Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ

ҮШ ҚИЯН

Бұл толғау жаңа низам жүріп, ел «штатқа» көніп, елді оязнай, болыс, ауылнайлар билей бастаған заман түріне айтылған. Айтылуы

1873 жылдын шамасында болған.1Заманнан заман оралған,Дүние шіркін соны алған –Адыра қалғыр бұ қонысҚайырсыз екен озалдан.2Қайырсыз неге десеніз,Асанқайғы, Қазтуған,Орақ, Мамай, Телағыс —Қалған екен солардан.Біз де бір сондай болармыз,Артық па едік олардан?!3Еділдің бойы — қанды қиян,Жайықтың бойы – майлы қиян,Маңғыстау бойы — шанды қиян,Адыра қалғыр үш қиян!Үш қиянның ара бойынанЖеті жұрт кетіп жол салған.Жеті жұрттың кеткен жер,Қайырсыз болған неткен жер?!Адыра қалғыр көк Жайык,Көпір салып өткен жер,Асанкайғы, Казтуған,Орақ, Мамай, Телағыс,Шораның шұбап кеткен жер.4Тұлпар мініп, ту алған,Дұшпаның көріп қуанған,Алмасын қанға суарған,Аруақты ерлердіңАбыройын төққен жер,Керегесін кескен жер,Кесіп, бұршақ еткен жер,Ердің соны — ИсатайБармағын тістеп өткен жер!5Жеті жұрт көшіп кеткен соң,Атамыз қазақ баласыКонып, мекен еткен жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Жүзден-жүзден нар байлап,Дәулеті қалың біткен жер.Аузы түкті кәуірдің,Басы шошақ қалмақтыңҚанын судай төққен жер.Алма мойын аруынЕрлерім олжа еткен жер.Күндердің күні болғанда,Таршылыққа қалынды,Қайырсыз болған неткен жер?!6Адыра қалғыр көк Жайық,Садағын сала байланып,Астана жұртын айналып,Ерлерім енсеп желген жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Ақтылы қойдың өрген жер.Шалқыған дәулет мол бітіп,Қызығын жұртым көрген жер.Емендей белін бүгілтіп,Жібектей жалын төгілтіп,Еріні төмен салынған,Құйрығы күлте малынған,Күдері бел, күпшек санБедеу атқа мінген жер.Аузы түкті кәуірдіЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер.Күндердін күні болғанда,Таршылыққа іліндің,Жеті жұрт кетіп бүлген жер!7Шаңдаттырып даласын,Талқан етіп қаласын,Атамыз қазақ болғандаӘлденеше шапқан жер.Қоралап айдап дұшпанды,Үргеніш пен БұхарғаСарыала алтын, ақ күмісҚарық олжаға батқан жер,Алтыннан тұмар таққан жер.Қырғауылдай қызыл нар,Қыз-келіншек жиылып,Қызықпенен артқан жер.Айыр өркеш сары інген,Кілем жауып үстіне,Қыл арқанмен тартқан жер.Мыңнан жылқы айдаған,Жүзден нарды байлаған,Салтанат түзеп мырзалар,Тамашаға батқан жер.Қайырсыз болып барады-ау,Атамыз өткен Асан биМұны да құтсыз деп айтқан жер!8Мұның құтсыздығының белгісі:Алтыатаның ар жағы,Талөкпенің бер жағы,Сақмардың бойын жайлаған,Сарғая бие байлаған,Ақсуда тайы ойнаған,Еңсемді кәуір басар деп,Едіге бидің көшкен жер.9Қойды мыңнан өсірген,Жылқыны санға жеткізген,Арпа, қауын төктірген,Жеріне жеміс ектірген,Тоғыз жылдай сарғайып,Қойына қошқар салмаған,Еркегі қатын алмаған,Қабыршақты, Қарасу,Қанатымды залым қияр деп,Қарға бойлы ҚазтуғанҚайғыланып көшкен жер.10Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Салқындыққа алқара күс тон киген,Салтанатқа салпы ерінді нар артып,Салқамдыққа жорғадан өзге мінбеген,Жаскұстың арғы тұмсығыЖәнгірдің қала салдырған,Негіз етіп қалдырған,Нәріктің ұлы ер ШораАйқайласып, шуласып,Баланы кәуір сұрар деп,Мұңайып ханның көшкен жер!11Садағын сала байланған,Астана жұртын айналған,Жауды көрсе — жайнаған,Жай тасындай қайнаған,Мың қалмақты, кез келсе,Айдарынан байлаған,Көгендеп койдай айдаған,Қараша, Құбан – қанды су,Ақтөбе, Бозан — данды су,Үшөзен, Самар – жанды су,Бестерек, Еділ бетінен,Бұлдырған мен БадашыКөп қалмақтың ішінен,Бесешкі таудың шетінен,Билікті кәуір алар деп,Қараның ұлы СидақтыңКайғыланып көшкен жер!12Алты жыл балшык бастырып,Тоғыз жыл керіш соқтырып,Сусынын шайға қандырып,Хандығына жұртын нандырып,Адыра қалғыр Аштархан,Әз Жәнібек хан салдырып,Ақылын кәуірге алдырып,Айласы құрып, кеткен жер!13Бірсіндеп садақ асынған,Біріндеп жауды қашырған,Адырнасын атқа алған,Атар оғын тайға алған,Қорамсаққа кол салған,Қозы жауырын ок алған,Атқан оғы зырқырап,Еділден өтіп жоғалған,Еділде тұрып оқ атса,Жайықта оғын жоғалтқан,Жайықта тұрып ырғаса,Еділде оғын жоғалтқан,Бір атқанда он атқан,Атқанын қардай боратқан,Бір өзінің беліненЕлу алмас тоздырған,Атағын жұрттан оздырған,Ерегесіп келгенде,Ескі ауруды қоздырған,Тұла бойы қалталы,Қарыс қара балталы,Үсті толған күймелі,Құнан бұқа шүйделі,Жараған айғыр шекелі,Күжірейген бура келбетті,Көн жамылған көр бетті,Айдаса, жөнге жүрмеген,Адамның тілін алмаған,Айдаһардың тынысынҚолыменен барлаған,Аштарханнан ақырса,Атаңа нәлет қалмақтыңАлтын туы жығылған,Өгізтауда өкіртіп,Он екі ханды өлтірген,Дегеніне келтірген,Адыра қалғыр ит Нарын,Орақ пенен Мамай да,Ойдағы дәурен болмас деп,Ойран салып көрген жер!14Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Дұшпанга оғын кезеген,Заманында өзініңАз бен көпті теңеген,Құрмаласқан құдада,Құдайласқан доста даАртығым кетті демеген,Жорық жортып жүргенде,Жылқы еті болмаса,Өзге азық жемеген –Боқсақтың бойы боз қамыс,Жаңбыршының ұлы Телағыс,Елімді кәуір алар деп,Заманы қалай болар деп,Тынши алмай, көшкен жер!15Балығы тайдай тулаған,Бақасы қойдай шулаған,Жайық пенен Еділден,Сағыз бенен ЖеміңненТастан көпір салдырып,Тайсойған мен ҚарабауМекен еткен жерлерің,Шалқып жатқан көлдерің —Дендерден бергі бауырайданҚазтуған шұбап өткен жер!16Ақтөбе менен Қорғанша —Асанқайғы бабаныңҚызыл тастан үй салдырып,Он жыл тұтас отырып,Әңгіме құрып кеткен жер!17Қарақұтан мен Қалдыбай,Жаңғызағаш, Жақсыбай —Күлектің ұлы қарт Қожақ,Естерек ұлы ТарғынныңТарыққанда ақыл сұрай барған жер.18Қалдығайты, Бұлдырты,Жер реңкін қарасаң,Көдесінің тұбі сайын бір жылқы,-Қарақыпшақ ҚобыландыТұлпар мініп желген жер.Аузы түкті кәуірді,Басы шоқты қалмақтыЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер!19Өлеңтінің аяғы,Шідертінің қоспасы,Аңқатының басы — Тасоба,Он сегіз жыл атысып,Орманбет бидің өлген жер,Он сан ноғай бүлген жер,Орта бойын сырлағанОқ жаңбырдай жауған жер,Мұсылманның басынанДәреже тайып, ауған жер!20Қырық таңбалы Қырымның,Он таңбалы Ұрымның,Сегіз санды Сейілхан,Он екі баулы Өзбектің,Бұрынғы он сан Ноғайдың,Кетейін десе, жөн таппай,Адыра қалғыр үш қиян,Қол ұстасып жүрген жер!21Байеке мешіт салдырғанШыңғырлаудың сағасы,Елек пенен Жайықтың —Екеуінің арасы,Бесобаның даласыАйсаның ұлы ӘнеттіңДұшпанды қырып алған жер,Қылышын қанға малған жер!22Аққұмдының сағасы,Есенбайдын құмасы,Қос Қобданың арасы,Ақсудан бергі маң дала —Қазақтағы Қалқаман,Ноғайдағы Мүлкәман,Естектегі Еламан деген биінен,Енді қалай болар деп,Тарыққанда ақыл сұрай барған жер.23Темірде қырқып күземін,Тепсеңнен ноғай асқан жер,Астаусалды, Шытырлы,Көлденең шыңның басынан,Қарақұм, Борсық қасынанМал суарып асқан жер,Маңғыстаудың үш түбек,Үш жүз алпыс әулие,Бес намаздың жайы үшін,Қадамдап аяқ басқан жер!24Үргеніш пен Бұхардан,Қоңырат, Ташкент, ҚоқаннанОрнықты қоныс ала алмай,Адыра қалғыр бұ қонысАсан би шұбап өткен жер,Ноғай да шулап босқан жер!25Еділді тартып алғаны —Етекке қолды салғаны.Жайықты тартып алғаны –Жағаға қолды салғаны.Ойылды тартып алғаны –Ойдағысы болғаны.Маңғыстаудың үш түбекОны дағы алғаны.Үргеніш пен БұхарғаАрбасын сүйреп барғаны,Қоныстың бар ма қалғаны?!Мал менен басты есептеп,Баланың санын алғаны —Аңғарсаңыз, жігіттер,Замананы тағы даБір қырсықтың шалғаны!26Бәйіт еттім бұл сөзді,Қайғы шегіп заманнан.Заман азып не қылсын,Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады,Бұның бәрі адамнан.Адамның азған белгісі —Екі кісі дауласса,Тату бол деп айтпайды.Екі айырып арасын,Арасынан пара алған!Мұсылманның баласыҚашуды қойды арамнан.Шапағат, қайыр қалмадыЖақын-жуық жараннан.Атқа мінген жігіттеҚалмады нәрсе қарардан —Қайыр кетіп қазаннан,Қуат кетіп азаннан.27Киім кисе, жеңі жоқ,Етегі бар да, белі жоқ,Бармақ сияр жері жоқ —Қатпа болған түйедей,Киеңкі болған биедейЕл биледі бір сымпысЕкі бұты таралған.28Дұшпан — тазы, біз — түлкі,Қашсақ, ерікке қоймайды,Інге кірсек, суырып,Бір пәлеге жолықтықҚұлғанадай қадалған.Бұл не деген ғаламат,Қазынасы кең Құдайым,Сақтағайсың саламат!29Саламат қайтіп сақтасын:Берсең, түгел келмейдіБазарға қосқан аманат.Болмаса едік масқара,Байдан кетіп сақауат,Пақырдан кетіп қанағат.Діні басқа біреулерЕл биледі аралап.Бір пәледен мың пәлеӨсіп кетті балалап.30Замана қайтіп түзелсін:Қоңсыдан туған би болды,Бұ сықылды күй болды,Көрген жұртқа таң болды.Азамат ердің баласыАйдарына малы жоқ,Топ көрерге зар болды.Қара кісі хан болды,Қоспақтан туған қортықшаҚатарға шығып нар болды.Асылзада баласы,Дәулеті кетіп қолынан,Қоңсысына құл болды.Ақылсыздың баласы,Ақшасына сүйеніп,Айтқан сөзі пұл болды.Замананың адамы,Заманың мұндай сұм болды!31Мен қауіп еткеннен айтамын:Ақ борықтай иілген,Кейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін,Шашын, мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін.Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін!..



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу