М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 26-сабақ.
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы образ жасау шеберлігі
М. Мақатаев –лирик, прозаик,әрі шебер аудармашы. Әсіресе, солардың ішінде М. Мақатаев поэзиясының басты арнасының бірі –оның әр алуан тақырыпқа жазылған поэмалары болып есептеледі. Өмірден ерте кеткен адуынды ақын Мұқағали артына өшпес,өлмес мұра қалдырды. Оның асқақ жырлары, көркем аудармалары және әңгімелері жаныңды баурайды.
М.Мақатаев 1931жылы ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы, Қарасаз деген ауылында дүниеге келеді. Туған жерінің әсем табиғаты бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Бірақ, балалықтың бұлтсыз күндерін қатал тағдырдың өзі қызғанғандай екен. Отан шетіне қанқұйлы жау тиіп, батысты өрт шалғанда әкесі Сүлеймен өз еркімен майданға аттанды. Әкесі Калининград маңайында болған соғыста қаза тауып, қара қағаз келеді. Ақынның шешесі Нағиман 3 ұлымен жесір қалады. Балдай тәтті балалықтың бал шағы жарлы жылдарға дәл келген өз тұстары сияқты Мұқағали да ерте есейді. Арба айдап, соқа салып, тырма тартып, шөп шауып, масақ тереді. Кейін бұл өртеңде өскен өмірбаян өзекті өртер өжет өлең болып өріліп, өрісті өрнек тапты. Оныншы интернатты бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласады. Алдымен ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі болып қызмет істейді. Мұқағалидың әуелгі мектебі осындай…
М. Мақатаев алдымен лирик ақын. Оның жан-дүниеңді тербетіп жүрегіңді елжіретер жырлары кімге болса да ой салары анық. Ол өзі арқылы адамдарды, адамдар арқылы өзін зерттеген. Оның өлеңдерін оқырмандары іздеп жүріп оқитын игілігіне айналдырған. Ол шебер аудармашы да еді. А.Дантеннің «Құдіретті комедиясын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», У.Уитемнің жырларын, тағы басқа да атақты ақындардың туындыларын қазақ тіліне қиянатсыз аударды. Мұқағалид проза саласында да аздап қалам тербеген еді. Оның прозалық шығармалары «Қош махаббат» деген атпен әңгімелері мен повестер жеке кітап болып жарық көрді. Ол қай жанрда болса да ұлттық өміірімізге үлкен үлес қосып кетті. Оның жырлары – тіршіліктің тамырындай өміршең, мәңгілік жырлар қатарына жатады.
М. Мақатаев өзінің аз ғана күнгі өмірінде, қазақ әдебиетіне үлес қосып, өзін оқушы қауымға кең танытқан талант. Оның баспадан әр жылдардан жарық көрген кітаптарын атап өтсек орынды болар деп ойлаймыз:
«Иличь» /1964/, «Мавр» /1970/ ,«Дариға жүрек» /1975/, «Аққулар ұйықтағанда» /1974/, «Шуағым менің» /1975/, «Өмір-дастан» /1976/ ,«Өмір-өзен» /1979/, «Бәсіре» /1981/, «Соғады жүрек» 2том /1982/, «Шолпан»/1984/, «Хош махаббат» /1988/, «Жырлайды жүрек» /1989/ атты өлең, поэмалары, толғаулары, әңгімелері повестері жарық көрді. Әрине, бұл жерде ақынның кітаптарының санында емес, біз оның туындыларының адамның жүрегінен жыллы орын теуіп, оқушы қауымды дүр сілкінткен отты жырларын айтпақшымыз.
Мұқағали поэмаларындағы кейіпкерлер қызу қанды, арпалыстағы жігерлі жандар, күрестен қаймықпайтын құштар көңілді жандар болып келеді. Мұқағалидің поэмаларында лирикаға тән майда лепті сыршылдық та, драмаға тән қиян кескі тартыс, эпикаға тән алымдылық пен қомақтылық, кең құлаштылық бар. Сондай-ақ оның поэмаларының тақырыптары әр алуан, біріне-бірі өрнегі мен идеясы тұрғысынан атымен ұқсамайды. Поэмаларының шиеленіс, шарықтау шегі шешімі, композиция құру тәсілі аяқтау бөлімдерінің ұзын-қысқалығы бірін-бірі қайталамайды.
М.Мақатаев поэмаларының негізгі арқауы – халық өмірі, халқымыздың тағдыры, күресі, совет заманыдағы өркені өскен еңбеккер жұртымыздың сыр сипаты болып табылады. Мұқағали поэмаларының қайсысын айтсақ та көркем, әрі әсерлі болып келеді. Сондықтан біз оның барлық поэмаларының атын атап тізіп отыруды жөн көрмедік.
Алдымен поэма туралы сөз етейік. Әдебиетті ғалымдар поэмаға қандай анықтама беріп, оны қандай жанрға жатқызып, қалайша жіктеп жүргеніне тоқталып өткен орынды.
Белгілі әдебиетші ғалым Қажым Жұмалиев өзінің «Әдебиет теориясы» атты кітабында поэмаға былайша анықтама береді «Поэма- эпостық жанрдың бір түрі. Белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын көркем шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылады. Адамдардың қарым- қатынасын, күйініш-сүйінішін суреттейді», -деп көрсетеді.
Проффессор З.Қабдолов: «Поэма грекше poiema- туынды, өлеңдер, повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен киелі оқиғаларды алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу». Сондай-ақ қазақ поэмалрын жанрлық- стильдік жақтан зерттеп, ғылымдық мәні күшті еңбек жазған филология ғылымының докторы Әбділхамит Нарымбетов өзінің «Қазіргі қазақ поэмалары» атты зерттеу еңбегінде поэма туралы былай деді: «Поэма дегеніміз өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығарма. Екінші сөзбен айтқанда белгілі бір кейіпкердің басынан кешкен оқиғаны ақынның өлеңмен көркемдеу арқылы бейнелеп суреттеуі».
М.Мақатаевтың бұл поэмасының негізгі тақырыбы пәктік пен адалдықтың символы аққулар жайында немесе табиғат туралы. Табиғат талақ еткен жанның трагедиясына құрылған. Киелі, қасиетті құс саналатын аққу құсты ғазиз ана баласын өлімнен алып қалдым-ау деген ойда жазым қылады. Поэма оқиғалары шағын-шағын әрі өте тартымды.
Табиғаттың тауы мен тасына дейін қастерлеп өткен ақынның нәзік жаны аққулар жайлы болған оқиға негізінде жыр өрнегін өрген. Поэма былайша басталады:
Өзенде жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға,
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай.
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді қарайды қарға шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма сірә? – деп, осылайша шабытпен тау басындағы көлдің көрінісін оның табиғаттың еңбір сұлу жері, әрі тау басында тамшыдай болып өзендер мен байланыспай неше жүз жылдардан бері қарай құрымай келе жатқанына таңдануы, әрі оған сүйсінуі көркем суреттермен бенеленіп жанды көріністер арқылы беріліп отырады. Поэма осы тау басындағы көлдің жылда өзіне қайтып келетін құстарымен бақытты екенін айта келіп, кейін одан құстардың безіп кетуі, құстардың ішінде әсіресе аққулар келмей кеткендігін ақын жанды бейнемен суреттей білгенін көреміз.
Поэма негізінен үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақын сұлу да көркем тілімен жеткізіп болмас табиғаттың көркін, аққумен әсем «Жетім көлді», бұл көлге тірі адам аяқ басып келмейтін, аққуын шошытпайтындығын жырға қосады:
Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным.
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын,
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.
Аққулар аман-есен қайтқанынша,
Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.
Суымен сырқаттарын емдейтұғын.
Немесе:
…Оралмады аққулар осы маңға,
Жылдар өтті, байғұстар шошыған ба?
«Жетім көл» жетімсіреп қала берді.
Арман-ай аққуымен қосыларма?! – деп, «Жетім көлдің» аққуынан айырылып, қызығы кеткен кезін өте аянышты қалде суреттейді және бұрынғы құстары бар кездегі шаттық думан күндерін армандап, ол күндердің келмеске кеткенін нәзік сезім мен нанымды көріністер арқылы жыр жолдарына түсіреді.
Поэманың екінші бөлімінде баласы қатты ауырған түн күзетіпотырған ару анамен, еденде қалжырап жатқан әкемен кездесеміз. Тау да байырғы «Жетім көл» де түн құшағына енген. Перзенттің саулығы үшін ананың ойларын әсіресе мыйын жегідей жеп тұрған қатыгез ойларын елестетудің өзі қиын. «Өлімнің сарқытындай жалғыз баласы» төсекте албырап әл үстінде жаптыр. Не істерін білмей дал болған ана жарына былай тіл қатады:
«Мына, күндіз тәуіп шал не деп кетті?!
Әлде өтәрәк әлде шын демеп кетті!..
-Аққуменен баланы аластаңдар.
Деді дағы жәйімен жінеп кетті…»
-Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,
Неткен жансың санасыз жаратылған?!
Манағы тәуіп шалдың айқан сөзі.
…Айналайын аққудың қанатынан,
Қайтеміз ол да адамға бола туған – деп, аяулы ана жолдасына «Жетім көлге» барып таң атпай тұрып ешкімге білдірмей аққудың біреуін алып кел деп, шарасыз қалін білдіреді.
Оған ілажсыздық білдіріп былай дейді:
«Оқ атам қасиетке қалай ғана?..
Бармаймын, бара алмаймын, қала барам?» — десе, юаласы үшін өлімге қайлі ана ашына келіп, түтігіп, өзін ірке алмаған күйде, өз ойын жалғастырады:
-Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!
Балам өлсе бақыттың керегі не?!
Топпан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты әкел
Атты ертте!
Жалған бәрі!..
Осылайша бекінген ана аққу құсты өзі атып келіп, баласын онымен қағып, аман алып қалу ниетімен «Жетім көлге» таң атпастан бұрын аттанады. Осы кезде таң қылаң беріп келе жатқан мезгілде ана көлге жетеді. Перзенті үшін неге болсада бас тігіп, жан ұшыра алас- ұрған ана ұйықтап жатқан құс төресі аққуларға ананың жүрегі тыпыршып, не қыларын біле алмай жабығып ұзақ қарап ойланады. Осы жерде ұйқыларынан оянған аққулар бейнесін нәзік жанды, асқақ сезімді ақын былайша әсерлі де, көркем суреттейді:
Аққулар…
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Айдынның еркелері, білмей тұрмын.
Етермін тағдырымды кімге аманат?!
… Ақ қанатын сабалап асыр салып,
Бірге суға сүңгейді басын малып.
… Ойансаңшы, ойансын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық – деп, таң алдындағы тыныштық кезіндегі көріністі жанды сурет арқылы, әрі осы тыныштықты бұзатын қауіпті қатердің бар екенін де ескертіп қояды. Адамзатты сұлулықтың символы болған аққу құстты атпауға шақырды. Ерке құстардың осы бір тылсым өзінің ек ойлағанын да, алдағы келер үмітінің неменен тынарын білмей отырған қиын сәтте, аласапыран, ойран болатын минуттың да жақын қалғанын адамның жаны төзбес көріністерімен баян етеді.
Мысалы:
Шошымай шолжаң өскен батырларың.
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын.
Көздің алды көк түтін, ақыл жарым
Білмей отыр жаңағы тыныштықтың,
Сүт ұйыған тегешін сапырғанын… – деп баян етсе, ендігі жағында көл бетіндегі қан аралас толқын бетіндегі аянышты аққудың тағдырын көз алдыңа елестетеді. Мына бір өлең жолдарыеа үңіліп көрейікші:
Алып аспан астына сыя алмай бір,
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр,
Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап,
Мөлтілдеген көз жасын тия алмай тұр,
Айдын көлін аққулар қия алмай жүр. – деп көлдің сәні аққуынан айрылған «Жетім көл» көз жасын тия алмай, қан жылайды. Мұндағы негізгі нәзік сезімді тебіренте алатын ақындық сарынның басым екендігі байқалып тұрған жоқ па? Барша аққулар қимас мекеніне айналған «Жетім көл» қимай, қоштасып, бетін батысқа бұрып, ұшып кете барады,
Немесе:
Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,
Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады… осы бір екі өлең қатарындағы кішкене ғана нәзік сезім адам баласының тебіренісін тербете алатын ұлы күш екенін аңғарасың. Әрине көл бетіндегі топ аққуға беймезгіл шақта оқ тып тыныштығын бұзған ана бейнесі ше?
...Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,
Қалай алып кетерсін біле алмастан,
Сүле – сопа, жағада ойлауда тұр.
Осы бір өлең жолдарын оқыған сәтте сәбиі үшін мылтық асынып, қандай қиыншылық болса да жанын аямайтын қайсар ананың тағдыры жайында еріксіз ойға батасың. Мұндағы шеберлік, көркемдік, нәзік сезім бәрі-бәрі ақын сезімнің тереңдігінде десек болар еді.
Шығарманың үшінші бөлімінде «Жетім көлдің» басында жылқы бағып жүрген жылқышы шалға кездесесің. Таңсәріде көл басында таңғы тыныштықты бұза мылтық атып, берекесін алған кім екен деп таң қалды. Неде болса, мылтық атқан бұл елдің адамы емес шығар, кім болма да қарулы кәзапқа құрықпен күшім келмесе, алыстан тұрып жөн сұрайын деген оймен қыр басына шығады:
«Берекесін бұл жердің кім қашырған?...»
Өңім бе, түсім бе деп таңданады.
Жаулығы желбіреген әйел бейнесін көріп, сырын білмекке асығады.
Ақын кейіпкер жанын жегідей жеген шарасыз сәтті психологиялық тебіреністі ширықтыра суреттеуде өзіндік шеберлік танытқанын байқаймыз.Аққуды атпау атадан балаға жалғасып жеткен жоралғы, жарасымды дәстүр, сұлулықтың нәзік сезімін оята білудегі ең үздік сыр емес пе?
Ақын осындай ірі тұлғалы образды жасауда уөп сөзділікке бармай-ақ, аз сөзбен терең мағына беретін көркемдегіш құралды шеберлікпен қолдана білуінде.Кейіпкердің іс-әрекеті,ішкі көңіл-күйі арқылы оқиға идясымен ұштастыра отырып, терең толғаныспен баяндап көрсетеді. Мысалы: Ақын поэма соңындағы жылқышы қарттың бойынан нұр шашқан сезімдерін, адамгершілігін, ішкі тебіренісін суреттеуден аңғарамыз. Үн – түнсіз егіліп тұрған ана «Жетім көлге» лақтырады. Көзінде жасы, көңілінде қайғысы бар ана болған жайды қпртқа баян етеді.
Атына қайта қонған ана әлденеден үрейлене тітіркеніп, мең-зең, дел-сал болып, үйіне бет алып келеді.
Ана үйіне келсе, жалғыз ұлы өлген. Қаралы көңіл бұл қасіретті аққу құстың қарғысынан, киесінен деп біледі. Көз алдында сұлқ жатқан сәбиін өзі өлтіргендей болады. Бәріне өзі кінәләдей болып, көңілі құлазып, еңіреп, есеңгіреп құлайды. Поэмада ақын ананың азалы үнін былайша жебіріне жеткере суреттейді:
«… Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды.
Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа…
Жоқ!
Мен емес…
Мен атпадым…
Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!»
Ғазиз ана, ербеңдеп екі қолы.
Жиылған жұртқа қарап алақтады.
Немесе:
Бірде ана көкке жайып алақанын:
«Қазір, бота…
Мінеки, таң атады…
Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын…
Жазыласың құлыным...балапаным»- деп зарлана
есінен айырылып әр нәрсені бір айтып, бірде күліп көке қараған, бірде үнсіз тың тыңдаған ананың ауыр қалін ақын сезімталдықпен тереңнен түсінген қасиетінен ада болған «Жетім көл» бірі өлген, екіншісі жараланған қос аққу, демі үзілген нәресте. Осыншама ауыр, қаралы көріністер ана жүрегін езеді, есінен тандырады. Поэма осындай ауыр да, аянышты трагедиямен аяақталады.
Поэмада екі бірдей сабақтастық идея бар. Оның бірі қасиетке оқ атпау, тәтті тыныштықтың шырқын бұзбау, адамгершілік пен ізгілікті дәріптепі уағыздау болса, екіншісі қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қамқорлықпен аялап, сүю. Поэмада ақын ана бейнесін ұлттық әдет – дәстүрге байланысты жағдайда өте көркем, шындыққа сай реал тұрғыда анық ананың типтік характерін жасағандығын көреміз. Қорыта айтар болсақ.ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қазақ әдебиетіндегі орнаған сұлу да, биік мұнара іспеттес. Әдебиетіміздегі бүгінгі таңда ешкімге ұқсамайтын қауымның көңілінен орын алған ақынымыздың тіл шеберлігі де, сөз саптауы да өзгеше демекшіміз. Ақын поэмаларының қайсы бірін алсақ та адам баласының нәзік сезімін тербетіп, ой салары сөзсіз. Демек ақын поэмасының көркемдік ерекшелігі оқиға желісінде жанды суреттер көз алдыңнан әсем сазбен тізбектеліп өтіп жатады. Ақын өзінің поэмасына нәр беріп жандандыра түсуінің негізгі мәнісі образды сөйлеуінде. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында тау басындағы «Жетім көл» мөп-мөлдір жаңбыр тамшысына теңеліп, жүзікке қас қондырғандай үйлесім тауып тұр.
Өзенде жоқ сыймаған арнасын,
Жылғада жоқ даламен жалғасуға,
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Осындағы аққу құсты атып, не қыларын білмей тұрған ананың үмітін қайтқан құсқа теңейді.
Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,
Қайтқан құстай алыстап барады үміт,- деп осыған ұқсас теңеулер көптеп кездесе береді.
Қазақ поэзиясының ақиық ақындарының бірі М.Мақатаев өмірден ерте кетсе де оның өлмес. Өшпес жырлары оқырман қауым жүрегінде мәңгі сақталары анық. Мұқағали туралы М.Қаратаев мынандай ойлы пікір айтқан: «Арамыздан тым ерте тамаша ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың алғашқы қадамынан-ақ оның аяқ алысынан айырықша талант иесі екенін аңғаруға болатын еді. Аңғармаппыз...»
Белгілі қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев ақын туралы өзінің пікірінде: «М.Мақатаев біздің заманымыздағы ғажайып ақындарының бірі. Мақатаев атты алып ақындық жарқын жүзіне, миллион пікір пайымдаса да, ешбір кіреуке, көлеңке түспей келешекке қарай керуен түзеп, көше бермек.»
М.Мақатаев қазақ әдебиетіндегі әдеби жанрдың поэзиясы саласында елеулі еңбек етіп, поэзияның дамуына, оның жанрлық және стильдік жақтан толығып өркен жаюына өзінің мол үлесін қосты.
Начало формы
Конец формы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?