Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян" өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 5-сабақ.
http://mybiblioteka.su/tom2/10-83649.html
Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
Кеңес кезінде «зар заман” ақындарының ішінде жеткіліксіз зерттеген ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. 1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды. Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Өзіндік бағыт ұстанған зерттеуші Мұрат ақынның өлең, толғауларына, атап айтсақ, «Үш қиян”, «Сарыарқа”, «Қарасай-Қази” поэмалары мен «Байұлы Байбақты Ғұмар Қазыұлына Мұрат ақынның айтқаны” секілді өлеңдеріне, әр кездегі айтыстарына тоқталады. Ақынның әлеуметтік өмір туралы, сондағы адамдар қарым-қатынасы, өткен даналар мен бүгінгі жастардың бірлік-байланысы, әсіресе, ер жігіттің халық алдындағы міндет-борышы мен ең ақыры, ақындық өнер жайындағы ой-толғаныстары да аса елеулі. Ақын өткен өмірге қарағанда, бұрынғы даналардың халық қамы үшін еткен іс-әрекеттерін кейінгілерге үлгі ете сөйлеп:
Дүниенің төрт бұрышын
Қорқыт атаң шайқады,
Ажалға айла таба алмай,
Қайта айналып келді деп,
Бұрынғылар айтады.
Заманның болар тәрізін
Асан қайғы әулие,
Көзі көрмей байқады,
Қанша дәулет бітсе де,
Басыңнан аумас бақытың,
Алпыс күн асқан дария
Алты күнде қайтады, -деп дүниенің баянсыздығына орай айтқан ақын ойының байыптылығына көңіл аударады. Мұраттың сөз өнерінің сұлу сиқырлығы мен әсемдігін көркем бейнелеген мына бір жыры да жоғарыдағы пікірімізге дәлел болғандай:Жылы қылып сөйлейін,
Ақ теңгенің мөріндей.
Шалқақтатып сөйлейін,
Айдынның шалқар көліндей.
Асыл қылып сөйлейін,
Базардың алтын беріндей,
Жабыстырып сөйлейін,
Тұтқыр сары желімдей.
Сұлу қылып сөйлейін,Қос жорғаны мініп ап,
Түскен жаңа келіндей!
Мұрат шығармаларының екінші саласына жататын шоқтығы биік – «Үш қиян” дастаны. Мұнда оның ел тағдырына байланысты көкейтесті ойлары: халықтың тұрмыс-тіршілігі, өкініші мен күдігі, арманы мен үміті, жұрт бақыты мен ертеңі, жер, қоныс туралы толғаныстары үлкен күңіреніспен сипатталады. Ақын пайымдауынша, ел болашағы барынша бұлдыр, мұнартқан сағым секілді болып көрінеді, сол себепті ол өткенді ойлап, соның қаймағы бұзылмай қайта оралуын көксейді. Бұл жырлар Шортанбай, Дулат шығармаларымен терең үндесіп өзара астасып отырады. Дәл осы сарынды Мұраттың «Сарыарқа” туындысына да тән деген жөн. Мұнда да «Үш қияндағы” секілді Ресей империясының қанау-тонау саясаты туралы ой ашып айтылады.
http://anatili.kazgazeta.kz/?p=14987
Ақын, атақты жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл – 170 жыл.…Мұрат туралы оны өз көзімен көрген атақты Мұрын жырау былай деген:«Мұрат орта бойлы, қара сақалды кісі еді. Сағыздың ар жағында Ащыкөлде отырған Атабайдың ауылында көрдім. Өлеңді домбырасымен айтпайтын, айғайды салғанда қолына тостаған алып болмаса телпекпен аузына қағып айтатын. Айғайды алған кезде қабағын бір жиып, бір ашқанда басындағы дөңгелек бөркі бір ілгері, бір кейін кетіп отыратын еді. Айғайының қаттылығы сонша, жақын отырған ауылдың бәріне естілетін. Мұрат өлеңдерді үйреніп айтқан ақын емес, айт деген уақытта ойынан суырыпсалып ағызатын еді…».
