Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 4-сабақ.
- Суреттерді пайдаланып, әдеби-теориялық ұғым атауына мысал келтіріп, түсінік беріңіз.
- Мына өлең жолдарын толықтырып, қайталау түрлеріне түсінік беріңіз
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Мен--------------------------------------------
Мен--------------------------------------------
---------------------------------------- деп,
---------------------------------------- деп.
- Жыл мезгіліне қатысты қатар алынған екі суретке сипаттама беріңіз. Қайталау түрін еске түсіріңіз.
Қазына іздеу
- Оқулықта берілген Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңінен «Қазына» ретінде теңеу, эпитет, метафора, риторикалық сұрақ, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, психологиялық параллелизмді, көнерген сөздер, фразеологизмдер, дисфемизм, эвфемизм, шешендік сөздерді, т.б. тауып, қолдану ерекшелігіне талдау жасаңыз.
- Әрбір қазынаны тауып талдағаннан кейін, автор стилін анықтаңыз.
1-топ
Көркемдегіш құралдар | Мысал | Қолдану ерекшелігі | Автор стилі |
эпитет | |||
теңеу | |||
метафора | |||
риторикалық сұрақ |
2-топ
Қайталау түрлері | Мысал | Қолдану ерекшелігі | Автор стилі |
ассонанс | |||
аллитерация | |||
анафора | |||
эпифора | |||
психологиялық параллелизм |
3-топ
Өлеңдегі қолданылу аясы тар сөздер | Мысал | Қолдану ерекшелігі | Автор стилі |
көнерген сөздер | |||
фразеологизмдер | |||
дисфемизм | |||
эвфемизм | |||
шешендік сөздер |
Мен айтыскер боламын
Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: “шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын.
Ысқақ Тәкімұлы
Зерттеуші пікірін растау мақсатында М.Мөңкеұлының сөзімен айтқанда: «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін» демекші, теңеулер мен эпитеттерді пайдаланып, айтыс ақыны ретінде жұпта сайысқа түсіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру