Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 10-сабақ.


https://sachok.kz/referat/show/564

Қарагөз ТілешеваЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты 

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – МҰРАТ АҚЫН ШЫҒАРМАЛАРЫН

ЖИНАУШЫ ҺӘМ ЗЕРТТЕУШІ

Алаш қайраткерлері ұлтымыздың рухани мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде маңызды істер атқарғаны белгілі. Олардың бұл саладағы аса нәтижелі жұмыстары – осы халық үшін маңызды мәселенің бастауында тұрғандығымен де бағалы. Айталық, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиеті үлгілерін, Мағжан Жұмабаев Базар жырау, Ақан сері мұраларын, Мұхамеджан Тынышбаев қазақ тарихына қатысты деректерді жинап, зерттегені, жариялағаны бүгінгі күндері көпшіліктің игілігіне айналып отыр. Алаш зиялылары ұлттың саяси бостандығы мен азаттығы жолында күреске шыға отырып, халықтың рухани болмысын түгендеуді де ұмытқан емес. Өйткені, біздің ойымызша, қандай халық болмасын өзінің мәдени-рухани дүниесін дамытпай, өркендеу жолына түсе алмайтындығын ұлт-азаттық қозғалыс өкілдері өте жақсы түсінген. Алайда, олардың алған білімдері филологиямен, тарихпен немесе өнертанушы сияқты мамандықтармен байланысты болмаған.

 Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі, Батыс Алашорда жетекшісі Халел Досмұхамедұлы Әскери-медициналық академияны алтын медальмен бітірген. Мамандығы – дәрігер. Соған қарамастан ол қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін құнды бірқатар еңбектер тындырды. Атап айтқанда, ол «Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк», «Самарқан шаһарындағы «Тіллә-кәри» және «Ширдар» медреселерін салдырушы Жалаңтөс батырдың шежіресі», «Бұхарадағы Көгілташ медресесінің салынуы туралы әпсана», «Қазақ-қырғыз комиссиясынан», «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм заңы», «Мұрат ақынның сөздері» сияқты күні бүгінге дейін деректік мәнін жоймаған еңбектер жазды. Бұл еңбектерді 1923-1928 жылдары жазды. Бұл кездейсоқ емес. Алаш зиялыларының мәдениет, әдебиет, тіл, тарих, ғылым салаларындағы еңбектерінің басым көпшілігі осы кезеңде жазылған екен. Оның себебі советтік диктатура кешегі Алаш қозғалысы жетекшілерін өз билігінен шет қалдырған соң, олар қалайда болсын ұлт мүддесі үшін қызмет етуді үлкен борыш санап, ендігі жерде ғылым, ағарту салаларына атсалысты. Осындай жағдайдан барып, Халел Досмұхамедұлы табиғаттану, Мағжан Жұмабаев педагогика, Міржақып Дулатов математика, Жүсіпбек Аймауытов психология, Телжан Шонанұлы әдістеме, Қошке Кемеңгерұлы жер шаруашылығы, Мұхамеджан Тынышпаев тарих оқулықтарын жазды. Бұлардың қай-қайсысы да аталған салаларда тұңғыш деген атқа ие. Алаш қозғалысы қалыптастырған зиялылардың ішінде Халел Досмұхамедұлының қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де орны алабөтен. Ол сонау 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының басы-қасында жүрді. 1905 жылы Орал қаласында бес облыс өкілдері жиналған Қазақ конституциялық-демократиялық партия құру жиналысына қатысқан он сегіз жасар Халел ісімен де, сөзімен де туған халқына қызмет етіп өтті. Халел күрескерлік жолмен ел арасында жүріп, көнеден қалған мұраларды жинауға белсене кірісті. Оның осы саладағы еңбектері кейінгілерге дерек көзі ретінде мол пайдасын тигізді. Х.Досмұхамедұлының осындай маңызды еңбектерінің бірі – қазақ әдебиеті тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі – Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығымен байланысты. Ол 1924 жылы Ташкент қаласында «Мұрат ақынның сөздері» деген атпен жинақ шығарды. Бұл жинаққа өзі алғысөз жазды, ақын шығармаларында кездесетін тарихи атауларға, ру аттарына, топонимикалық атауларға, көне сөздерге түсініктер берді. Жинақтың басты маңызы: бүгін біз білетін Мұрат ақын өлеңдері, толғаулары, дастандары осы Халел Досмұхамедұлы арқасында толық жетіп отыр. Бұл рухани аз олжа емес. Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды. Олардың көбісі заманында «осыларды жинаған Халел Досмұхамедұлы еді» деп айта алмады, заман айтқызбады. Олай деп әділ бағасын беруге мүмкіндік күні кешеден бері ғана туып отыр. Ендігі жерде Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығына қатысты зерттеулерде, ақын өлеңдері енген жинақтарда Халел есімі аталуы тиіс. Х.Досмұхамедұлы Мұрат ақын өлеңдерін жинап бастырумен бірге, ең алғаш оның өмірбаянын да жазған кісі. Мұраттың шыққан тегі, тұрмысы, өлең жаза бастауы, өскен, жүрген ортасы, ақынның алдындағы ұстаз тұтқан өнер иелері туралы деректерді 1924 жылы жарық көрген жинақтың алғысөзінен табамыз. Мәселен, Мұраттың шыққан тегі жөнінде «Мұрат ақын туралы қысқаша мағлұмат» деген алғысөзінде Халел: « Мөңке баласы Мұрат 1843 жылы туып, 1906 жылы 63 жасында опат болды. Кіші жүздегі байұлы беріш деген рудың қаратоқай деген арысынан, аққолы деген бөлімінен болады. Туған жері Орал облысы, Гурьев (Үйшік) уезі, Қарабау деген жер. Жүрген жері – Бөкейлік,Орал, Маңғыстау. Мұраттың ата-тегі мал баққан шаруа қазақ. Туысқан ағасы Матай деген ақын болған. Мұраттың нағашысы адай Азамат, Саламат, Сәмет дегендер заманында айтқыш адамдар екен. Мұрат жасында аз-кем молдаға оқыған, қара танып,хат жазарлық қана оқығаны болған. Мұрат бала күннен-ақ өлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда өлең айтқанды мүсе тұтпай, заманындағы айтқыштардың бәрін айтысып, жеңген. Айтысқа өте шебер болған. Мұраттың өмірінде айтыстан жеңілген орны болмаған» - деп жазады. Халелдің осы алғы сөзін оқып отырғанда, автордың екі мәселеге айрықша назар аударғаны байқалады. Біріншісі – Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы тарихтық негізі бар деректер, екіншісі – ақын өлеңдерінің тілі. Осы көлемі шағын алғысөзден көптеген жер-су аттарын, ру атауларын, адам аттарын оқуға болады. Оны Халелдің өзі де айтып өтеді. Мәселен, ол былай деп жазады «Мұраттың сөздерінде жерлердің аттары көп ұшырайды. Бұлардың көбі ескі аттар. Осы аттардың бір қатары осы күнде Еділ, Жайық алаптарында ұшырайды».