Қазақ халқының талантты ұлдарының бірі, көрнекті ақын, төкпе жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл – 170 жыл.Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау аулында туған. Әкесі Мөңке шыр жұқпаған кедей болыпты. Мұрат Кіші жүздің он екі ата Байұлының Беріш руынан тарайды.Ақындық өнері Мұратқа нағашы-ларынан тараған. Ақынның анасының аты Қырықжылқы. Адай руынан екен. Шежіреші Б.Қорқытов анасы туралы мынадай дерек жазған: «Мұраттың бала күнінен ақындықты аңсауына бір жөннен себеп болған, оны алғаш ақындыққа баулыған сол шешесі болса керек». Мөңкенің үлкен ұлы Матай да ақын болған. Мұраттың бала кезінен сөзге үйірлігі туралы ел аузында мынадай аңыз бар: «Бірде елдің белді адамдарының бірі Барақат жолдастарымен бір жақтан жолаушылап келе жатып, қой соңында жүрген Мұратты көріп, серіктеріне:– Осы бала ептеп өлең айтады дейді, байқап көрелік, – деп Мұраттың жанына келіп, ат үстінде тұрып:Ойнайды Қарасуда құты балық,Жолықпай бұл баладан құтылалық.Томпаңдап қой соңында жүгіресің,Әкеңді жас басыңнан жұтып алып, – дейді.
Мұрат жасқанбастан:– Я, ойнайды Қарасуда құты балық,Жолықпай біз де Сізден құтылалық.Алшаңдап ат үстінде сен де жүрсің,Ағаңды алдыңдағы жұтып алып, – дейді.Барақат тіл қатпастан аттың басын ауылға бұрып, Матайды шақырып алып:– Ана балада бір желік бар, өзіңдей ақын болайын деп тұрған бала, – деп Мұратты қойдан босатуға, сауатын ашыңқырауға, елдегі той-топырға қатыстырып, өлең айтуға машықтандыруға жол ашады.Мұраттың «Ағаңды алдыңдағы жұтып алып» деуінде мынадай гәп бар екен: Барақаттың туған ағасы ел басқарушы азаматтардың бірі екен. Сол ағасы қайтыс болып, енді Барақат атқа мініпті. Сөйтіп, Мұрат бала да болса, талма жерден ұстап, Барақаттың алдын байлап тастаған». (Б.Қорқытов «Мұрат», Алматы: Арыс, 2001, 19-бет).Мұраттың бала кезіндегі сөз қағыстарының өзі болашақ айтыскерлікке дайындықтың бір белгісі болды.Зерттеуші Бауыржан Омаров Мұраттың болашақ айтыскерлігі туралы мынадай тұжырымдар айтқан:«Мұрат есейе келе айтысқа ден қойған. Ол туып-өскен Атырау өңірі айтыс ақындарынан кенде емес еді. Жасынан ойын-сауыққа араласып, сал-серілерге ілесіп, жиын-тойдан қалмайтын Мұрат солардың сөз сайысынан нәр алып, айтысқа бейімділігін көрсете бастайды. Ал ақын деген қадірлі атақты алу үшін сол кездегі қазақ дәстүрі бойынша белгілі деген бірнеше ақынмен айтысып, сыннан өту, жүлде алу шарт еді. Мұраттың айтысқа шығуы үшін бойына біткен ақындық қабілеті, тапқырлығы аздық етеді. Енді жас Мұратты Қаратоқай руының белді биі Есеттің өзі баулып, ел мен жердің тарихы жөнінде жалықпай әңгімелеп, рулардың шежіресіне жетік болуға үйретеді. Әр рудың батырлары мен билері, мақтаулы адамдары жайында мол мағлұмат беріп, әр жұрттың сүйегіне таңба болып есептелетін келеңсіз жайттардың жай-жапсарына қанықтырады. Рулардың тегін, дәстүрін жете ұғындырып, ағайынның бетіне шіркеу болатын олқылықтарды іліп алып, әжуаға айналдыруға машықтандырады». (Б.Омарұлы «Мұрат Мөңкеұлы», монография, Алматы, Крамдс-Пресс, 1993, 33-бет).
Мұраттың алғашқы айтысы Жылқышы ақынмен болады. Бұл кезде Мұрат он жеті жаста болатын.Сөйтіп, алғашқы айтысында-ақ жеңіске жетеді. Бұл жетістігіне қанаттанған Мұрат айтыс десе делебесі қозып тұратын болады.1863 жылы Мұрат екінші айтысын Бала Ораз Өтебайұлы сияқты жүйрік ақынмен өткізеді. Ол азуы алты қарыс, айтысқа іздеп жүріп түсетін айтыскерлігімен аты шыққан ақын еді. Ел аңызында осы айтыста Мұрат жеңіске ие болыпты.Мұрат кезінде Тыныштық, Жантолы, Шолпан деген әйел ақындармен де айтысқан. Солардың ішінде ел Жантолымен айтысын көбірек айтады. Бұл айтыс құрбылас адамдардың әзіл-қалжыңға құрылған ойнақы айтыс.Мұрат пен Жантолы жас күндерінен әзілдесіп айтысып жүрген, бірақ жеңісе алмаған.Мұрат жолаушылап кеткенде, Жантолы ұзатылыпты. Мұрат іздеп барып айтысады. Жантолыны тиген күйеуінің бала кезде бұзаутаз болып орны қалып қойғанын естіп, соны тілге тиек етеді:Аз еді қыдырып көрмегенім,Ойымда тағы да бар көздегенім.Таз бенен ақбас қотыр бір нәсілді,Ақ басты көрмеймін бе емдегенін.Тыныштықпен айтысы Қызылқоға ауданында болады. Бірде Мұрат Шеркеш руының қыз ұзату тойына шақырылады. Мұнда ол Тыныштықпен айтысады. Сөзді Мұрат бастап, сөзінің соңында былай дейді:Кемпірмен елудегі айтыс дегенШеркештер, қорлық көрдім осыныңды-ай.Тыныштық Мұратты «тентіреп жалғыз жүресің» деп мін таққысы келеді. Мұрат халқым аман болса мен жалғыз болмаймын, мен келгенде сый-құрметтерің маған дайын дегенге келтіріп сөз айтады. Екі ақын да бір-бірінің руларының кейбір адамдарының жасаған іс-әрекеттерін айтып, бір-бірінің бетіне басады. Тыныштықтың тілі тигеннен кемшіліктерін тізбектеп кеттім деп, Мұрат шеркештерден кешірім сұрайды. Бұған Тыныштықтың жауабы болмайды. Айтыстың аяғында Мұрат ұзатылмақшы болып отырған қызға өзінің арнауын айтады.Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,Оздырдың салтанатты еліңнен, қыз.Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,Реңкің сары алтындай көрінген, қыз.Шай ішіп самаурыннан сәске түстеКеріліп әрең тұрасың төріңнен, қыз.Қосшы ертіп, үкі қадап, жорға мініп,Көшкенде салтанатың көрінген, қыз.Дәулеттің қалың қара арқасындаАсқан жоқ қатар құрбың өзіңнен, қыз.Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,Сүйегің жаратылған асылдан, қыз.Лебізің, сөзің шырын, маржан тісің,Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.Адамның жалғаншыда арманы не,Өзіңмен дүниеде қосылған, қыз.Тойдың шапанын өзім алам деп отырған Тыныштықтан Мұрат осылайша озып, өрнекті жырымен ұтып алған болатын. Қыздың шешесі Мұратқа шапан жабады.Мұраттың арнаулары да бірқыдыру. Олары елдегі әртүрлі мінез-құлықты атқамінерлерге арналған. Олардың елге жағымды-жағымсыз істеріне шығарылған ұзын-қысқалы жырлар.Қарақожа деген болыс правителі Көкжар базарында кездесіп қалып, Мұратқа мені мақташы деген екен. Сонда Мұрат:– Сені не деп мақтаймын, мақтауға сыятын жерің жоқ қой, – депті.Сонда Қарақожа:– Олай болса жамандай ғой, – депті.Мұрат домбырасын алып жіберіп былай деген:Әкеңіз бізге мағлұм Құлбас еді,Тыпырлап қолды-аяққа тұрмас еді.Шілдеде қой жұмырқұрт болады депКөк дәрі, күкіртпенен қоймас еді.Тарттың да нағашыңа адам болдың,Сондай ұл қашқыншыдан тумас еді.
Тартамын домбыраны қызыл күйлеп,Қарақожа хакім болдың елді билеп.Қашқыншы бес Қойыстың азығы едің,Қайрекем бір шығарды қырға сүйреп.Қайранбай деген кісі бай адам, Қарақожаның нағашысы екен. Қарақожаны сол нағашыңның арқасында әкім болдың деп сынаған Мұратқа жалынып-жалпайып, «Мұныңды халық естіп қоймасын» деп айып төлепті. Бірақ «отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарап кетіпті».Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, ертеректе Қарабауды мекендеген Есентемірлердің бір ауылының ақсақал адамы ақ өгізден құлап өліп, содан ол ауыл Ақөгіз атанып кеткен. Осы ауылдың кезінде хакім болып, ел билеген, биліктен де аты шыққан Айжарық деген адамы қартайған шағында етке қақалып қаза тапқан. Мұраттың «Айжарыққа» деген қысқа жыры осы оқиғаға байланысты туыпты. Бұл жырында елдегі жаман әдет, даңғойлық, әдепсіздік сынға алынады.Жаман менен жақсының,Жер мен көктей арасы.Бұзаудың етін шикі жеп,Содан болды білемінАйжарық бидің қазасы.Болыстыққа таластыТағы қуар мамырынАқөгіздің баласы.Елдегі әпербақандық, болыстыққа таласу, пара беріп әкім болу, қолынан ел басқару келмейтінін білсе де, байлықтың арқасында даңқын шығарып, тырмысу ақынның ызасын келтіреді. Ол ондай адамдарды ел алдында жырымен масқаралап, күлкі етеді. Бұл өткір тілді Мұраттың әділетсіздікке жырымен берген соққысы болатын. Сондай адамдардың бірі Далабай болыстыққа таласып жүргенде шығарған жырында мынадай әжуа мысқыл бар:Келмейді бір кеткен соң өткен өмір,Бір дейді қайтқан сумен қайтқан көңіл.Баспағын тоқтысымен Үйшікке айдап,Құтырды күз басынан Есентемір.
Осы жел неден кірді СулыкөзгеКей адам түсінбейді айтқан сөзге.Елірткен бір жігіттің тіліне еріп,Құтырды малын сатып иттен өзге.
Осы жел кімнен кірді Далабайға,Кей адам түсінбейді айтқан жайға.Біреудің суайттаған тіліне еріп,Пайда ма малын шашқан сор маңдайға.Ақынның «Есенғалиға» деген жыры мынадай жағдайда туыпты. Ел аралап жүрген ояз Иван Парамонович Завьялов Есбол болысының управителі Есенғали Боранбаевтың үйіне тоқтап, шайлап отырғанда үстеріне старшина Дүйсенбі мен ақын Мұрат кіреді. Болыстың әкесі Боранбай Дүйсенбіге: «Жоғары шық, – дейді де қонақ үстіне қонақ, шиқан үстіне жара болып осы Мұратқа не жоқ екен» деп күңкілдейді. Мұны естіп қалған Мұрат оязға да, болысқа да қарамастан, былай депті:Есенғали болыстыңАрғы атасы Әліқұл.Қошетер мен ҚұттыбайТұқымының бәрі құл.Ас қориды әкең БоранбайҰяты кеткен кәрі құл.
Боранбай мал бақпайды, ас бағады,Қасынан төсегінің бас бағады.Жаманнан жақсы туған жігіт еді деп,Халыққа хакім қойды жас баланы.Мизамда көнді жеген ит көзденіп,Әкең Боранбай басына қаптыңаузын жастанады.Бұл тиген жерін ойып түсер сатира сол кезде тек Мұрат ақынға тән сөз болатын.Мұрат ақын 1873 жылы Бегалы батырмен кездеседі. Бегалы туралы әңгімеге қанық ақын батырға мақтау өлең шығарады.Бегалы қол жинап, жауға аттанып көрген кісі емес. Бірақ өз заманында ел билеуші әкімдерден сескенбеген қара халыққа істеген зорлығына, көрсеткен қорлығына жол бермеген. Әлсіздерді қорғап, орынсыз жәбір көргендердің ар-намысына шапқан, барымтаға, ұрлыққа жол бермей тыйым салған. Зорлық көргендердің теңдігін күшпен, қайратпен тартып алып беріп отырған. Сол кезде қорлық-зорлық көрген ауылдар, адамдар Бегалыға шағынып, теңдігін алып отырған. Содан ел Бегалыны батыр деп атап кеткен.Ақын Бегалының халыққа жасаған жақсылығын өз жырының нысанасы еткен. Бұл жырды мақтау, дәріптеу, жыры немесе Батыс Европа лирикасының бір түрі – ода деуге әбден болады.Сөйледің он жасыңнан бұлбұл сайрап,Тәуекел іс қылмайсың артын ойлап.Қиянда халықтың ары деген жергеШаншылдың айдаһардай найзағайлап.
Таласқан жер шетіне шенді орыстыСабадың тайөгіздей күнде байлап.Тар жерде өнебойы қол жұмсайсыңҚазақтың кімінде бар осы қайрат?..Осы жолдардан Бегалының қазаққа қиянат жасаған озбырларды, қазақ жерін тонаушыларды, тартып алушы басқыншылардың әрекетіне шыдай алмай, қарсылық қылған ердің бейнесін көреміз.Аз еді қылмағаның қылғаныңнан,Сыймадың тұлыбыңа туғаныңнан.Қол жұмсап дұшпаныңа он бесіңдеТұлпардай дүбір салдың туғаныңнан…
Ақырсаң үйде отырып арыстандайДұшпаның шыға алмайды шеңгеліңнен…
Алдыңда дұшпан шыдап тұра алмайдыСекілді нар бурадай айбатыңнан.
Ақын батырдың бейнесін беру үшін шағын жырында теңеудің неше түрін осылай қолданған.Мұраттың арнау жырларынан сатиралық жолдарды да, мадақ жолдарды да мол кездестіреміз.Мұраттың «Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Есеттің баласы Аманның қызын ұзатудағы тойбастары», «Сыйқыттың тойын бастауы», «Елге сәлем», «Оқудан қайтқан азаматқа», «Бір досқа» атты жырлары ақын өмірінің белгілі бір кезеңдерінде дүниеге келген шығармалар. Бұл жырларда елге, халыққа қызмет ету, адал болу, адамгершілік, ұзатылатын қыздардың әдептілігі, ұзатылып барған елінде қайын ата-енелеріне, ағайын-тумаларына деген құрмет ету, ақынның өзі елдің алыс кеткен кезінде елге деген сағынышы, оқыған көзі ашық азаматтарға тілек мәселелері айтылады.Мұрат жырларын зерттей келе, біз оның шығармаларының бір жанры ретінде термелерін бір бөлек алдық. Олар «Үзік терме», «Үлгілі сөзді сөйлейін», «Өлім», «Әттең, бір қапы дүние-ай», «Не деп айтсам жарасар», «Топтағы толғау» деп аталады. Бұл термелерінде ақын өмір, тіршілік туралы толғанады. Адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы, ел қорғау, елдегі батырлардың атажұрт үшін жау қолында қалатындығы, қай аталы жұрттың қай өңірді мекендейтіні, өмірдің қысқалығы, тірлік дүниеде адамдардың бір-бірімен татулығы, сол сияқты философиялық ойларға толы. Сонымен қатар бұл термелер тыңдаушыны елең еткізетін көркемдігімен құнды. Сөздер мен ойлы орамдар қиындаса құйылып, табиғи орын тапқандай.Ақын өзі күнде көріп жүрген бар тір-шіліктен керемет сәнділік пен үйлесім-ділікті сөз кестесімен өрнектейді.Жерді көркем көрсеткенТөбесі мен обасы.Көлді көркем көрсеткенҚамысы мен қоғасы.Жайықты көркем көрсеткенЖағалай біткен ағашы.Жігітті көркем көрсеткенЖеделдес өскен ағасы.Ағаны көркем көрсеткенТөрде отырған бабасы.Бабаны көркем көрсеткенТүлкі ішіктің жағасы.Қызды көркем көрсеткенӘлдилеп алған баласы.Баланы көркем көрсеткенАта-анасы үйреткенМінез-құлық санасы.Қисынды жолдар тыңдаушыға да, оқушыға да эстетикалық нәр беретіндей өте ұтымды сөздер өрнегі осындай болар.Ақын бұл термелерінде өзінің ақындық қуатын да ерекше бағалайды. Оның ақындық құдіреті мақтануға лайықты. Ал мақтана білген ақын ерекше шабытпен шалқиды. Ал шалқу үстінде мәңгілік тасқа қашалғандай өте көркем теңеулер, эпитеттер мен метафоралар дүниеге келеді. Бір-ақ мысал келтірейік:Жылы қылып сөйлейін,Жазғы желдің лебіндей.Анық қылып сөйлейінАқ теңгенің мөріндей.Шалықтатып сөйлейінАйдынның шалқар көліндей.Асыл қылып сөйлейінБазардың алтын зеріндей.Жабыстырып сөйлейінТұтқыр сары желімдей.Сұлу қылып сөйлейінҚос жорғаны мініп ап,Жаңа түскен келіндей.Мұрат термелері өте көркем, тағылымы мол дүниелер. Өзінің мән-мағынасын күні-бүгін де жоймағаны көрінеді.Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян»және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес.Қазақ жерін иемденуді әуелден армандап келген, ғасыр басынан жаулап, ішіне ене қорғандар салған Ресей XIX ғасырдың орта кезінен өзінің елді басқаруға, кең дала аумағын бөлшектеуге байланысты заңын енгізді. Шұрайлы жерлеріне, әсіресе өзен-көлдерінің маңына орыс қарашекпендерін көшіріп әкеліп қоныстандырды. Қазақ шаруаларын құмайтқа қуып тастап, ата-қоныстарын тартып алды, қарсылық көрсеткендерін қырып-жойды, атты-асты, «жер сібір» аударды. Қазақ халқы осы кезде қорлықтың көкесін көрді. Халықты ата қоныстан қууға, шұрайлы жерлерін тартып алуға жергілікті әкім-қаралар, хандар, би-сұлтандар орыс патшасының алдында құрдай жорғалап, көмекке келді. Қазақтарды өз жерінен қуу бүкіл қазақ аумағы бойынша жүргізілді. Орыс әскерлері мен орыс көпестері емін-еркін құнарлы мекендерді мәңгілік иемденді.Мұндай қорлық халық қобалжуларын туғызды. Қазақстан бойынша әртүрлі аймақтарда көтерілістер туды. Патшаның қарулы күштері оларды тұншықтырумен болды.Отаршылдыққа қарсы көтерілістің ең үлкені – Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс еді. Ол қазақ тарихында тәуелсіздік үшін күрестің ең ірісі ретінде аталады.Қобалжу бүкілхалықтық деңгей алды, зорлыққа күші жетпей сорлаған халықтың зар мен мұңы халық арасынан шыққан зиялы қауым – ақындар жырында сөзсіз көрініс тапты, халық зары олардың жүрегінен зарлы жырлар туғызды. Оған әдебиет зерттеушілері Шортанбай, Дулат, Мұраттарды қосады. Бұл әдебиет тарихында «Зар заман» ақындары боп аталды. Сонымен біз әңгіме етіп отырған Мұрат «Зар заман» ақындарының бел ортасында болып, өзінің де, халқының да қайғы-мұңын, жүрек зәрін төкті. Зорлықшыға деген небір қарғыс жырлары қатты ашыныстан, қайғыдан, қабырға қайыстырған мұңнан шығатыны белгілі. Мұрат жырларында әбден шегіне шыққан қорлықты аяусыз көрген халықтың зары жан-жүрегіңді тебірентеді. Ата-бабаларымыздың сол ғасырда көрген қорлығына шыдай алмай жаның жылайды. Сонымен, «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар.Мұрат ақын орыстың озбырлығын өте ерте кезден бастайды. Батыс өлкесін ақын «Үш қиян» деп атаған.Еділдің бойы – қанды қиян,Жайықтың бойы шаңды қиян,Маңғыстаудың бойы – майлы қиян,Адыра қалғыр, үш қиян!Үш қиянның ара бойынанЖеті жұрт көшіп жол салған.Ақын Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жерімізге шеттен бастап кіріп, ішімізді жайлай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.Еділді тартып алғаны –Етекке қолды салғаны.Жайықты тартып алғаны –Жағаға қолды салғаны.Ойылды тартып алғаны –Ойындағысы болғаны, – деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді.Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті.Дастанның соңында сұмпайы заманның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:Мен қауіп еткеннен айтамын,Ақ борықтай иілгенКейінгі туған баланыңҰстай ма деп білегін,Шая ма деп жүрегін.Шашын, мұртын қойдырып,Ащы суға тойдырып,Бұза ма деп реңін.Адыра қалғыр заманныңМен жаратпаймын сүреңін.«Үш қиян» дастаны – Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды.Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашағанмен айтыстыралық. Мұрат өз ауылында жүргенде елін, жерін, Берішін мақтап дес бермейді дейді. Енді несін мақтайды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстырсақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.Сөйтіп жүргенде Адай елінің үлкен жиыны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,Сарытау, Аштарханның жерін де алды.Артынан Еділден соң Нарынды алды,Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,Қазақтың содан жұтап шалынғаны.Қуалап Исатайды өлтірген соң,Заманның содан бері тарылғаны.Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі айқын да нақты көрінеді. «Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,Тепсеңге суы шыққан бие байлап.Қызыл шай, жез самаурын,саздың суыСәскеде пісуші еді әзер қайнап.Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң нешік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.Батыр жырау Қазтуғанның ашына айтқанын Мұрат жырлап жеткізген. Қазтуған жырау XV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Жайықтың батыс бетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қарасу деген жерлерді қоныстанып, мекендеген. Ол осы қоныстан орыс қуғынынан, жаугершілігінен ауып, көшердегі сөзін Қазтуған тебірене жырлапты.Еділді алса – елді алар,Енді алмаған не қалар?Жайықты алса – жанды алар,Жанды алмаған не қалар?Ойылды алса – ойды алар,Ойлашы сонда не қалар?Бұл жолдар көрегендіктен айтылғандығын өмір көрсетті. Бірнеше ғасыр бойына «аузы түкті кәпір» табанға салып таптағаны рас қой. «Ойды алды» деген тіркес те кемеңгерлікпен айтылса керек, ойымызды алғаны емес пе, әлі күнге дейін ойымыз шовинизмге құл болып отырғаны.Бұл жыр – «Зар заманның» бес ғасыр бойына созылғаны, зардап шеккен халық санасында қалғандығын бейнелеген жыр деп білеміз.Мұрат айтқан жырлар деп есептелетін «Қалмақтың қарғысы», «Шәлгез», «Қарасай-Қази» жырларын жинаушылар халық аузынан жазып алған.Мұрат туралы оны өз көзімен көрген атақты Мұрын жырау былай деген:«Мұрат орта бойлы, қара сақалды кісі еді. Сағыздың ар жағында Ащыкөлде отырған Атабайдың ауылында көрдім. Өлеңді домбырасымен айтпайтын, айғайды салғанда қолына тостаған алып болмаса телпекпен аузына қағып айтатын. Айғайды алған кезде қабағын бір жиып, бір ашқанда басындағы дөңгелек бөркі бір ілгері, бір кейін кетіп отыратын еді. Айғайының қаттылығы сонша, жақын отырған ауылдың бәріне естілетін. Мұрат өлеңдерді үйреніп айтқан ақын емес, айт деген уақытта ойынан суырыпсалып ағызатын еді. Үш жүздің баласын арғы жерден бастап, сол күнгі қалпына шейін келтіріп айтатын еді. Үлкен кісілердің кейбіреуі жылап та қоятын. Мен «Едіге» жырын Мұраттан бірнеше рет есіттім. Мұраттың арғы жерінде, өз әкесінде ақындық болмаған. Мұраттан өлеңді қалай айтып кеттің деп сұрағанымда: «Бір күні түсімде бір жиын той болған екен, сол тойда отырған ақсақалдар маған өлең айт деді, мен білмеймін дегенде, жоқ сен білесің деп болмайды. Сол арада телпегімді қолыма алып, айғайды салып өлеңді қоя бердім. Оянсам түсім екен, ертеңіне тұра сала өлең айттым, аузыма сөз түйдектеп түсе берді. Содан былай осы өлеңді айтатын болып кеттім» деді. Мұрат мен көрген ақындардың ішіндегі ең күштісі еді». (Қ.Сыдиықұлы «Біртума жыр саңлақтары». Алматы: Ғылым, 2001, 133-б).Мұрат халық жырларын, әсіресе «Қырымның қырық батырын» елге таратушы болған. Ол өзіне жеделдес жас жырауларға білетіндерін үйретіп отырған. Сондай шәкірттерінің бірі Мұрын жырау еді. Демек, Мұраттың ұстаздық мектебі болған. «Мұрын жырауға деп жазады өз зерттеуінде Бауыржан Омарұлы, – Мұрат он төрт батырдың жырын үйреткен». (Б.Омарұлы «Мұрат Мөңкеұлы», Алматы: Крамдс-Пресс, 1993, 96-б.).Мұрат Мөңкеұлының жырлары басқа ақындарға қарағанда әлеуметтік мән-мағынасы жағынан да, көркемдігі жағынан үздік болғандықтан, академик Зейнолла Қабдолов өзінің шәкірті Бауыржан Омарұлына кандидаттық диссертациясының тақырыбы етіп, ақын шығармашылығын зерттеуді ұсыныс еткен еді. Ізденуші ақынның шығармаларымен алғаш танысып оқығаннан кейін, ақынның нағыз жанашырына айналып, Атыраудағы ақынды білген адамдармен кездесіп, халық аузынан шығармаларын жинастырып, ақынға байланысты талай шындықтардың бетін ашып, белсене еңбек етті. Соның нәтижесінде тұңғыш рет Мұрат Мөңкеұлы туралы диссертациясын тамаша қорғап шығып, материалдарын 1993 жылы Алматыдағы «Крамдс-пресс» баспасынан монография бастырып шығарды. Бұл әдебиеттанудағы ерекше құбылыс болды. Зерттеуші мұнымен қоймай Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық табиғатына тереңдей еніп, докторлық диссертациясының аясы еткені – ақын поэзиясының қазақ әдебиетінің ғажайып игілігіне айналғандығының белгісі. Бауыржан Омарұлы осындай көп жылғы ғылыми еңбегінің нәтижесінде ғасыр бойына шығармашылығы қазақ оқырмандарына белгісіз болып келген ұлы ақын Мұрат Мөңкеұлын бүкіл иісі қазақ білетін болды. Енді алдағы үлкен жұмыс оның шығармаларын мектеп, жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына көптеп енгізу, оның поэзиясын көп таралыммен әртүрлі баспалардан шығарып, халыққа тарату міндеті тұрғандығы белгілі.Алдағы шешімін табуға тиіс тағы бір жай – ақын есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатындағы жұмыстар. Бұдан бірнеше жыл бұрын Атырау қаласындағы №6 орта мектепті Мұрат Мөңкеұлының есімімен атау туралы мәселе көтерілді де, арты сиырқұйымшақтанып кетті. Мұны қайта жаңғырып Атырау облысы әкімшілігі мен Атырау облысы ономастика комиссиясының қаперіне беру міндеті алға тартылады.Мұрат Мөңкеұлының бір толғауында мынадай жыр жолдары бар:Сөйлемесем кім білер,Қызыл тілдің жорғасын.Құлағың салып тыңдай бер,Жүйрігің кеңес қозғасын…Расында да ол өзі айтатындай қызыл тілдің жорғасы, сөзге шешен жүйрік болатын.Ақын шығармашылығы және ұлы ақын аты мәңгі халық есінде сақталуы – бүгінгі ұрпақ борышы.
Қадыр ЖҮСІП,филология ғылымдарының докторы,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессорыАТЫРАУ
1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?