Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 8-сабақ.


  «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы

Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашағанмен айтыстыралық. Мұрат өз ауылында жүргенде елін, жерін, Берішін мақтап дес бермейді дейді. Енді несін мақтайды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстырсақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады. Сөйтіп жүргенде Адай елінің үлкен жиыны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.

  Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін де алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды…Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,Қазақтың содан жұтап шалынғаны.Қуалап Исатайды өлтірген соң,Заманның содан бері тарылғаны.

  Ерлерге ерегіскен не қылмады?

  Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай,

  Оны да аңсыз жерде жазымдады. Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі айқын да нақты көрінеді. «Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады. Ақын осы жырының былайғы тармақтарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:

  Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап, Тепсеңге суы шыққан бие байлап. Қызыл шай, жез самаурын, саздың суы Сәскеде пісуші еді әзер қайнап. Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық, Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.

 Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың,

 Алланың құдіретіне шараң нешік

 Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай

 Алланың құлы болсаң бізге күлме,

 Тап болар тасқан елге мұндай ылаң. Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң нешік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.

 

http://talimger.org/load/elektron/zhinak/m_rat_m_ke_ly_el_m_yn_zhyrlaushy/34-1-0-15464



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу