Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 21-сабақ.


http://www.melimde.com/kreativti-ojlau-trfisindafi-izerli-izdenister-jene-oni-ozindik.html

КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ІЗЕРЛІ ІЗДЕНІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗІНДІК БЕЛГІЛЕРІ

Р.М. Саламатова Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 

Ғылыми өрісі айрықша өркендеген шығыстың орта ғасырлардағы мәдени-ойшылдық ортасында шығармашылық болмыс және оны дамыту жөніндегі жүйелі ізденіс кең әуже алған. Дүниеауи ғылым арналарын жан-жақты зерделеген ғұлама Әл Фарабидің ғылым шыңындағы асқаралы асуы жантану ілімі. Жан сыры, оның тылсым табиғатын танып білуге талпынған ғұлама адам бойындағы мінез-құлық ерекшеліктерін саралай келе, ізгілік қасиеттердің қалыптасу, даму көздерін айқындады. Жеке тұлға бойындағы сапалық қасиеттерді белгілі бір өлшемдік деңгейдегі психологиялық мәнде қарастырған ғұлама дербес мүмкіндіктерді дамытудың ұтымды амалы ретінде дұрыс басшылық жасау жайына тоқталған. Сана мен жан қуатының әсерінен туындайтын ынта-ықылас пен мінез-құлықтың арасындағы өзара тәуелділік ғылыми негізде жүйеленген. Содан барып таралатын ойшыл әрекеттің үздіксіз жалғастық тауып, дамытылып отыру жағдайында адамның шығармашылыққа икемділігі беки түсетіндігі дәлелденген.

 Адами болмыстың тылсым сырлары, оны рухани жағынан кемелдендірудің ізгі амалдарын жетілдіру бағытында теңдессіз тұжырымдарға қол жеткізген М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Ясауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп мұраларының мән-мазмұны әлі де толық танылып біткен жоқ. Түркі әлемінен бой көтерген ғұламалардың еңбектері негізінен жеке адамның кемел тұлға ретінде қалыптасуы және оны тәрбиелеп дамытудың жолдары жөніндегі бағдарлы идеяларға құрылған. Мәселен, Ж.Баласағұнның кісілік кемелділік жайын толғаған«Құтадғу білік» атты диалогтық жүйеде өргізілетін шығармасында, адам табиғатындағы шығармашылық қабілет жайына айрықша мән беріледі.

 «Өмірді тану ғылым, өзіңді тану өнер» дегендей, шығармашылық тұрғыдан ойлау шеберлігінің ағыс арнасы алдымен адам баласының өзін-өзі және өмір сүрудің мәні мен мақсұтын жете танып білуге, содан барып өзін өзі тәрбиелеуге бағытталуы хақ. Ол А.Ясаудің хәл ілімінде өзіндік жолмен түсіндірілген. Адамның өзін-өзі басқару проблемасын сопылық ілім жүйесімен тарқатқан А.Яссауи еңбектерін түбегейлі танып біле алмай отыруымыздың бір себебі ұлттық ойлау жүйесіндегі ауытқушылықтарға да байланысты. Сондықтан да оның өсиеттерінде тұлға қалыптастырудың әлеуметпен байланыстылығы жөніндегі терең астарлы психологиялық толғаныстардың бүктесіндері толық жазылмаған күйінде тұр.

 Ілкіден бастау алған сол ойшылдық дарияларынан қана нәрленіп, тұлға қалыптастыру жайын өз таным биігі тұрғысынан толғаған Абайдың «Толық адам» ілімі, Шәкәрімнің «Ар ілімі» жалпыадамзаттық өредегі қайталанбас рухани құбылыстар.

 Арғы-бергі ой-толғамдарды бағдарлай келе «шығармашылық» деген ұғымның өзі – адамның ойлау жүйесіндегі дағдыға айналған әрекеттің «табу» түріндегі нәтижесі деген түсінікке саятындығын байыптаймыз. Бұл жөнінде философиялық түсіндірме сөздікте «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деген анықтама беріледі.

