Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.


« PEST» әдісі

Мақалада көтерілген М.Мөңкеұлының шығармашылық қарымына қатысты мәселені жан-жақты қарастырыңыз.

Мұрат сөздерінің елге тиген әсері өте күшті. Мұраттың сөзі өте қадірлі саналған, ел ішіне көп жайылған.

Мұратты білмейтін Бөкейлікте, Оралда, Маңғыстауда адам жоқ десе де болғандай.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші бөлімінен соң шыққан қара ақындардың көбі Мұраттың шәкірттері.

Міне, қысқаша айтқанда, Мұраттың өлеңдерінің ішкі маңызы. Өлеңдердің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі – әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі.

Мұраттың өлеңдерінде қазақтың ел әдебиетіндегі жыр, толғау, айтыс, мақтау, хат, асқақ, жоқтау секілді өлеңдерінің бәрі бар. Әдебиет тарихына Мұраттың сөздерінің керектігі шексіз нәрсе.

Халел Досмұхамедұлы

1-топ. Саяси мәселені қарастырады

  • Мақаладан қандай саяси мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған саяси мәселеге ақынның қатысы қандай?
  • Саяси мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

2-топ экономикалық мәселені қарастырады

  • «Үш қиян» өлеңінде қандай экономикалық мәселе қозғалады?
  • Сіз анықтаған экономикалық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Экономика мәселесіне байланысты автор қандай көзқарас танытады?

3-топ әлеуметтік мәселені қарастырады

  • Шығармада қандай әлеуметтік мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған әлеуметтің мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Әлеуметтік мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

4-топ технологиялық мәселені қарастырады

  • Шығармада қандай технологиялық мәселені көре алдыңыз?
  • Сіз анықтаған технологиялық мәселеге мақаланың қатысы қандай?
  • Технологиялық мәселе бойынша автор қандай көзқарас танытады?

2-тапсырма. Үш қадамды сұхбат

  • Берілген үзіндіні топпен оқыңыз;
  • Тақырыпқа байланысты мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ құрастырыңыз;
  • Сұраққа пікір айтып талқылаңыз;
  • Негізгі ақпаратты анықтаңыз.

Анықтау. М.Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды.

Салыстыру. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі сәулет өнері, сөз өнері, туған жерге, тәуелсіздік, болашаққа деген сенім ұғымына қатысты құндылықтарды біздің заманымыздағы құндылықтармен салыстырады.

Бағалау. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі материалдық және рухани құндылықтарды өз көзқарасын тұрғысынан қорытып, жаңашылдығына баға береді.

6

Адыра қалғыр көк Жайық,Садағын сала байланып,Астана жұртын айналып,Ерлерім енсеп желген жер.Мыңнан-мыңнан жылқы айдап,Ақтылы қойдың өрген жер.Шалқыған дәулет мол бітіп,Қызығын жұртым көрген жер.Емендей белін бүгілтіп,Жібектей жалын төгілтіп,Еріні төмен салынған,Құйрығы күлте малынған,Күдері бел, күпшек санБедеу атқа мінген жер.Аузы түкті кәпірдіЕрлерім айдап келген жер,Қысырақтай бөлген жер...7Шаңдаттырып даласын,Талқан етіп қаласын,Атамыз қазақ болғандаӘлденеше шапқан жер.Қоралап айдап дұшпанды,Үргеніш пен БұхарғаСарыала алтын, ақ күмісҚарық олжаға батқан жер,Алтыннан тұмар таққан жер.Қырғауылдай қызыл нар,Қыз-келіншек жиылып,Қызықпенен артқан жер.Айыр өркеш сары інген,Кілем жауып үстіне,Қыл арқанмен тартқан жер.Мыңнан жылқы айдаған,Жүзден нарды байлаған,Салтанат түзеп мырзалар,Тамашаға батқан жер...

9Қойды мыңнан өсірген,Жылқыны санға жеткізген,Арпа, қауын төктірген,Жеріне жеміс ектірген...

10Табаны жерге тимеген,Мандайы күнге күймеген,Тұлпардан өзге мінбеген,Салқындыққа алқара күс тон киген,Салтанатқа салпы ерінді нар артып,Салқамдыққа жорғадан өзге мінбеген,Жаскұстың арғы тұмсығыЖәнгірдің қала салдырған,Негіз етіп қалдырған...

16Ақтөбе менен Қорғанша —Асанқайғы бабаныңҚызыл тастан үй салдырып,Он жыл тұтас отырып,Әңгіме құрып кеткен жер!21Байеке мешіт салдырғанШыңғырлаудың сағасы,Елек пенен Жайықтың —Екеуінің арасы,Бесобаның даласыАйсаның ұлы ӘнеттіңДұшпанды қырып алған жер,Қылышын қанға малған жер!

25Еділді тартып алғаны —Етекке қолды салғаны.Жайықты тартып алғаны –Жағаға қолды салғаны.Ойылды тартып алғаны –Ойдағысы болғаны.Маңғыстаудың үш түбекОны дағы алғаны.Үргеніш пен БұхарғаАрбасын сүйреп барғаны,Қоныстың бар ма қалғаны?!Мал менен басты есептеп,Баланың санын алғаны —Аңғарсаңыз, жігіттер,Замананы тағы даБір қырсықтың шалғаны!26Бәйіт еттім бұл сөзді,Қайғы шегіп заманнан.Заман азып не қылсын,Ай орнынан туады,Күн орнынан шығады,Бұның бәрі адамнан.Адамның азған белгісі —Екі кісі дауласса,Тату бол деп айтпайды.Екі айырып арасын,Арасынан пара алған!Мұсылманның баласыҚашуды қойды арамнан.Шапағат, қайыр қалмадыЖақын-жуық жараннан.Атқа мінген жігіттеҚалмады нәрсе қарардан —Қайыр кетіп қазаннан,Қуат кетіп азаннан.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу