оны Айдағы "Қазақстан" базасындағы тоңазытқышы бар қоймаға әкеледі. Айдың Күн сәулесі түсетін жағы өте ыстық келетін Сондықтан тоңазытқыш үнемі жұмыс жасауға тиісті. Бірақ, техниканың аты – техника. Бірде ұзақ жұмысқа шыдамаған тоңазытқыш істен шығады. Артынша қойма іші жылып, алып динозаврдың тұла бойы жіпсіп, ол қозғала бастайды. Ғалымдар қатты әбіржиді. Айда оттегі де, су мен азық-түлік те есептеулі. Динозаврды тірі алып қалу үшін ғалымдар арнайы үлкен ғарыш кемесімен Жерге, елге жеткізіп, Хайуанаттар бағына жеткізеді. Динозавр аяғына тұрады. Есеналы бастаған қазақ ғалымдары динозаврдың ми қыртысында сақталып қалған сол заманындағы көріністерді көзі арқылы алып, күрделі құралдармен үлкен экранға түсіріп көру ісіне кірісіп кетеді. Артынша динозаврдың сол замандағы тірішілік әрекеттері экранда пайда болады. Бірақ ол кенеттен аспаннан нөсерлей жауған ірілі-ұсақты аспан тастарынан қорқып қашып барып бір шағын үңгіртасқа тығылады. Сол кезде аспаннан ұшып келген үлкен бір тас дәл сол шағын үңгіртастың жанына түседі де, одан болған қуатты қопарылыстан үңгіртас ішіндегі динозаврымен бірге аспанға қарай атылады. Бұл табиғи-тарихи көрініс ғалымдарды елең еткізген еді. Бірақ көп кешікпей динозавр ауырып, жағдайы күн санап ауырлай береді. Ғалымдар мен мал дәрігерлері бар күштерін салып, қолда бар жақсы дәрілермен емдейді. Нәтиже шықпаған соң алыптың организміндегі өзгерістерді арнайы компьютерлік жүйелермен экранға шығару арқылы тексереді. Соңында алып динозавр Жерге аспаннан келіп түскен тастарда болған радиациядан залалданып, жазылмайтын сырқатқа ұшыраған болып шығады. Ғылыми-болашақтық роман осылай аяқталады. Бұдан «Күн жүйемізде оныншы ғаламшар болған. Оның өркениетті тұрғындары аса қуатты қарулар жасап, оқыс жағдайда ғаламшарларын жарып алған. Оның Жерге ұшып жеткен радиациялы жарықшақтары тып-тыныш, бейқам тірішілік етіп жүрген динозаврларды жойған» деген ғылыми негізді тұжырым туады. Оқырман ғылымдағы "Күн жүйесіндегі оныншы ғаламшар қайда кеткен?", "Жеріміздегі бір заманда дәурен кешкен алып динозаврлар неден жойылған?" деген сұрақтарына осындай жауап алады. Ал автордың негізгі айтпағы, қару күшін еселей берудің соңының ғаламшардың өзін жаңғақтай қақ жаруға апаратынын еске салу. Сериясының тоғызыншысы – "Тұңғиықтағы таңғажайыптар", "Сезім сиқырлары", "Су астының патшаханымы", "Су әлемінің саздары" бөлімді "Су әлемінің саздары" ғылыми-болашақтық романы. Оқиғалары жер беті мен су тереңіндегі сүңгуір кеме ішінде өтеді. Бас кейіпкер Айдынбек бастаған мұхитшы ғалымдар тобы су тереңін зерттеу барысында бөтен сүңгуір кемені байқайды. Оның ізіне түседі. Бірде кеме ішінде қыз бейнелі сәуле пайда болады да, артынша шын қызға айналады. Айдынбек те, өзге ғалымдар да су тереңін зерттеп жүрсе де, қолдарынан қазақтың қасиетті домбырасы мен қобызын тастаған емес. Әлгі қыз сол әуенді өз кемесінен арнайы телебайланыс жүйелері арқылы естіп-көріп, қатты әсер алып келген еді. Қыздың Айдынбекке деген махаббат сезімі оянады. Айдынбектің де қызға көңілі ауып, бойын құдіреті күшті бір сезім билейді. Оның елдегі үйінде көп жылдан бері бірге тұратын Раушанға мұндай сезімі оянбаған еді. Айдынбек ол қызды үйіне әкеледі. Раушан үшеуі бірге тұрады. Бірақ қыз Айдынбек пен Раушан арасындағы реніш жиілеген соң қайтадан мұхит тереңіне кетеді. Айдынбек оны іздеп табады. Екеуі су тереңіндегі кеме ішінде сырласады. Қыз өзімен қатарлас бірнеше ғарышкер жігіттермен бірге өзге жұлдыз жүйесінен Жерді, мұхитты зерттеуге келген. Жігіттері әуенге деген сезімнен мақұрым. Тек бағдарламамен жұмыс жасайтын темір тұлғаларға ұқсап кеткен. Ол қасиеттері қызға ұнамайды. Қыз бір кездері Жерден сол жұлдыз жүйесіндегі ғаламшарға аттанып, сонда қалып қойған қазақ ғарышкерінің ұрпағы еді. Өзі келген ғаламшарда жалған махаббат сезіміне жол жоқ. «Пәк сезім» суын ішіп, алғашқы неке түнінде жалған ғашықтық сезімде болғаны табиғи реакциядан таңға жетпей дүние салмақ. Айдынбек те, өзі Сәуле деп атап кеткен қыз да махаббат сезімдерінің пәктігінен дін аман таңға жетеді. Екеуі ұлды болады. Раушан өзінің бұрыннан білетін бір жігітіне тұрмысқа шығады. Ғылыми-болашақтық романның оқиғасы осылай өрбіп, осылай аяқталғанымен, түпкі ғылыми идеясы халқымыздың демографиялық дамуына қатысты көкейкесті мәселені қозғайды. Бүгінгі күні таяу, алыс шетел жастарына еліктеп аз уақыттың ішінде "ыстық махаббатқа" беріліп, отбасын құрап, бір-екі перзентті болған соң екіге жарылатын жастар аз емес. Ал автор айтып отырған өзге жұлдыз жүйесіндегі ғаламшар ғалымдары жастарға "Пәк сезім" суын ішкізіп, пәк сезім дарытқан. Соны ұстанады, ұстанбағаны алғашқы неке түнінен тірі шықпайды. "Бізде де сондай "Пәк сезім" суы болып жастарға пәк сезім дарытылса ғой, қазақ ұрпағы қашан да таза қанды, бақытты, ғұмырлы ұрпақ болып дами берер еді" деген жақсы ой келеді. Жарық дүние әлемін тұтастай бір Ғалам деп танимыз. Ал Ғаламда қозғалыстары мен құбылыстары әралуан мың-сан жеке жұлдыздар, жұлдыз жүйелері, шоғырлары мен Жұлдызаралдары бар. Күн жүйеміз солардың бірі. Ал зерделеп қарасақ, Күн жүйеміздегі аспан денелерінің қозғалыстары да әрқалай. Жеріміз өз осінде батыстан шығысқа қарай айналса, Шолпан мен Плутон ғаламшарлары шығыстан батысқа қарай айналады. Әрбір ғаламшардың өз осіндегі тәуіліктік айналысы мен Күнді айналу мерзімі де әртүрлі. Ғалам кеңістігінде ішкі энергиясы сарқылған жұлдыз сығылып, "Қара ойдымға" айналып жатады. Ғалымдардың болжамдарынша, Ғалам Үлкен Жарылыстан бері үнемі ұлғайып келеді. Ал егер осы құбылыс кері өтсе ше? Жүніс Сақұрпағы сериясының оныншысы – "Жұлдызды әлем жолында", "Кіші әлем кеңістігінде", "Ғаламшардағы ғаламаттар", "Соңғы аялдама" бөлімді "Жасампаздық қиырында" ғылыми-болашақтық романының ғылыми идеясы осындай жағдай туғанда да адам баласының жасампаз бола беретініне көз жеткізу. Тәкен басшылық жасайтын бір топ қазақ ғарышкерлері саналы туыстар табу мақсатында алапат жұлдызаралық кемемен Егіздер шоқжұлдызына сапар шегеді. Сапар барысында олар сығылған жұлдыз жүйесіне тап болады. Алапат кеме қозғалысынан жүйедегі тартылыс теңдігі бұзылады. Кеменің жүйеден қайта шығып кетуі қиындайды. Оларға жүйедегі ең үлкен ғаламшар елінің тұрғындары қол ұшын береді. Өз қалыптарына келген соң қазақ ғарышкерлері жақсылыққа жақсылық жасайды. Алапат кеме орнын толықтыру, тартлыс теңдігін реттеу үшін сырттан шағын ғаламшарды кемеге тіркеп әкеледі. Бірақ ол шағын дене орталық жұлдыздың тартылыс өрісіне төтеп бере алмай, онымен соқтығысады. Жұлдыз қойнауында жарылыс туындайды. Ол жарылыс сығылған жүйе мен ғаламшарлардың қайта ұлғаюына түрткі болады. Орталық жұлдыз қалпына келіп, кәдімгі өмір жалғасын табады. Шығарма осындай сәтті оқиғамен аяқталады. Бұдан бізге «Адам баласы дүние әлемінен ешқашан да жойылмайды, адамзат – жасампаз» деген сенімді ой туады бәрімізге. Дүние әлемі сәнінің гүл екені бәрімізге жақсы белгілі. Қуанышты күндерде бір бірімізге гүл сыйлаймыз. Ал бір біріне ғашық екі жастың махаббат сезіміне гүл болса да ерекше дәнекер. Ғылыми зерттеулер гүлдердің адамның көңіл-күйін, әрекетін жақсы сезінеді деп болжайды. Жер бетінде өзін өзі қорғай алатын өсімдіктер мен гүлді өсімдіктер аз емес. Жүніс Сақұрпағы сериясының он біріншісі – "Оралу", "Ізденіс жолында", "Қайта табысар жолда", "Табысқан жұптар" бөлімді "Ғарыштан келген гүл" ғылыми-болашақтық романы гүл қабілетінің біз көріп жүргеннен де жоғары бола алатынын ғылыми тұрғыдан көрсетуге негізделген. Мерген есімді ғарышкер басшылық ететін бір топ ғарышкерлер жұлдызаралық кемесін гүлдермен көмкерілген ғажайып ғаламшарға қондырады. Биолог Гүлжан сол гүлдердің бір-екі талын кемеге алмақ болғанда, Мерген топ басшысы ретінде рұқсат етпейді. Гүлжанның Мергенге деген махаббат сезіміне сызат түскендей болады. Оны сезіп, өзін күнәлі санаған қозғалғыш гүл кеме ұшар кезде оның тіреу табаны, қабырғасымен өрмелеп, жабылып үлгермегенр терезеден ішке енеді. Жасырын түрде Жерге жетеді. Бірақ алыс жұлдызаралық сапардан оралған кеменің ішін тазалаушылар Мергеннің рұқсатымен гүлді қоқысқа тастайды. Саналы гүл екі жасты табыстыру жолында көп қиындықты басынан кешеді, таяқ, таспен де соғылады.Сонда да қайсар гүл Мерген мен Гүлжанды қайта табыстырып, дегеніне жетеді. Шығарманың қысқа мазмұны осындай. Бұдан қорытатынымыз, биосферамыздағы күллі тіршілік әрекеттері бір бірімен сыбайласып жатады. Егер қандай да бір тірішілік иесінің бойына саналы қабілет дарыса, ол ғарыш гүліндей адами әрекетке көшеді. Ал адамға да, өзгеге де қамқорлық пен үйрету ісі дұрыс жолға қойылғанда оның тірішілікке деген әрекеті мен қабілеті артады. Адам қолымен үйретілген жануарлар, жыртқыштар мен құстар небір таңданаларлық істерді атқарады. Ең қарапайым деген Шырмауықтың мұртын саусағымызға жанастырсақ, ол көз алдымызда оған орала бастайды. Адам немесе жануар жанап кеткенде, тарс еткен дыбыс шығарып, бойынан сұйық шашатын өсімдіктер жер бетінде бар. Жазушы-болашақгер өсімдіктердің осындай қабілеттерін бір ғажайып гүлдің бойына жинап, екі ғашықтың қайта табысуына дәнекер еткен. Бұл ғылыми идея гүлге тек гүл деп қарамай, қашан да махаббат пен достық, сыйластық сезімінің символы деп қарауымыз керек дегенге саяды. Автордың "Күзетші" ғылыми-болашақтық романы алыстағы емес, өзіміздің көз алдымыздағы Ай ғаламшары құпиясына арналған. Айға ғарышкерлеріміз барып келсе де, оның құпия-сыры әлі көп. Ғылымда: "Ай Жерден бөлініп шыққан бөлік", "Ай жұлдызды әлем кеңістігінен келіп, Жердің тартылыс өрісіне іліккен аспан денесі", "Ай қандай да бір өркениетті адамдардың Жерімізді, бізді бақылап, күзетіп, айнала қозғалып жүретін құпия жасанды аспан денесі", "Ай бір кездері саналы адам баласы мекен еткен, өркениеттіліктен кеткен қателіктен түгелдей күйіп, осындай күйге жеткен аспан денесі" сияқты болжамдар бар. Мұндай болжамдардың мәнісін Жерімізден жұлдызаралық кемемен аттанып, өзге жұлдыз жүйесіндегі бір ғаламшардың дәл Ай сияқты күзетшісіне тап болған қазақ ғарышкерлері түсінеді. Шығарманың ғылыми идеясы адам баласының Айға о заманнан ерекше назар аударуының бекер емес екендігін сезіндіреді. Ендеше, Жерімізге ғана емес, көктегі Айға да осы бастан қамқор болуымыз қажет екен. Жүніс Сақұрпағы авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми – болашақтық романдарының қай қайсысында да адам баласы өмір сүре алатын ғаламшарлар мен құпиясы мол өзге жұлдыз жүйелері, жұлдыз аралдар мен 52 жеке ғаламшарға сапар шеккен ғарышкер кейіпкерлерінің бастарынан кешірген шым-шытырық оқиғалары мен тағдырлары арқылы ұлы табиғатты қорғау мен аялаудың небір көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол арқылы адамзат қоғамының болашағын суреттей отырып, дүние әлемін танып білудегі саналы да білімді адам баласы әрекеттерінің жоғары өркениетті үлгісін зейіні зерек оқырман алдына жайып салады. Жүніс Сақұрпағының "Кеңістік көшпенділері" авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдарының қысқаша мен талдаған он екісі еліміз баспаларынан жеке-жеке кітап болып жарық көргендері. Жеке қорында жариялануын күтіп жатқан жетпіс бесін толығымен талдасам үлкен монографиялық дүниеге айналар еді. Олардың жарық көруі болса да алдағы уақыттың үлесінде. Бүгінгі компьютерленген қоғамда қазақ әдебиетінде үлкен бетбұрыс тудырған бұл авторлық сериялы ғылыми-болашақтық романдарын кітап етіп басып шығару ештеме де емес. Жүніс Сақұрпағы біздің Жюль Верніміз. Француз жазушысы «Ғылымисаяхаттық» романдар сериясын жазды. Бірақ оның грифінің орысша аудармасы гректің «phantastike» сөзінен алынған «фантастика», «ғылыми фантастика» терминдеріне айналып, Кеңес Одағы кеңістігіне тарап кеткені белгілі. Ана тіліміз – қазақ тілімізді қастерлесек, осындай негізсіз терминдерден тазаратын күніміз әлдеқашан жетті. Жүніс Сақұрпағы қыруар шығармалар жазумен қатар жұлдызды әлемді бақылап-зерттеуін де жалғастырып келеді.. Ол сонау студент кезінің өзінде стипендиясын жинап, отыз бен алпыс есеге жақындататын БҚ-457 бақылау құралын сатып алып, 1975 жылы жаз айында болып өткен Айдың толық тұтылуына бақылау-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол еңбегінің орыс тіліне аударылған нұсқас келесі 1976 жылы Мәскеу қаласында шығатын әлем оқырмандарына танымал ғылыми-көпшілік «Земля и 53 Вселенная» журналының 3-ші нөмірінде жарияланған. Ал 1987 жылы авторлық сериясының екіншісі – «Борыш» ғылыми-болашақтық романы жарық көргеннен кейін арабша «Мицар» (Қазақша «Жігіт») деп аталынатын жақындату-ұлғайту күші 170 еселік сыңардүрбіге қолы жетеді. Қызыл ғаламшардың Жерімізге ұлы қарсы тұрған 1988 жылдың Қыркүйек айында сол «Мицармен» Алатау баурайындағы саябағынан Қызыл ғаламшарға бақылаузерттеу жұмыстарын жүргізді. Түрлі-түсті шыны сүзгілерін қолдану арқылы бақылау барысында қарындашпен ақ қағазға оның өз көзімен көрген алпыс суретін салады, әрбір суреттің астына байқағандарына сай түсіндірмелер жазады. Оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Астрофизика ғылыми-зерттеу институты мен орыс тіліне аударылған нұсқасын Мәскеуде шығатын «Астрономический вестник» ғылыми-көпшілік журналына жібереді. Көп кешікпей Жүніске "Астрономический вестник" журналдың жауапты хатшысы, белгілі астроном И. Т. Зоткиннен арнайы хат келеді. Сонда жазылған ұсыныс-кепілдеме бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Астрофизика институтының ғалымдары Жүніс Сақұрпағын 1990 жылғы Қаңтар айында КСРО Ғылым академиясы Физика-математика Бөлімі құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамына толық мүше етіп алады.
Әбдіраман Шәмшиден, педагогика ғылымының докторы, профессор
http://nblib.library.kz/elib/Sait/NauBibUKAZ/%D0%91%D0%B8%D0%BE%D0%B1%D0%B8
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?