 Осылайша уақыт көшінде толассыз зерттеліп зерделеніп, заманауи тілімізде «креативтілік» деген жаңа тұрпатты атауға ие болғанымен, оның «шығармашылық болмыс» түріндегі төл табиғаты өзгеріссіз қала бермек. Түркі жұртының рухани-ойшылдық әлеміндегі тамыры кеңге жайылғандығына қарамастан, қазіргі таңда бұл «креативтілік» ұғымының шығу төркіні еуропаға тән сияқты сезілуі де орынды. Отаршыл саясаттың пәрменімен тарихи жады, ұлттық ойлау жүйесінен күштеп адастырылған қазақ халқы үшін бұл кешірімді де. Сондықтан да кез келген мәселені ұлттық таным көзқарас тұрғысынан талғап барып, танып білуге түпкілікті дағдыланған жағдайда, әлі де талай жоғалтқандарымызды түгендеп, барымызды етене тани түсерімізге күмән жоқ.

 Болмаса, «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген қағидасымен білім мен тәрбиенің біртұтастық мәнін ұғындыратын Әл-Фараби пікірінің өзінен-ақ осы шығармашылық дағдыға тән басымдықты пайымдауымызға болады. Ой көзімен қараған болсақ, бұл жердегі сабақты ойдың желісі «білім» сөзіне байланысты. Абайда «нұрлы ақыл» және «суық ақыл» деген терминдер бар. Қайрат, ақыл, жүректің бірлігінен бас құрап шығатын білім қоры ойшыл-ақын тұжырымында «нұрлы ақыл», ал енді ол қайрат пен ақыл екеуінің шеңберінде қалып қойса «суық ақылға» жатқызылады. Олай болса, адам бойына қатталып-жиналған білім қорының өзін «нұрландырып», ізгілендіретін, гуманитарландыратын, іргелендіріп, ілгерілететін - тәрбие қуаты. Мәселен өркениеттің дамуына кері әсерін тигізетін небір жойқын құралдар адамзат баласы, оның ішінде оқыған-тоқығаны мол, асқан білімдар жандардың қолынан келетін шаруа. Ең қарапайым деген дәлелдерді келтірер болсақ, Макаров пистолеті, Калашников автоматы, болмаса, тіпті ядролық қару түрлерінің барлығы да білімнің нәтижесінде пайда болатын өнімдер. Ал енді сол оқымыстылардың бойға сіңірген білім қорын басқаша бағытта тәрбиелеген жағдайда, яғни білім жүректің деңгейіне көтерілгенде, олардың тарапынан керісінше адамзат қоғамына игі әсерін тигізетін жаңалықтардың туындауына күмәніміз болмас еді. Түйіндеп айтқанда, шығармашылық дағдыны дамыту дегеннен гөрі дағдыны тәрбиелеу дегеннің мәні тіпті басқа. Өйткені дамуға оң да сол да қатысты, оған дұрыс да, бұрыстық та тән. Ал тәрбие бірыңғай оң бағыт, дұрыс ұстаным, ізгі мақсатқа негізделуімен айрықша.

 Ұлтымыздың ойшыл-ақыны Абай өзінің жантану бағытындағы ізденістерден бекіген ой-толғамдары арқылы шығармашылық тұлға қалыптастырудың ғылыми концептуалдық жүйесін жасаған. Адам жаратылысындағы жан құмары мен тән құмарының өзіндік белгілері және олардың көзін ашып, дұрыс жолға ыңғайлаудың ғылыми методологиялық мәні әлі өз деңгейінде ашыла қойған жоқ. Мәселен санадағы білімнің беріктігін қамтамасыз ететін якини және таклиди әдістің өзара айырмашылығы жөніндегі таным сарасы осы шығармашылық тұрғыдан ойлаудың жайымен қабысып жатқан соны көзқарас.

 Ал ұлттық оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізуге байланысты ұлттық педагогиканы қалыптастырудың платформасын жасаған М.Жұмабаев: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс» деген пікірі арқылы бала қиялының қанаттануына, ойының ұшқырлануына, талғамының тереңдеуіне қоршаған орта әсерінің маңызын атап көрсетеді. М.Жұмабаев сөз еткен жан қуаттары біздің зерттеуімізге арқау болып отырған тұлға бойындағы креативтілік шеберліктің қалыптасып, ұшталуына әсер ететін ықпалды күштердің көрсеткіштері болып саналады, яғни креативті ойлаудың ең бастапқы тетіктері қоршаған ортаның тынысы арқылы таралатындығын аңғарамыз. Ұлттық дүниетаным шеңберіндегі ойлауды дамытудың ғылыми тетіктері мен жүйелеріне қатысты тұжырымдарды саралай келе мәселенің түпқазығы білім берудегі дербес ойлауға дағдыландыруда екендігін пайымдаймыз.

 Креативтік шеберлік тұрғысынан ойлау әрекетінің маңызы мен ролін Шәкәрім поэзиялық үлгіде былайша өрнектейді. Негізі ақыл мен ойдың табиғаты өзара бөле-жарып қарауға келмейтін біртұтас, өзара сыңарлас. Ақыл мен ой күллі мақұлық атаулының ішінде адам затының табиғатына ғана тән құбылыс деген тұжырым түбегейлі орныққан. Бұл жөнінде «Малда да бар жан мен тән, ақыл, сезім болмаса» дейтін Абай ғұламаның айтатынындағы «ақыл» - адамдағы ой қимылының, ойлау әрекетінің нәтижесі. Сол заттық мәндегі ақылды туындатудағы ой әрекетінің маңызы Шәкәрімде былай баяндалған:

Ойлаңыз ақыл, білім қайда болмақ,

Денеде қандай орын, жайда болмақ?

Білу, нану, ұнату - ақыл ісі,

Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Тән –сезіп, құлақ –естіп, көзбен көрмек,

Мұрын – иіс, тіл – дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.

Демек сыртқы бес сезім қуаты арқылы ішке енетін нұсқалар мидағы ойлау қуатының күшімен өзінің әуелгі сапасын өзгертіп, ақыл түріндегі сапаға айналып шығады. Ақылдың да өсіп, өніп отыратын жанды құбылыс екендігі жөнінде Шәкәрім: «Ақыл деген денеге егілген дән, суғармаса кірмейді оған да жан» деп келістіре суреттейді. Сол «суғару» міндеті жаратушының құзырымен ойдың еншісіне жүктелген.

Қазіргі кванттық механика заңдылықтарына ден қойған заманауи ғылым өрісінде жалпы ойлау ұғымына қатысты сан алуан тың түсініктер туындап жатыр. Солардың барлығын кеңінен саралай келе төмендегідей тұжырымдар түйінделді. Ойлау дегеніміз – әлеуметтік жағдайлармен терең ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық үдеріс. Сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау жаңа білімді, шығармашылық белсенділіктің соны формаларын және адамның нақты жағдайларды қайта құру әрекетін туғызады; ол сол сәттегі нақты жағдайда, субъектіде жоқ нәтижелерге әкеледі. Және бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі.

Ж.Аймауытұлы «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген енбегінде «орташа ақыл мен күшті қайрат қосылса, адам талай қызметті орындауға қабілетті болады, әсіресе, қайраты қуатты, жүйелі болып келгенде, бұл қасиеттері болмаса, қандай күшті талант дарыған адам болса да, үздік талантына лайықты қызмет істеп, өзін-өзі көрсетіп, жарқырап шыға алмайды» – дейді. Осы ой байламы арқылы автор шығармашыл тұлғаның бойындағы дарын қуаты, я болмаса айрықша дамыған дағды болсын ол қайраттылықпен, табандылық, жігерлілікпен ұштасып жатпаса айтарлықтай нәтиже бере қоймасын атап көрсетеді [3].