  Жоғарыда жазушы Мұрат өлеңдеріндегі тарихи деректерге мән берген деген болатынбыз. «Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды» - дейді Халел Досмұхамедұлы. Осылай дей келе, ол Мұрат өмір сүрген дәуір мен ақын шығармашылығы арасындағы табиғи байланысты өте білгірлікпен ашып бере алған. Оны Халелдің мына бір пікірлерінен аңғарамыз: «Мұрат бір жағынан өткенді білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын әлеуметшіл ақын. Қазақ елі елдігінен айырылып, «штатқа» көніп, нағыз болдырып тұрған кезде Мұрат өмір сүрді. Мұраттың заманы – бостандық үшін «егескен ердің бәрі жер тіреген» заман. Патша хүкүметінің қазаққа құрған саясатының гүрлеп тұрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы өзгере бастаған, қазақтың бұрынғы кең қоныстан, сүйкімді әдеттен, еркін салттан айырыла бастаған заманы» - дей келіп, ақынның әйгілі «Үш қиян» толғауынан мына шумақтарды келтіреді: 

Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс,Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс.Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай,Біз түгіл осыларды алған қоныс..........................................................................................................................Кемелсіз қонған елін көп тоздырған,Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?........................................................................Кетейін десе жөн таппай, Адыра қалған Үш қиян,Қол ұстасып жүрген жер Мұраттың өлеңдерін талдаудан Халел Досмұхамедұлының қайраткерлігі байқалады. Сыншының ондай қайраткерлігі ақын шығармаларындағы отаршылдыққа қарсы сарындарды талдауынан, саяси, әлеуметтік, қоғамдық пікірлерінен байқалады. Мәселен, ол: «Мұраттың өлеңдерінде патша хүкүметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкүметінің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің қуылғаны,

өлтірілгені анық айтылады» - дейді.

Мұраттың отаршылдыққа қарсылықтан туған шығармаларында, көбінесе, отаршылдардың қазақ жерін тартып алуы, байырғы жұртты ығыстыруы көбірек жырланатын. Өткен ғасырдың екінші жартысында жазылған Мұрат шығармашылығы туралы зерттеулерде осы мәселе үнемі айтылатын. Мұрат ақынның осы ерекшелігін Х. Досмұхамедұлы өте дұрыс байқаған. Халел Досмұхамедұлы Мұрат ақынның өзіндік дәстүрі болғандығын да айтып өтеді. Ал ақынның поэзиясына келгенде: «Өлеңдерінің сырт жағына келсек, Мұраттың тілі әдебиетімізге негіз болған ел әдебиетінің тілі » деп бағалайды.

https://www.zharar.com/kz/referat/9224-murat.html

Мұрат ақын XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақындардың ішіндегі ең көрнектілерінің бірі. Ол 1843 жылы қазіргі Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жерде туған. Мұрат жас шағында әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Болашақ ақын ауыл молдасынан оқып, зеректігі арқасында тез арада мұсылманша хат танып, арабша жазу үлгісін үйренеді. 1860 жылы жілікші ақынмен кездесіп, осы кезден бастап Мұрат айтыс өнеріне машықтана бастайды.1863 жылы Бала Оразбен және Жаскелін мен айтысқа түсіп жеңіске жетеді. Сонымен бірге басқа да ақындар айтысына қатысады, олар: Қалнияз, Жантөлі, Тыныштық Шолпан. Осындай айтыс өнері Мұратты ақындар мектебінің өнері оны шыңдай түседі. Мұрат өзінің бірнеше толғауларын, тарихқа байланысты жырларын өмірге алып келген ақын. Ол өз Отанын жырға қосқан мына толғаулары: «Жалғаншы фәни жалғанда» («Во времени обманном, бреном»), «Әттең қапы дүние-ай» («Омир, суетный, скоротечный»), «Өлім» («Смерть») ал қалған өлеңдерінде батыл, батыр, ержүрек жігіттерді, қалыңдық- қыз келіншектер, бүркітпен аңға шығу, сонымен бірге өмірдің қысқа екені туралы және де өмірдің құбылмалы сәттері көп деп өз өлеңдеріне қосқан.

 Ақын өз өлеңдеріне кітап поэзиясын жырға қосқан ақындардың бірі. Соның бірі «Үш қиян»- бұл өлеңде ақын қарапайым халықтың тұрмыс-салтын, өзінің ішкі ойларын, арман мен үмітінде айтып, жырға қосқан ақынның бірі. Бұл жырда ақынның идеялық ойының өте әсерлі тұстары көп болды. Соның ішінде «Сарыарқа» күйінде халықтың басынан кешкен қиын заманды жырға қосқан. «Қарасай қазы» мен «Қазтуған»батыр туралы айтылып, қазақтың басынан кешкен қиын-қыстау кезеңді жырға қосқан. Бұл жырда батырлардың өз елін қорғаудағы жанын беруге бар екенін суреттейтін тұстар өте көп. Бұл өлең қазақ халқының психологиялық жағынан тілдің, мәдениеттің қалыптасуына бірден-бір ықпал еткен өлең жырдың бірі болды. Ол кісінің қойын дәптерінен табылған мына үш өлеңінде: («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа». Біздің қазіргі күнімізге дейін Махамбеттің өлеңдерін осы өмірге алып кеген ақынның бірі. Мөңкеұлы Мұрат өзінің өлеңдерінде сонау ғасырдан келе жатқан қазақ елінің салт-дәстүрін есте ұстап, өзінің жырларына толық пайдалана білді. Сонымен бірге ол кісі қазақ әдебиетіне озық үлгі тастаған ірі тұлғалардың бірі болды. Мөңкеұлы Мұрат өзінің сол кездегі патша үкіметіне қарсы, қарпайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, ауыр тұрмысын жырға қосқан ақын. Мөңкеұлы Мұрат бұрынғы кезең мен қазіргі кездің қоғамын ашып көрсете білген көзі ашық ақын-жыршының бірі болды.

Мөңкеұлы Мұраттың еңбектері «Мұрат ақынның Ғұар Қазиұлына айтқаны» (Қазан 1908ж), «Ақын» (1912 ж), «Мұрат ақынның сөздері» (Ташкент 1924ж), «Бес ғасыр жырлайды» (1989ж), «Алқаласа әлеумет» (1991ж) т. б. Және де Мөңкеұлы Мұраттың шығармалары орыс тіліне аударылған. Мұрат жас кезінен жиын-тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде «шешен, тапқыр бала» атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын. Оның шығармаларындағы қайшылықтары мен қателіктеріне байланысты дарынды ақынның творчествасы соңғы кезге дейін жөнді бағаланбай келеді. Мұрат Мөңкеұлы 1906 жылы 63 жасында, Жайық бойындағы Өрлік поселкесінде қайтыс болады. Мөңкеұлы Мұрат шығармаларын зерттегендер: Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Б. Омарова, Қ. Мәдібаев, Қ. Жұмалиев.

1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу