Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 16-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ : № 16

Мектеп:

Пән: қазақ әдебиеті

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

8.А/И1.Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақ мақсаты:

Толғау композициясын жан-жақты талдайды.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, өнер пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Бейнеролик пен слайд

Бағалау критерийі:

Толғау композициясының құрылымдық бөліктерінің мәнін ашады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Атымтай Жомарт, нөкер сайлау, шүлеңгір мырза атану, дұшпаннан кек алу Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

  • Бір-біріңізге «Көңілді доп» ұсыну арқылы өткен сабақтағы жыраудың арманын айтып шығыңыздар. Мысалы, күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді міну; күдеріден бау тағып, ақ кіреуке кию; т.б.

Сабақтың ортасы

5 мин

2+6 мин

 10+8 мин

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

  • тапсырма Ж.

Толғау мәтініндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен көз жүгіртіп қарап шығыңыздар.

Сөздік:

Желі  –  құлындаpды байлау үшiн екi қазыққа кеpе таpтылған аpқан.

Жомарт Атымтай  – Шығыс фольклорында  өзінің қайырымдылығы мен жомарттығына сай аты жайылған, халық жадында құрметпен әспеттелетін адам.

Нөкер – хан мен бек, сұлтандаpдың қасында жүpетiн қошеметшiсi, қызметшiсi, сеpiгi. 

Ойпаң жер – төмен, ойлау жеp.Қыраң жер  – сәл биiктеу, дөңес жеp; қыpат.Барақ  – жүні ұзын, жүндес ит. 

2-тапсырма Ж.

«Блум түймедағының» әр күлтешесі ретімен толғау мазмұнын айтып шығыңыз. Толғау композициясында қандай ерекшеліктер болатынын байқадыңыздар?

3-тапсырма ЖЖ.

https://bilimland.kz/kk/content/structure/1178xv_xviii_hh_zhyraular_poehziyasy#lesson=8001

сайтынан толғаудың жалғасын (02.53-04.18 дейін) тыңдаңыздар.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Халықтың бейбіт, бақытты өмірін жырау қалай елестетеді?
  • Жыраудың

«Қиуадан ақыл алатын,Қияннан айла табатынЕрлерден салсам нөкердіДұшпаннан кекті алатын!» деуінің мәні неде?

  • Толғаудағы ұлттық ұғымға тән ерекшеліктерді атаңыз.

4-тапсырма ТЖ.

Толғау мазмұнын (өткен сабақтағы үзіндіні қоса алып) «ұстаным», «мүдде», «қажеттілік» формуласы бойынша жинақтап, автордың арманды сұрақтарына түйінді пікір білдіріңіздер.

Тапсырма орындауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топ өз пікірін қорғайды. Басқалары келісетін/келіспейтінін дәлелмен түсіндіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Оқушыларға дайын сөздік ұсыну арқылы тапсырманы орындауда қолдау көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз білім деңгейін көрсете алады, жауапкершілікті сезінеді.

Мұғалім ұсынған бағалау критерийіне сүйене отырып, жекелеген оқушылар мен ерекше жауап берген топтарды стикер арқылы бағалайды.

Сабақ жоспарын құру үшін тарих пәні мұғалімдерімен кеңескен дұрыс.

Берілген тапсырмалардың оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіретіні жоқ.

Оқушылар өздерін еркін сезіне алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу