М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, презентация. 28-сабақ.
Ми шабуылы
Картинадағы кейіпкердің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына қандай қатысы бар?
Бұл кейіпкер кім?
Ол қайда асығып барады?
Картинаның қара түспен көмкерілу себебі неде деп ойлайсы?
Бұл шығарманың қай бөлімінде жырланатын оқиға?
Көл басына жеткен Ана қандай шешімге барды?
Ананың бұл әрекеті дұрыс па?
Аққу деген адал құс. Рас па?
Автор орнында болсаң, поэмаға қандай өзгерістер енгізер едің?
Пирамидалық талқылау
Сынып алдынала бірнеше топқа бөлінеді.
Әр топқа пирамиданың суреті салынған қағаздар таратылады.
Бұл тапсырмада екі сұраққа жауап беру көзделеді.
Бірінші сұрақ екінші сұрақтың негізін құруы тиіс, яғни автордың көркемдегіш құралдарды қолдану ерекшелігін талқылауға бағытталуы тиіс.
Екінші сұрақ оқушыларды тереңірек ойлануға ынталандыруы тиіс.
Топ мүшелері өз бөліктеріне сұрақтар жазады.
Содан оқушылар қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауаптарымен танысады.
Енді топ болып талқылап, екінші сұраққа жауап береді.
Қағаздың ішіндегі кіші төртбұрышқа екінші сұрақтың жауабы жазылады.
Жан-жағына бірінші сұраққа қатысты әр оқушының жауабы белгіленеді.
Сұрақ үлгілері:
Поэмада табиғат көріністері қалай суреттелген?
Аққудың сұлулығы қалай суреттеледі?
Жаралы аққу сипаты?
Аққу мен кейіпкер арасындағы арпалыс сипаты?
ӨрмекшіҮзінділерді ұсынылған көркемдегіш ұғым атауларымен байланыстырып, өрмекші кестесін тоқып, түсінік беріңіз.
Тақырыптардың түйісуі
Топта көркемдегіш құралдардың шығарма тақырыбын ашуға қызмет еткен тұстарына мысалдар келтіріп, автор стилін анықтап жазыңыз.
Топтық бағалау
Рефлексия.
«Мен бүгін . . .»Суреттердің бірін таңдап, сабақтағы жасаған жұмысыңызға рефлексия жасаңыз.
Үй тапсырмасы
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын толық оқыңыз, ұнаған тұстарынан үзінді жаттаңыз;
Аққуға қатысты мақал-мәтел, нақыл сөздер мен тыйым сөздер жинақтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?