 Бірқатар ғылыми еңбектерде креативті ойлау ерекшеліктеріне тән еркешелік ретінде «өнімді ойлау» терминіне тоқталғандар да бар. Мәселен 3.И.Калмыкованың: «өнімді ойлау – ой әрекетінің ерекше түрі, оның нәтижесінде басқалардан бөлек өзіндік, субъект үшін принципті түрде жаңалық деңгейі жоғары жаңа нәрсе пайда болады» деген тұжырымдамасы бар. Бұл процестің өзгешелігін, оның субъективті жаңалығын, ойдың дамуына ықпалдылығын айрықша бөліп қаратырушылар соңғысын жаңа білімге нақты қадам жасауды қамтамасыз ететін шешуші буын деп есептейді. Мәселеге салыстырмалы аналитикалық тұрғыдан келсек репродуктивті әрекет негізінде бір ғана нұсқа – әрқашан белгілі нәтижеге жеткізетін істі нақты орындау жатады. «Шығармашылық емес жұмыстар, негізінен сырттан таңылады және ішкі импульс оған әсер етпейді, ал креативтік қызмет өзін-өзі туғызатын еркін қалыптасқан мақсаттар, әдістер және өзін танытудың құралы» .

 Креативтіліктің ең айтулы қырларының бірі - мақсаттылық, яғни белгілі деңгейде көзделген мақсаттың қойылуы және оған жетудің жолдарына жан-жақтылықпен мән берілу. Осындағы мақсат дегеніміздің өзі проблемаларды қоя білу, оны шешудің ұтымды жолдары және динамикасы сияқты мәселелердің ауқымында айқындала отырып, ойлаудың жаңашыл бағыттарына жол ашу деген сөз.

Сонымен креативтілік – дәстүрлі ойлау жүйесінен оқшау, әдеттегіден өзгеше бір идеялар туғызатын, проблемалық жағдайларды тез ыңғайластыру барысында танылатын қабілеттілік. Креативтілік сипаттағы шығармашылық қабілеттің қалыптасуы үшін оқшау ойлау және тұлғалық қасиеттер жиынтығының дағдыға айналдырылуының маңызы орасан.

Бүгінгі таңда креативтіліктің табиғатын айқындайтын таным-көзқарастардың кеңдігін және жан-жақтылығын аңғардық. Сондықтан барлық зерттеушілердің таным көзқарастарын ортақтастыратын, олардың барлығын дерлік қанағаттандыратындай бірегей, жинақтаушы анықтама берудің мүмкін емесіне көз жеткіздік. Тек орын алған пікір көзқарастардың бірқатары креативтілікті өнімділік ұғымында, іс-әрекет нәтижелері ретінде ұарастырса, енді біреулері үдеріс сипатындағы тұлғалық қасиеттер негізінде пайда болатын құбылыс деп ұйғаратындықтарын саралап білдік. Бір авторлар «креативтілікті» қабілеттің сирек кездесетін арнаулы түрлерінде ғана кездесетін бірегей қасиет ретінде бағаласа, енді бір тобы барлық адамдарда қалыптасатын жалпы креативтік қабілет дейді. Креативтілікті жалпы қалыптасқан әдістерге қарағанда бөлек көрінетін, бағыныштылыққа қарама-қарсы деп қарастыру жайының бары да байқалады.

Сонымен, креативтілік дегеннің өзі аса күрделі феномен болғандықтан, оны бір ғана негізгі сипат белгілерімен анықтап қоя салу мүмкін емес. Себебі креативтілік өмірдің сан тарау тармақтарының барлығында тұтас көрініс тауып отыратын жаңашылдық құбылыс. Ал кез келген құбылыстың тәрбиеге негізделген білім, яғни дұрыс қалыптастырылған дағдының негізінде пайда болатындығына қарсы пікір тумаса керек. Ал білімнің өзі ойлау арқылы жүзеге асырылатын процесс десек, оның жүйелілік сипаты тек біржақты оқу үдерісінде ғана емес, сондай-ақ қарым-қатынас түрлерінің алуан түрлі тармақтары арқылы жүзеге асырылатыны мәлім. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу